Cабақтың тақырыбы: Экскурсия және сендірудің бала дамуындағы рөлі.
Жоспар:
1. Бала психологиясын қалыптастырудағы тәрбие әдістерін қолдану.
2. Тәрбие әдістерін қолдануда педагогикалық және психологиялық талаптар ескерілуі.
Оқушыларға ықпал етудегі қайнар көздерінің арасында ең маңызды рөл педагогтің үлесіне тиеді. Мұғалім тәрбиеленушінің мінез-құлқына, іс-әрекетіне, сезіміне, санасына қандай тәсілдермен әсер етеді? Барлық мұғалім жолын енді бастағандар қарым-қатынас жасай алу икемділіктерін өздері жасай ала мҚарым-қатынаста екі негізгі тәсіл коммуникативтік ықпал жасайтын қабылданған, яғни сөздің көмегімен әсер ету: сендіру мен иландыру.
Өсіп келе жатқан адам әлеуметтік ортамен, табиғатпен өзара байланыста болады. Өзара байланыс нәтижесі оның сенімі болып табылады, яғни білім жүйесі, көзқарастары мен қарым-қатынасы, мінез-құлық нормалары.
Сенім шынайы және жалған болады. Шынайы сенім шынайы дүниемен сәйкес болады және адам тұлғасын қоғамдық құндылық ретінде қарастырады. Адам өзінің шынайы сенімін қорғау үшін өлімге де басын тігеді. Жалған сенім, ең алдымен ұжымға да зиянды және қоғамға да. Бұл өзінің және басқалардың жағымсыз көзқарастарынан жәнеөмірлік тәжірибе синтезінен пайда болады.
Біз мектеп оқушыларының жалған сенімдерімен жиі кездесіп отырамыз. Біз оларды тани аламыз ба?
Жалған сенімді жөндеу педагогтың табанды еңбегін қажет етеді. Оны үш бағытта жүзеге асыруға болады: сынып ұжымында қоғамдық пікір қалыптастыру, арнайы құнды дербес өмірлік тәжірибе жасау, дұрыс емес сенімнің жалған екендігін білдіру, дәлеледеу.
Ең алдымен күшті ұжым құруда алыс, орта, жақын перспективаларды оның дамуына бағыттау керек. Әрбір тәрбиеленушінің ұнамды жақтарына сүйене отырып, педагогқа өмірлік сенімді жоюға қадам басуы жеңілдеу болады. А.И.Кочетов жалған сенімді әлсіретуге төмендегі тәсілдерді бөліп қарастырды:
жеткіншекті өзін басқалармен салыстыруға үйрету: оны өзі қызығатын адаммен жақын таныстыру, ол оның көзқарастарына қарама-қарсы болуы керек (мысалы, бала оқығысы келмейді, ал оның танысы көп біледі, көп оқиды, жаттанды түрде емес, өзімшіл емес. Міне осыдан кейін ол жаттап алмайтын, білгішсінбейтін болады);
жалған сенімнің ертең қайда апарып соғарына мысалдар келтіру (мысалы, осындай кемшілігі бар адамдардың қайғылы жағдайға тап болғаны туралы, оның өз өмірін құртқандығы, бостандық, сертінен, ұятынан айрылғандығы, ол күшті сияқты еді бірақ өмір оның әлсіздігін, түкке жарамсыздығын дәлелдеді. Бұл үшін мысалдарды шынайы өмірден, көркем әдебиеттен, кинофильмнен алып қолдану керек.)
жалған сенімдегі жасөспірімнің пікірлерінің логикасының қисынсыздығын аңғарту (мысалы, барлық оқушылар ұстаздарын алдай берсе, ақыры не болатындығын, өзін-өзі ұстай білу қағидаларын сақтамаса , орындамаса не боларын сездіру және т.б.);
тәрбиеленушіге өзінің мінез-құлық әрекеттерін дәлелдеу үшін жағдай жасау, яғни өз пікірін, көзқарасын фактілер келтіріп, дәлелдеу үшін жағдай жасау, онан соң әрбір аргумент, дәлелдеулерді жоққа шығару.
Жалған сенім шындықпен, адамгершілікті жағдайлармен, құндылықтармен орын алмасуы керек. Жалған сенімді жөндеуде қолданылады:
жеткіншек рухани өмірде құндылықтармен бетпе-бет келуі: күшті болғысы келеді, сүйікті спорт түрімен айналысу, бұл үшін күн тәртібін орындау керек, жақсы оқу керек; үйірмелерге жазылу керек.
Мұғалімнің жалған сенімдегі жеткіншектің мінез-құлқына шыдамдылық көрсетуі: оның дөрекілігіне мұғалімнің ұстамдылық пен әдептілік көрсетуі, жеткіншектің дербес ерекшелігіне құрметпен қарауы;
Жеткіншекке сеніммен қарай білу, ол дұрыс емес қылықтар көрсетсе де (“Мен саған қалай көмектесе аламын? Жағдайыңның нашар екендігін көріп тұрмын!”);
оқушылар санасына шын сенімді орнықтыру үшін оқытушы жауапкершілікпен жұмыс істеуі қажет. Бұл оның міндетті тапсырмаларының негізін құрайды. Ол үшін оқушылар ұжымында, сыныбында: дұрыс пікір қалыптастыру қажет, өмірлік тәжірибе талап етіледі, жалған сенімді жоққа шығаратын логикалық дәлелдер қажет болады.
Адам сенімі үш компоненттің көмегімен жүзеге асады: білім – сезім – мінез. Жоғарыдағы тәжірибе және дәлелдерге сүйене отырып, сендірудің формуласын төмендегідей сипаттау мүмкін: Сенімнен формула келіп шығады: түсіну – бастан өткізу – қабылдау – жасау , яғни түсінемін, сезінемін (басымнан өткіземін), өзіме қабылдаймын, осыны өз іс-әрекетімде және мінез-құлқымда басшылыққа аламын.
Достарыңызбен бөлісу: |