10-дәріс тақырыбы: Жерлес жазушылар Қалмұхан Исабаев, Ахат Жақсыбаев және Рамазан Тоқтаров творчествосы турасында


Қозғамбаева Г.Б. Ұлы ғалым, геолог – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев // «edu.e-history.kz» № 1 (09)



бет8/15
Дата05.06.2023
өлшемі100,43 Kb.
#98873
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Дәрістер. Аймақ.тұлға тану

4. Қозғамбаева Г.Б. Ұлы ғалым, геолог – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев // «edu.e-history.kz» № 1 (09).


5. Сәтбаева Ш. Сәулелі әулет - Алматы: Қазақстан, 1996. - 175 б.


13- дәріс тақырыбы: Әлкей Марғұлан әлемі
Әлкей Хақанұлы Марғұлан ( 1904 - 1985)Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Казақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).1904 ж. 11 мамырда Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келген.
Əкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы. Əлкейдің əкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыздарын білген, үйде халық əндері мен Абай əуендері жиі шырқалатын. Əлкей бес жасында оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа білген. Хақанның шаңырағында белгілі ақын, ғалым Мəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ даласына белгілі басқа да адамдар жиі бас қосқан. Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды.
1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасыңда гимназияда оқу мақсатымен Екатеринбург қаласына сапар шегіп, алайда Азамат соғысының кесірінен оқи алмай қалады. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, белгілі əнші Майраның үйінде тұрады. 1920 жылы курсты бітірген соң туған ауылына оралып, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1921 жылы Əбікей Зейінұлы Сəтбаев сынды белгілі қазақ ағартушысы директор болған Семей техникумына оқуға түседі (1939 жылы Əлкей Хақанұлы Ə. Сəтбаевтың қызы Раушан Əбікейқызына үйленді). Семейде оқып жүрген кезінде Əлкей Хақанұлы «Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінің редакцияларымен байланыс жасап тұрады. Осында ол Мұхтар Омарханұлы Əуезовпен танысады, екеуінің арасындағы достық ұзақ жылдарға созылған сыйластық қарым-қатынасқа айналады. М. Əуезовпен бірге Абайдың туған жеріне, Шыңғыстауға барып, Абайдың баласы Тұрағұлмен жəне Абай əндерін тамаша орындайтын Абайдың немересі Жəбірейілмен таныс болады.
Осы жылдары Əлкей Хақанұлы атақты қазақ ақыны Мағжан Жұмабайұлымен танысып, достық байланыста болады. М.Əуезовтің кеңесі бойынша, 1925 жылы Əлкей Хақанұлы Ленинградқа сапар шегіп, 1925—31 жж. арасында Шығыс институтының əдебиет факультетіне түсіп, бір уақытта Ленинград университеті жəне өнер тарихы институтының дəрістерін тыңдайды. Түркітанушы Е. Бертельстің, арабтанушы, Құран Кəрімнің аудармашысы жəне білгірі И. Крачковскийдің, эпостанушы В. Жирмунскийдің, академиктер К. Розановтың, Е. Тарленің еңбектерімен танысады.
Ғылым негіздерін табысты игере отырып Ə. Марғұлан Ленинградтың бай мұрағаттарынан бірнеше қайнар бастауларды зерттейді, қазақ халқының мəдениеті мен тарихы бойынша əдеби жəне архивтік материалдарды жинаумен шұғылданады. Осы жылдары ол əдеби шығармашылық қызметке де ден қояды. Оның аудармасы арқылы қазақ оқырманы алғаш рет атақты орыс жəне шетел жазушыларының шығармаларымен танысады.
Ленинградта Əлкей Хақанұлы А. Затаевичпен танысып, онымен бірге туған өлкеге келеді, атақты музыкатанушы көптеген қазақтың халық əуендерін жазып алды. 1926-1927 жылдары академик А. Ферсман жəне профессор С. Руденко жетекшілігімен одақтас жəне автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі ерекше комитеттің қазақстандық жəне алтайлық экспедицияларына қатысады.
Ə. Марғұланның қазақ халқының мəдениетін жəне наным-сенімін, ғұрыптары мен салт-дəстүрлерін білуі экспедицияның антопологиялық отрядының жұмысына үлкен практикалық көмегін тигізеді. Əлкей Марғұлан экспедиция материалдары негізінде найман мен адай тайпалары туралы алғашқы ғылыми еңбегін жазды.
1929 жылы Əлкей Марғұлан Шығыс институтындағы оқуын бітіріп, Абай шығармашылығы туралы дипломдық жұмысын табысты қорғап шықты. Ə. Марғүлан өзінің кандидаттық диссертациясына аз зерттелген жəне уақытында үлкен ғылыми қызығушылық тудырған: «Паузе жəне жарлықтардың, тағылған атақтардың тарихи мағынасы» мəселесін таңдап алды. Шын мəніңде бұл қыпшақтық этномəдени қауымының жазба ескерткіштерін зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Оқуын бітіріп келгеннен кейін Ә. Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа әліпби комитетінде ғылыми қызметкер болады. Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде-ақ бастаған Әлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол, көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін сауапты істі одан әрі жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді. Содан жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына» деген монографиялық еңбек жазады. «Хандар жарлығының тарихи әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл көне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.
Осыдан бір жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының археология секторының меңгерушісі болып тағайындалады. Өзі қалап алған жұмыспен тікелей айналысуға мол мүмкіндік алған Әлкей Марғұлан енді Орталық Қазақстанды зерттеуге бет бұрады.
Ұзақ жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде Ж.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, А.М. Оразбаевтармен бірігіп, «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарды. Бұл кітаптың құндылығы жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі.
Тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалғаннан кейін ол бұрынғы зерттеу жұмысын одан әрі жалғастыра отырып, сонымен бірге Шоқан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны бес том етіп шығарысуға басшылық етеді.
Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Ол өзінің «Хандар жарлығының тарихи маңызы» деген тақырыпта қорғаған кандидаттық диссертациясында (1943) көне қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады. «Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары» тақырыбында қорғаған докторлық диссертациясы қазақ әдебиетi мен тарихы саласындағы iргелi зерттеулердiң нәтижесi саналды.
Әдебиет тарихының көмескі мәселелерін айқындауда Әлкей Марғұланның ғылыми еңбектерінің маңызы айрықша еді. Оның дәйекті ұсыныстары әдебиет тарихын тануда әрі жалпы қазақ әдебиетінің ақтаңдақ беттерін ашып, айқындауда аса зор ықпал етті [1].
Әсіресе, әдебиет тарихының көмескі мәселелерін айқындауда 1959 жылы өткізілген ғылыми-теориялық конференцияның маңызы айрықша болды. Бұл конференцияда қазақ әдебиетінің келелі мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылды. Ол ұсыныстар әдебиет тарихын тануға әрі жалпы қазақ әдебиеттануына кедергі болып келе жатқан проблемалардың бетін ашып алуға ықпал етті.
М.Ж.Көпейұлының әдеби мұрасы жайында баяндама жасаған І.Жарылғапов болсын, не басқа баяндамашылар (Ә. Марғұлан, Е.Ысмайлов, Ә.Қоңыратбаев, Ш.Кәрібаев, Б.Кенжебаев) болсын, бері дерлік оның творчествосының құндылығын, әсіресе, халық ауыз әдебиетін жинаудағы еңбегін аса зор бағалады. Әрине, шығармаларының идеялық қайшылығы бар деп саналған М.Ж.Көпейұлының әдеби мұрасы талас тудырмай қойған жоқ. Ол туралы қилы кереғар пікірлер айтылғанмен, сайып келгенде, барлық ой-тұжырымдар бір арнаға тоғысқандай болды.
Конференцияда қорытынды сөз сөйлеген М.Әуезов баяндамаларды қорытындылай келіп, әдеби мұра және оның зерттелуі жайында толғақты мәселелер төңірегінде өз ой-толғамдарын ортаға салды. Әдебиет тарихының бірнеше күрделі де күдікті мәселелерін шешуге Мұқаңның сөзі шешуші әсер етті. Мәселен, өзгесін айтпай-ақ, өзіміз сөз етіп отырған Мәшһүр Жүсіптің әдеби мұрасы туралы топшылауларын алайық. Әр нәрсеге тереңнен толғанып, ой жүздіріп алып қана байыбына баратын ғұлама М.Ж.Көпейұлы туралы баяндама жасаған, жарыссөзге шыққан сыншыларға сын-ескертпелерін айта келіп, былай дейді: «Мәшһүрдің ұзақ өміріндей шығармашылық жолының да талай-талай кездері болған. Соны ескерту қажет еді. Ол кейде патшалықты жақтаса, кейде халықтық сарынға жақындаған. 1905 жылғы патша манифесінен үміт етіп сөйлеген кезі де бар. Бұл тарихтық заңды жайлар. Мұндай кездерін мінеудің қажеті жоқ» [2]. Сонымен қатар, Мұхтар Әуезов Мәшһүр қолжазбаларының құндылығын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегін ерекше атап өтеді.
Шынында бұл конференция ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің бірсыпыра өкілдерінің творчествосын танып білуге аз да болса жол ашты. Солардың бірі – М.Ж.Көпейұлы еді. Ол тірісінде репрессияға ұшырамаса да, оның әдеби мұрасына көп тосқауыл қойылды.
Ал Қазан төңкерісіне дейінгі әдеби процесте М.Ж.Көпейұлының да атқарған рөлі айрықша болатын. Ол – қазақтың сөз өнеріне өшпес із қалдырған көрнекті тұлғаларымыздың бірі. Әдебиетіміздің тарихын зерттеуші-сыншы ғалымдарымыздың көпшілігі оны осы кезеңнің белді де белгілі өкілдерінің бірі деп танылды. Ақын, ағартушы, тарихшы, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы ретінде ол туралы М.Әуезов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Қ.Бисенбиев, Ә.Қоңыратбаев, И.Жарылғапов, Ы.Дүйсенбаев, М.Бөжеев, Д.Әбілов және т.б. әр ой-пікірлер білдіріп отырған.
М.Ж.Көпейұлы туралы уақыттың талғам-талабына қарай әр кезде әр түрлі пікірлердің болғаны рас. Алайда оның кестелі өлеңдері мен келісті ойларын, әсіресе, халық ауыз әдебиетін жинаудағы еңбегін ешкім жоққа шығарған емес.
Бажайлап қарасақ, Мәшһүр Жүсіп туралы алғаш мақала жазып, өзінің әділ пікірін айтқан адам – академик Әлкей Марғұлан [3]. Оның Мәшһүр өмірбаяны мен творчествосы жетік білуі сол өлкеде туып-өскендіктен де болса керек. Жастайынан оның өлеңдерін жаттап, атағына тәнті болған ғалым өзінің аталмыш еңбегінде ақынның шыққан тегі, өскен ортасы, шығармашылығы туралы мол мағлұмат береді. Сонымен бірге, Көпейұлы діни ортада тәрбиеленгендіктен «діншіл молдалардың әсерінен жуық арада шыға алмады» деп, ақын шығармаларында діни сарыннның орын алу себебінің сырын да ашып айтады.
Бір айтарымыз, зерттеушінің Мәшһүр Жүсіп араб, парсы халқының тарихын, философиясын жақсы білген, химия, физика, геология, астрономия ғылымдарынан хабары болған деуі шындыққа әбден жанасады. Себебі, ол қалдырған көп мұраның ішінде әр алуан ғылым саласынан мағлұмат берерлік ой-тұжырымдардың жиі кездесетіні бұған толық дәлел.
Сонымен, ғалым Көпейұлы шығармаларына ортақ басты кемшіліктерді атай келіп, жазушының халық мұңын мұңдап, өткір де улы тілімен сын айта білгенін, өкімет өкілдерінің жауыздығын, арам ниетін, батыл әшкерелегенін ерекше көрсетуге ниеттенген.
Жалпы алғанда, Ә.Марғұланның жоғарыда аталған тарихи мұралар жөнінде жасалған тұжырымдары бүгінгі жағдайда одан ары дамыта зерттелуге лайық дүниелер екені анық. Олар қазақ қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін аша түсуге көмектеспек.
Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді. Көшпенділер мен ата-тегіміздің өмірі, аңыздар мен миф дүниесі, кең дала, ашық ғарыш, киіз үй етене жақын болды.
Академик Ә.Х. Марғұлан берілген мәліметтер бойынша 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын зор ғылыми мұра қалдырды. Тек қана шығармаларының толық жинағы, орасан еңбегі ғалымның ұлы мақсатын түсінуге мүмкіндік береді.
Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Әдебиеттер:


1. Ақышев К. Археология атасы // Ғұлама. Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер жинағы. – Павлодар: ЭКО, 2004. – 45 б.

  1. Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр аңыздар. Алматы: Жазушы, 1985. - 368 б.

  2. Билял А.Б. Академик Ә.Х.Марғұлан еңбегіндегі қазақ халқының жыр – аңызының этнотарихи мұрасы // Көшпенділер өркениеті мен рухани мәдениетінің тарихы атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Павлодар: ЭКО, 2004. – 269 б.

  3. Марғұлан Ә.Х. Қазақ халқының эпикалық әңгімелері туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер: Ф.ғ.д. дисс. – Алма-Ата–Москва, 1946. // Ә.Х. Марғұлан шығармалары. Алматы: Алатау. -2007. – ІІІ том. – 488 б.

  4. ҚР ҒА ҚСКҚ // шифр: қ – 112, 195, 198, 202

  5. Марғұлан Ә. Шоқан жазып алған «Манас» жыры // ҚазССР Ғылым академиясының Хабаршысы. – 1965. – № 8. – 10-29б.

  6. Марғұлан Ә. Көкетайдың ертегісі // Манас жырының Шоқан жазып алған бөлігі. Аударған Марғұлан Ә. Алматы: Жазушы, 1973. – 111 б.

  7. Марғұлан Ә. Архивтегі жазбалар // Жұлдыз. – 1985. – № 7.



  8. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет