Билікке ұмтылу Билік үшін күресу Партиялық жүйелер – дегеніміз саяси билікті жеңіп алу, ұстап қалу және іске асыру мақсатымен құрылған партиялардыңбірлестігі.
Партиялық жүйелер
көппартиялық
екіпартиялық
бірпартиялық болып бөлінеді.
Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделер мен пікір алуандылығын қоғамның одан әрі алға басуына пайдаланатын қоғамдық басқару түрін айтады. Осындай жүйе парламенттік мемлекеттерде кең тараған, Мысалы; Италия, Испания, Германия т.б.
Екіпартиялық жүйеде – саяси жүйеде басқа да кішігірім партиялар болғанымен, өкімет үшін күрес екі үстем және ірі партияның арасында жүргізіледі. Осы жүйе ең тиімді болып саналады. Бір жағынан бір-бірімен бәсекелескен партиялар сайлаушылардың дауыстарына ие болу үшін олардың мүддесі мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға барлық күш жігерін салады. Осы жүйенің негізгі үлгісі АҚШ-да және Ұлыбританияда қалыптасқан. АҚШ –да Демократиялық және Республикалық партиялар болса, Ұлыбританияда Лейбористер мен Консерваторлар бір-бірімен билік үшін күрес жүргізеді.
Бірпартиялық жүйеде – мемлекеттің саяси жүйесінде билеуші доминантты партиядан басқа партия болмайды. Бұл партиялық жүйе көбінесе тоталитарлық қоғамдарға тән.
АҚШ ң партиялық жүйесі
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе билікті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: -Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан мүддесіне сай басқа да адамдармен топтасады. -Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады. -Ұлттық мәселелердің шешілмеуі де себеп болады.