10-дәріс тақырыбы: Жерлес жазушылар Қалмұхан Исабаев, Ахат Жақсыбаев және Рамазан Тоқтаров творчествосы турасында


Нұржанов А, Ақымбек Е . Естеліктер //



бет9/15
Дата05.06.2023
өлшемі100,43 Kb.
#98873
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Дәрістер. Аймақ.тұлға тану

Нұржанов А, Ақымбек Е . Естеліктер // https://margulan.psu.kz

  • Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

  • Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 

  • Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, А., 2008.

  • «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, , 1998, VI том

    14 - дәріс тақырыбы: Жабайхан Әбділдин және Шапақ Шөкин
    Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлы(16.2.1933 ж. т. Павлодар обл. Май ауд. Майтүбек а.) — ғалым, философия ғылымының докторы (1968), проф. (1970), Қазақстан ҒА-ның академигі (1983), Қазақстанның еңбек сіңірген ғыл. қайраткері. ҚазМУ-ді бітірген (1954). 1958 — 84 ж. Қазақстан ҒА-ның Филос. және құқық ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры қызметтерін атқарды. 1984 — 86 ж. Қазақстан ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы, 1986 — 95 ж. ҒА-ның вице-президенті болды.
    1990 ж. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болып сайланды. 1994 ж. ҚР-ның тұңғыш Парламентіне депутат болды. 1995 жылдан қазірге дейін ҚР Парламентінің сенаторы, Сенаттың Халықар. істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
    Әбділдиннің ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Соның ішінде, әсіресе, нақты ұғым, бастама мәселелерін терең зерттей отырып, олардың филос. тарихы тұрғысынан негізделген диалект. анықтамасын жасады, логикалық және гносеологиялық функцияларына сипаттама берді, қазіргі ғылым мен практикадағы логико-методологиялық рөлін айқындады. Оның басқаруымен диалектикалық логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық монографияларлар жарық көрді.
    Осы зерттеулердің нәтижесінде “Диалектикалық логика” аталатын 4 томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Мұнда диалектиканың логикалық функциясы анық дәлелденіп, категорияларының ғылыми жүйесі жасалды, әрі олар қазіргі жаратылыстану ғылымдарының методологиялық мәселелерімен ұштастырылды. Әбділдиннің ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды. Әбділдин белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.
    Ол 1987 — 89 ж. Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов шығармаларын зерттеп, оларды ақтау мәселесімен айналысқан арнаулы комиссияларды басқарды. 1987 ж. ғылым мен техника саласындағы Лениндік және КСРО Мемл. сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болды. 1986 — 91 ж. Кеңес-қытай достығы қоғамы Қазақ бөлімшесі басқармасының төрағасы, 1981 — 90 ж. КСРО филос. қоғамы Қазақстан бөлімшесінің төрағасы міндетін атқарды.
    1990 жылдан бастап Қазақ филос. қоғамының Президенті, ҚР Мәдениет қорының төрағасы. Әбділдин Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1984) ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани татулық сыйлығының (1994), қоғамдық ғылымдар саласы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1974) иегері. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.
    Қазақ болып туып, қазақ ғылымына, оның ішінде кенжелеп барып кемелденген қазақ философиясына молынан үлес қосқан, ұлт топырағында диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған академик Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдиннің өмір жолына көз жүгірткенде данышпан Абайдың: «…адамдық қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», деген сөзі ойға оралады.
    Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың, Президенттің Бейбітшілік пен рухани татуластық сыйлығының, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті оқымыстының ой-өлшемі­нен өрілген философиялық еңбектері ұлтымыздың рухания­тына қосылған мұра екені сөзсіз. Онда ол Аристотель, Сократ, Кант, Гегель, өзге де әлемдік дәрежедегі ғұламалардың дүниелерін саралай келіп, қазақтың философиялық ой өлшемімен ұштастырып, түйін жасаған академиктің зерттеулері туралы белгілі философтар Б.Кедров, Э.Ильенков, В.Степин, В.Мальцев, Е.Ситковский, В.Лекторский, басқа да алыс-жақын шетелдің зерделі азаматтары оң бағалап, жақсы пікірлерін білдіріп келеді.
    Ал азат еліміздің оқымыстылары мен қайраткер қаламгерлері Салық Зиманов, Әбіш Кекілбаев, тағы басқалар, Жабайхан Мүбәрәкұлының ұлт ғылымына сіңірген еңбегін ерекше атап: «Қазақстандық философиялық мектептің негізін салған, өмірдің даму диалектикасын терең түсінген ғалым-философ» дейді. 
    Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары: «Бодан болу, құл болу, тәуелді болу дегеннің бір жаман жері бар. Ол адам өзіне сеніңкіремейді. «Біреу не айтады екен?…» дей береді», деп өзі меңзегендей, бір кездері үстем күштің үрейін туғызып, зәре-құтын қашырған, осы қорқыныш қазақ зиялыларын қойдай жусатуға әкелген, жарты ғасырға жуық уақыт сол қырғын-қасіретті құпияда сақтап, құрдымға жібермек болған арам пиғыл су сепкендей сөндіріліп, ақтаңдақ ел болғанда жарыққа шықты. Алаш арыстарын ақтау ісіне Елбасы бас болып зиялы қауым өкілдері бел шеше кірісіп, ұлт ұлылары халқымен қайта қауышты. Солардың қатарында, тіпті алдыңғы шебінде Жабайхан Әбділдиннің жүргені белгілі. «Адам екі нәрсе арқылы қартаймайды. Біріншісі – қайырымды ісі, екіншісі – мейірімге толы сөзі» деп Баласағұн айтпақшы, бұл оның Отанына ерекше қызмет еткенін көрсетеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет