10 Дәріс: Микроорганизмдер генетикасы


Дисбактериоз қалыптасуына әсер тетін факторлар



бет5/8
Дата07.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#48118
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Микроорганизмдер экологиясы

Дисбактериоз қалыптасуына әсер тетін факторлар

  • антибактериялық емдік препараттарды, әсіресе антибиотиктерді ретсіз қолдану.
  • су, топырақ, ауа құрамындағы улы заттар.
  • тағамдық ереженің бұзылуы
  • иммунды тапшылық туғызатын ішкі ағзалар аурулары (қатерлі ісіктер, эндокриндік бұзылыстар, ауыр операциялар т.б)
  • радиациялық сәуленің әсеріне шалдығу т.б

Дисбактериоз кезінде байқалатын клиникалық өзгерістер

Инфекциялар дамуы, диарея (іш өту), іш жүрмей қалу, гастрит, колит, ойық жара ауруы, қатерлі ісіктер, аллергия, несеп-жыныс жолдарының аурулары, кариес, артрит, бауырдың зақымдануы, гипо- және гиперхолестеринемия, гипо- және гипертензия және т.б.

Дисбактериоз түрлері (классификациясы):

  • этиологиясы яғни себепкер микробы бойынша (стафилококкты, кандидалы, ассоцияланған т.б)
  • компенсациялану дәрежесіне қарай (компенсацияланған, субкомпенсацияланған, декомпенсацияланған).
  • клиникалық көрінісі бойынша (латентті, жергілікті, кең жайылған –бактеремиямен асқынатын)
  • шартты-патогенді микробтар (ШПМ-УПМ) санына қарай дисбактериоздың 4 дәрежесін анықтайды.

Дисбактериоз диагнозын қою әдістері:

  • зерттелетін заттардағы микробиоценоз өкілдерінің түрлік құрамын және санын бактериологиялық әдіспен анықтау. Ол үшін зерттеу затын сериялық сұйылтып тиісті аэробтарға сеуіп, таза дақылын бөліп алып, түрлерін, патогенділігін және 1 мл/г заттағы санын анықтап ақырғы диагноз қойылады. Бұл- негізгі әдіс.
  • қосымша әдіс ретінде зертелетін заттар құрамындағы микробтық метаболиттерді –дисбиоз маркерлерін (майлы қышқылдар және олардың гироокисі, майлы қышқылды альдегидтер, фременттер т.б) анықтау.

Емдеу үшін қолданылады:


Эубиотиктер

Пробиотиктер

Пребиотиктер

Қалыпты микрофлора құрамына кіретін антогонист микробтардың биологиялық белсенді штамдарынан дайындалатын препараттар (коли бактерин, бифидумбактерин, лактобактерин, бификол т.б

Ішек микробтарының балансын жақсарту арқылы микроорганизмге қолйлы жағдай туғызу үшін кез –келген пайдалы тірі микроорганизмдерден дайындалған тағамдық қоспалар (биологиялық активті қоспалар –БАҚ-БАД). Мысалы ашытқы саңырауқұлақтар, эшерихиялар, бациллалар т.б.

Қалыпты микрофлораның өсіп өнуін және белсенділігін арттыру арқылы иесінің организміне қолайлы әсер ететін, қорытылмайтын (сіңірілмейтін) тағамдық препарат. Мысалы: инулин,олигофруктоза т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет