10-дәріс тақырыбы: Жерлес жазушылар Қалмұхан Исабаев, Ахат Жақсыбаев және Рамазан Тоқтаров творчествосы турасында



бет2/15
Дата05.06.2023
өлшемі100,43 Kb.
#98873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Шығармашылығы. Оның алғашқы тырнақалды туындысы – «Махаббат операциясы» атты новелласы 1960 жылы «Қазақ әдебиетінде» жарық көрді. Әңгіменің басты кейіпкері тіл-құлағынан бірдей айырылған мақау қыз. Бірақ, ол туа мақау болмаған, әлдебірдеңеден шошынып, өзі сөйлеуден құлағы естуден қалған. Бойжеткен арудың мүшкіл жағдайы оқушыға қатты әсер етеді. Алматыдан келе жатқан сүйген жігіті қыздың мұндай халінен бейхабар. Сүйген қызына тезірек жетуді аңсап асығып келеді. Әңгіме осылайша шұғыл шиеленіспен басталады.
1968-69 жылдары жарияланып, екі кітаптан тұратын «Ертіс мұхитқа құяды» атты романында ол отызыншы, қырқыншы, елуінші,соғыстан соңғы ондаған жылдар бойына елімізде орын алған әлеуметтік мәселелерді қозғайды. Роман екі кітаптан тұратын дилогияны құрайды. Романның басы Аян шалдың шаңырағына құт қонып, әйелі Қалиманың өмірге ұл әкелген сәтінен бастау алады. Бас кейіпкер Бекеттің туған күнінен бастап азамат болып ат жалын тартып мінгенге дейінгі өмірін, оның төңірегіндегі адамдардың тағдыр-талайын жан-жақты әңгімелей отырып, жазушы жарты ғасырдағы қазақ елінің тұрмыс-халын көз алдымызға әкеледі. Отбасы мен қоғамның арақатынасындағы қайшылықтар, кішкентай адамдардың күнделікті михнатқа толы өнімсіз тірліктері мезі ғып жібергендей болады.
«Ертіс мұхитқа құяды» − жазушының роман жанрын мықтап игергенін және ізденудің жаңа жолында екенін дәлелдеді. Бұл роман Р.Тоқтаровтың суреткерлік шеберлігінің бір қырын танытқан туынды болды.
Ол тырнақалды туындыларынан бастап адамның ішкі иірімдері мен қиял әлеміндегі әсемдық семантикасын зерттеуге ден қояды. Мәселен, қаламгердің «Бақыт» (1965ж) «Ертіс мұхитқа құяды»атты алғашқы романында бұл мақсат арманшыл жас – Қайыр бейнесі арқылы жүзеге асады.
Қайыр – көкірек, көзі ашық, аршынды арманының, байлаулы батыл ойдың адамы. Бұл адамгершілік жігіттің көбік ауыз жел сөзде емес, барша тірлігінде – істеген ісінде, үй ішіндегі мінезінде, қызмет бабындағы қимыл-әрекетінде. Ол барша болмысымен күншілдікті мансұқ етеді, асығыс кесім айтудан тартады, көңіл безбеніне түскен пенде атаулы жолдарындағы Қайыр кеңес идеология ауқымындағы тәртіп параметрлерін елемей кетуге тырысады. Әрине, ортақ рухани құндылықтардың тарихи мәніне жадағай желпініспен қарай салу қиын. Шығармада әдеттегі сюжет дамуы, қарсы топтардың шайқас-қақтығысын атап өтіп, негізгі төрт қаһарман оның ішінде Қайыр Тұраровтың жеке таным теориясы тұрғылары мен түйсік, толғам мұрат деңгейлеріндегі қарама-қарсылықтар шарпысуын бейнелеу басым.
1975 жылы жарық көрген «Тұлпардың сыны» атты романында Р.Тоқтаров жаңа белеске көтерілді. Романда қазақ қызының сәтті бейнесі бар. Алматыға келіп оқуға түсе алмай, сандалып, әр кеменің құйрығын бір ұстап жүрген Мағрипа есімді бойжеткеннің ауыр қасіретін сөз ете отыра, «әйел – қырық шырақты» деген халық даналағының өміршеңдігін арқау етеді. Сол қыздың жолында кезіккен бар қиындықты өз бойындағы ата-анадан жұққан асыл қасиеттері арқылы жеңіп шыққанын әсерлі түрде баяндайды. Бас кейіпкер Мағрипа жетім өскен, жарым көңіл бола тұра мінсіз сұлу жан. Бірақ ол өзге кейбір құрбылары сияқты көркін саудалағысы келмейді. Алайда, сұлу қыздың соңына түсушілер көп. Романға эпиграф етіп алынған «Жұртқа жақсылық жасаған адам – жақсы адам, жұртқа жасаған жақсылығы үшін жапа шеккен - өте жақсы адам. Алайда, сол жолда қасқайып тұрып, өзін құрбан етуге барған – ізгілік пен ерліктің шыңына ту тіккен ең ғажайып, әрі қаһарман адам»[15, 5] деген француз жазушысы Лабрюердің сөзі романның күллі мазмұнын жинақтап тұрғандай. Мағрипа да өзінің қасіретті өмір жолында осы үш бірдей адам үлгісін кезіктіреді. Біріншісі – Қара Жұман. Ол Мағрипаны көзге де, сөзге де тәуірлігімен өзіне ғашық етіп, артынан түрлі сылтау айтып, мүлде көрінбей жоғалып кетеді. Екінші жолыққан адам – Иренғайып. Ол бойында адамгершілік қасиеті мол, үлкенді де, кішіні де аялап тұратын азамат. Бірақ, осы адам Мағрипаға жақсылық жасаймын деп жүріп, өзі жазықсыз түрлі кесапаттарға ұрынып қалады.
Мысалы, «Жердің үлгісі» романы (1979 ж) алтын кенін өндіретін Майқайың өндірісін көрсетуге арналған дейміз, алайда, мұнда да автор жастардың ата-ана алдындағы парыз-қарызы аталатын үлкен адамгершілік, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді ашатын өзінің негізгі моральдық тақырыбын діттейді. Жазушының «Жердің үлгісі» деп отырғаны – аяулы ананың бейнесі. Күн - ата болғанда, Жер –ана, он сегіз мың ғаламда бәрі де Күннен нәр алып, Жер-анадан өніп-өсіп жатады. Міне, бұл шығарманың да ішкі астары адами асыл мұра. Сонымен бірге бұл романда шөл даланы суландырусекілді қосалқы халықтық проблемалық мәселе де бой көтереді.
«Ғасыр наны» атты романы да бір тың және тыңайған жерлерді игеруге арналған шығарма секілді. Бұл шығарманы оқымай, немесе үстірт қараған адамға ғана солай болып көрінеді. Кезіндесолақай кей сыншылар кітаптың затына емес, атына қарап: «Романда тың жоқ, еңбек аз көрінеді, механизаторлардың бейнесі шықпай қалған» деп байбалам салып, жазушының басына әңгір-таяқ ойнатқан кездерде болған. Оның бәрі уақыттың, жалған иделогияның, қала берді қызғаныш дертінен туған құбыжық талап екенін қазіргі уақыттың өзі дәлелдеп берді. Керісінше, бұл романда ұлт тағдыры, оның болашағының құрдымға жоқ болуға айналғаны сөз болады.
«Сусамыр» атты роман (1985 ж) бір қарағанда басынан аяғына дейін детективтік тақырыпқа құрылған секілді. Машина ұрлап, кісі өлтіру, бандалық топтар құрастыру. Кәдімгі бүгінде барлығымыз тоқырау уақыты деп жүрген Кеңес үкіметі кезіндегі көп ешкім айта алмаған қылмысты жағдайларды әңгімелейді. Романның тағы бір тұсы адамгершілік, жомарттық сияқты адамның аса құнды қасиеттеріне жетелейтін имандылыққа бағыттайды. Басты кейіпкерлері Мұрын, Мүкәрәм, Балкен. Мұрын деп отырғанымыз лақап атпен жүрген Сатыбалды Шынтеміров. Талай жанға ажал құштырып, азғындықпен өмір сүретін жауыз, қанішер адам. Мұрынның бұл жолға түсуіне себепкер болған Доктардың «өлмейін десең, өзің біреуді өлтір» деген сандырағы болатын. Сонымен қатар романда тәртіп сақшыларының да әр түрлі қиындықтары мен іс-әрекеттері де өрби түседі. Қарақшы Үкіні қолға түсіру барысындағы лейтенант Мейірханның да образы ашыла түседі.
Жазушы бұл шығармасында да адами тақырыпты қазық етеді. Бірде тату, бірде қату жүрген екі құрбы жігіттің жеме-жемге келгенде бір-бірлерін құтқаруға дайын тұратын ғажайып достықтары баяндалады. Роман соңында салауатты отау иесі Мерқадам екі бүйрегі бірдей істемей қалған, өмір бойы өзімен бақас болып келе жатқан Бозжан есімді ғалым досына өзінің бір бүйрегін беруге келісімін береді. Бұл тұста Мерқадамның қамқорлық, адамгершілік бейнесі ашылады.
Р.Тоқтаровтың тағы бір көлемді туындысы – «Таңбалы жарғақтың құпиясы» романы. Бұл романға көшпелі қазақ халқының басынан кешірген үш үлкен тарихи дәуірі арқау болған. Атап айтсақ – біздің жыл санауымыздың бас кезінен бастап, кешегі аумалы-төкпелі жиырмасыншы жылдар, одан қалса бүгінгі қыспаққа тірелген тар заман тірлігі, ұлт болып сақталудан қала бастаған қорқынышты болашағы әңгімеленеді. Романда Айысбек атты дәрігер, альпинист жігіт тауда жүріп екі жолдасын құтқарып қалу үшін өзінің басын құрбан етеді. Қазіргі есепшіл, өзімшіл заманда бұл мүмкін бе? Әрине таң қаласың. Әркім өз басының қамын ойлайтын заманда достары үшін жанын пида ету асқан ерлік. Айысбектің үй-ішілік, қоғамдық, саяси-әлеуметтік толып жатқан қасіреті бар. Соның бәрі қосылып ол өзінің жеке бас өміріне түкке тұрмайтын нәрсіздік есебінде қарай бастайды. Бұл − әрине, жамыраған сан-салалы мол үнді, кең тынысты романның бір ғана компоненті болуға тиіс. Шығармада бұдан басқа да қала, дала тіршілігі, уақыт, заман жөніндегі толып жатқан философиялық тұжырымдар, шым-шытырық сюжет иерімдері, астарлы әлеуметтік көріністері толып жатыр. Романның тақырыптарының өзінде қаншама астарлы сыр бар: «Жұмбақ жалын», «Перғауын-Рақай», «Уилисс», «Жетім немере», «Ұлы Хұнзақ»... боп кете береді. Міне, осы тараулардың әрқайсысы жекелеген кейіпкерлердің тағдырына арналған, әр тарау жеке шығармадай оқылады. Бірақ бірімен-бірі үзілмес таспамен байланыстырылып қойған тағдырлар қамшының өріміндей бір арқауға өріліп, үлкен шығарманың бір тұтас сүйегін құрады.
Рамазан Тоқтаров «Жұлдыз сәулесі», «Дегелең соғысы», «Терістік шұғыласы» атты повестер, екі жинақ көлемінде әңгімелер де жазып, жариялады, бұл ретте оның «Ертіс мұхитқа құяды» атты романын жазу үстінде Ертістің мұхитқа құятын сағасын көру үшін Ямал түбегіне барып, сол жақтан аса қызықты, этнографиялық жоспарда жазылған «Терістік шұғыласы» атты айтсақ та жеткілікті шығар.
«Абайдың жұмбағы» романында жазушы Абайдың балалық шағы мен жас кезін алғашқы кітаптарында, сондай-ақ оның өсіп, есіне келген өмір кезеңдерін сенімді түрде, әрбір нақты жағдайға лайықты күрес арқылы суреттейді. ... Бұл романда адам өмірі сол кездегі кейіпкерді, оның руханилығын, мақсаттарын, мүдделерін, ойларын, Абайдың кейіпкерін ашуға деген ұмтылысын шынайы түрде білдіре отырып, шығармашылықпен жалғасады. Абай өмірдегі өз ұстанымын сақтап, шындықты айта алатын сияқты.
Р.Тоқтаровтың бұл романы бірнеше бөлімнен тұрады, бірінші кітабы «Толғақ», екінші кітабы «Жұлдыз Құрбандық», үшінші кітабы - «Қызғаныш», төртінші кітабы - «Ақиқат Отаны», бесінші кітабы - «Нұрсипат». Бұл Абайдың балалық және жас кезінен бастап, өмірінің соңғы кезеңдеріне дейін толық көрініс тапқан «Нұрсипат». Осы тараудың тақырыптарының өзі романның тұтастығын сақтай отырып, оны тәуелсіз қабылдауға жетелейді. Абай жастайынан үлкенге, жасөспірімге дейінгі өмірге байланысты естіген, көрген, өскен, білім алған, маңызды тұлғалар таңдалып, кәсіпке тоқылған оқиғалар туралы сезімін дамытты.
Түрлі көріністер өз көзқарастарын, ниеті дүниетаным, негізгі идеясын атқарды ғана емес, олардың әрқайсысы романында, жасалған авторы, сонымен қатар сол кездегі шынайы бейнесін жасауға үлес қосты. Осы мәселені ой елегінен өткізген жазушы Т.Тоқбергеновтің келесі пікірі орынды: «Романды романға айналдыратын өзекті мәселе емес. Бізге адамның мінезі мен ісі керек. Барлығы адамға, оның көзқарасына, жүріс-тұрысына, ойлауына байланысты »[12, б. 336].
Р.Тоқтаров романының кейіпкерлері үнемі қозғалыста, әрекетте, ішкі және сыртқы қайшылықтарда, қақтығыстарда, әр кейіпкердің ішкі әлемі психологиялық тұрғыдан бейнеленген. Сонымен бірге Абай, Шоқан, Достоевский және басқалар жұмыс үстінде. Өнер, шығармашылық, руханият, драматургия және көптеген тағдырларды талқылау дәуіріндегі адамдардың мінез-құлқы мен жеке ерекшеліктеріне көбірек көңіл бөлінеді. Ақын Абайдың осы қиын кезеңдердегі психикалық құбылыстары суреттелген, оның сыртқы келбетінің кейбір бөлшектері сипатталған.
Профессор Ж. Ысмағұлов бұл еңбегінде Кенесары-Құнанбай-Қодар туралы былай дейді: «... басты кейіпкерлер - Кенесары-Құнанбай-Қодар. Үшеуі де бізге әртүрлі дәрежеде таныс. Бірақ олардың бір сөйлеммен аталуы оқырманға әсер етпей қоймайды. Себебі оқырманға тарихи тұлға ретінде де, әдеби кейіпкер ретінде де бұрыннан танымал болған бұл үш есім үш жағынан белгілі болды »[15, 4].
Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романында сан алуан көріністер, көркемдік құралдар мен иллюстрациялар, сөздік қор, сөйлемдер, өрнектер, көркемдік аспаптардың тіркесімдерін құру техникасы, болашақ өсу мен даму дәстүрлері бар. Жазушының Абайды шабыттандырған өмірді, образдарды, портреттерді бейнелеу шеберлігі тарихты сахнаға шығарып қана қоймай, болашақ ұрпақ санасында осы ұлы адамдардың бейнесін бейнелейтініне қуануымыз керек.
Сонымен, сөзімізді сыншы-ғалым Бекмұрат Уақатовтың Р.Тоқтаров шығармашылығы туралы жазған пікірімен түйіндесек болады: «Әдебиетке алпысыншы жылдары келген Рамазан осы аз мерзімнің ішінде алты роман, бірнеше повесть, әңгімелердің жинағын берді. Бұл бір жазушы үшін аз еңбек емес...Уақыт, адам, оның еңісі мен өрісіндегі жан тебіріністері, замандас интеллектісі сияқты әдеуметтік-тұрмыстық күйлер – Р.Тоқтаров туындыларының темір қазығы».

Әдебиеттер:


1. Жақсыбаев Ахат // Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: анықтамалық. - Алматы. - 2004. - 121 б. 115. Жақсыбаев Ахат (Ахметжан) // Қазақстан жазушылары: Анықтамалық / құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. Алматы, 2009. - 153 б.
2. Жақсыбаев Ахат Имантайұлы // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы. - 2005. - 197-198 б.
3. Жақсыбаев Ахат. Балалық пен даралық: әңгімелер. - Алматы: Ол-Жас, 2006. - 80 б.118. Жақсыбаев Ахат. Қайтпас Қайсар: Роман-эссе. - Астана: Фолиант, 2002. - 304 б.
4. Жақсыбаев Ахат. Жаны жайсаң жақсылар: Естеліктер, сапарлар, ой-толғамдар. - Алматы: Білім, 2006. - 272 б.
5. Жақсыбаев Ахат. «Біліп жаз, сүйіп жаз» дейтін еді: [Ғабиден Мұстафин жайлы] // Ғабиден Мұстафин туралы естеліктер. - Алматы, 2005. - 135-157 б.
6. Жақсыбаев Ахат. Сәбеңмен болған сол бір кез // Сәбит Мұқанов туралы естеліктер. - Астана, 2001. - 330-351 б.
7. Жақсыбаев Ахат. Иса ақын. Бірінші кітап: роман. - Алматы: Елорда, 2010. - 400 б.
8 Жұмысшы бейнесін сомдаған жазушы: (Ахат Жақсыбаев) // Алдабергенов Қ.М. Біртуар дала тұлғалар. - Павлодар, 2003. - 267 - 270 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет