Генетика бүкіл тірі организмдерге тән қасиеттер-тұқымқуалаушылық пен



бет1/2
Дата01.10.2023
өлшемі19,45 Kb.
#112129
  1   2
Байланысты:
генетика


Генетика бүкіл тірі организмдерге тән қасиеттер-тұқымқуалаушылық пен
өзгерткіштікті зеттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгерткіштіктің заңдылықтарын ашып
және оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы үлкен роль атқарады. Сондықтан да ол биология ғылымының басқа салаларынның арасында маңызды орын алады.

Жер бетіндегі тірі материяның дамуы, оладың үздіксіз ұрпақ
алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік-организмдердің көбеюімен
тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда ұрпағы белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады.

Мұны тұқымқуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері
мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде беріліп отырады. Басқаша
айтқанда ұрпағы белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып келеді.
Бірақ, олардың арасында толық ұқсастық ешқашанда болмайды. Бір ата-анадан
тарайтын ұрпақтың бір-біріне қандай болмысын белгі –қасиеттінде
айырмашылығы да болады.

Организмнің тұқымдаушылық қасиеті өзгермейтін нәрсе емес. Ол сыртқы
орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны өзгергіштік деп
дейді.. Организмнің көбею барысында бір белгі қасиеттердің тұрақты түрде сақталуына қатар екінші біреулері өзгеріске ұшырайды. Соған байланысты олар өзгеріп, түрленеді..

Тұқымқуалаушылық пен өзгерткіштік бірімен-бірі қатар жүретін, бір
жағынан бір-бірімен қарама-қайшы болса да олар өзара тығыз байланыст
процестер.

Оpганизмдеpдің тұқымқуадаушылығы мен өзгеpгіштігі туpалы ғылымды
генетика деп атайды. Грекше genesis –шығу тегіне тән. мұндай атауды 1906
жылы ағылшын оқымыстысы В. Бетсон ұсынға болатын.
Генетика даму тарихы

Тұқымқуалаушылық жайлы алғашқы түсініктер көне дәуірдегі ғалымдар- Демокрит, Гиппократ, платон, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі.. Бұдан кейінгі маңызды орын алатын Ч.Дарвиннің пангенезис теориясы. Бұл теория бойынша өсімдіктер мен жануарлардың барлық клеткалары өзінен ұсақ бөлшектер-геммулалар бөліп шығарады. Ал ол геммулалар репродуктивтік органдарға өтеді де, солар арқылы белгілер мен қасиеттер ұрпаққа беіледі. Дарвин кейде гаммулалар «мүлгіген жағдайда» болып еткен алыс ата-ана тентектерінің белгі-қасиеттері қайталана алады деп есептеді.


ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында пангенезис теориясын А.Вейсман өткір сынға алды. Ол организмде тек қана жыныс клеткаларында кездесетін ерекше тұқым қуалайтын заттың болатындығы туралы гипотеза ұсынды. Оны «ұрық плазма» деп атады. А.Вейсман сол кездегі кейбір цитологтар айтқандай тұқым қуалайтын материал клетканың ядросында болатын зат, яғни хромосом оларда жинақталады деген көзқарасты дамытты.
Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаіалықтар себепкер болды. 1865 жылы чех ғалымы Грегор Мендельдің «Өсімдік гибридтерімен жүргізілген тәжірибелер» деген еңбегі жарық көрді. Сөйтіп, Мендель шын мәнінде генетиканың негізін салушы болып есептеледі. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтарға соның ішінде Ч.Дарвинге де танымал болмай келді. Дегенмен, Мендельден бұрында тұқымқуалау заңдылықтарына көңіл аударған ғалымдар болды. Олардың ішінде О.Сажре, И.Г.Кельрейтер, Т.Э.Найт, Ш.Ноден, Дж.Госстарды атауға болады. Бірақ олардың жүргізген тәжірибелері Мендель зерттеулеріндегідей аса терең, белгілі бірмақсат көздейтіндей болған жоқ және алынған деректерге нақты өсеп жүргізілмеді.
Г.Мендельдің негізгі бір жетістігі ол дискретті факторлардың тұқым қуалауы жайлы болжамын дәлелдеу үшін гибридологиялық талдау тәсілін қолданды. Мендель ашқан
тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды, себебі үш елдің ғалымдары-Голландиялық –Де-Фриз, Германиялық-К.Корренс және Австриялық Э.Чермак әртүрлі объектілермен тәжірибелер жүргізіп, нәтижесінде Мендель заңдарының дұрыс екендігін дәлелді. Көп кешікпей бұл заңдылықтардың жануарларға да тән екендігі анықталды. Оны 1902 жылы У. Бетсон тауықтардың айдары пішінінің, ал Кюэно үй тышқандары күндерінің ақ және сүр түстерінің тұқым қуалауы мысалында көрсетті. 1909 ж. У.Бетсон өсімдіктер мен жануарлардың әрқайсысының 100 шақты белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сәйкес жүретіндігін дәлдейтін ғылыми деректерді жариялады. Сөйтіп Мендель ілімі ғылымнан берік орын алды.
1909 ж. Данич оқымыстысы В.Иогансен биологияда аса маңызды болып есептелетін ген/грекше пепо –тек, шығу тегі/, генотип және фенотип деген ұғымдарды қалыптастырды. Сол кезде /1901/ Голландия оқымыстысы Да Фриз организмнің тұқымы қуалайтын қасиеттерінің өзгеретіндігін көрсететін мутациялық теориясын ұсынды.
Генетика тарихындағы шешуші бір кезең- Америка генетигі әрі эмбрологы Томас Морганның /1866 -1945/ және оның ғылыми мектебінің тұқым қуалаушылықтың хромсомдық теориясын ашуымен тығызбайланысты. Жеміс шіркеймен жүргізген эксперименттердңі негізінде Морган өзінің шәкірттері К. Бриджес, А. Стертевант, Г. Меллерлермен бірге хомосомалардың бойында гендердің орналасуы реті жайлы ұғымды қалыптастырды және тұқым қуалайтын информацияны алып жүретін ген туралы теорияның алғашқы үлгісін жасады.
Тұқым қуалайтын өзгерткіштік туралы ілімді дамытушыы Совет оқымыстыы Н.И.Вавилов /1887-1943/. Ол 1920 жылы тұқым қуалайтын өзгерткіштің гомологты қатарлары заңын қалыптастырды.
Ген теориясын дамыту А.С. Серебровский мен Н.П.Дубиннің эксперименттік және теориялық жұмыстарының үлкен маңызы болды.30-жылдардың бас кезінде олар тұңғыш рет ген құрылысының күрделі екендігін оның түрлі бөлшектерге бөлінетіндігін дәлелдеді. Сөйтіп, хромосомдық теориядағы генді ең ұсақ, бөілнбейтін тұқым қуалайтын материал деп қарастыратын теріс ұғым жоққа шығарылды.
Генетика тарихындағы үшінші кезең 1953 жыалдан басталады. Ол химия физика, маьематика кибернетика т.б. сияқты нақты жыладардың зертелу әдістері мен принциптерінің пайдалануымен байланысты. Биологиялыық зерттеулерде электрондық микроскоп, рентгенструктуралық анализ, ультроцентррифуга, фотометрлер, радиоактивті изотоптар, витаминдер, ферменттер, аминқышқылдарының таза препараттары кеңінен қолданыла бастады. Сөйтіп, тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздерін зерттеу малекулалық деңгейде жүргізілетін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет