Көсемшенің –ғалы, -гелі формалары СабҚС құруға қатысады. Баяндауыштары аталған тұлғаларда келетін бағыныңқы компонент әрдайым кейінгі тиянақты компонентке мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да бағына, соның бір мүшесіне меңгеріле байланысады да, жай сөйлемдегі қалыпты пысықтауыш тәрізді болып тұрады. Дәулет армияға аттанғалы, Марфуға Кентоғайға келмеген еді.

Жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру функциясында -–ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақты келер шақтық көсемшенің жұмсалуын Т.Қордабаев соңғы уақыттардағы қолданылып жүрген қызмет түріне жатқызады. Білдіретін мағынасына қарай, көсемшенің бұл түрі түркітану әдебиеттерінде бірде мақсатты көсемше, бірде келер шақтық көсемше деп аталады.

Ол басыңқы жай сөйлеммен екі түрлі мағыналық қатынаста тұрады.Бірінші, басыңқы компонентте баяндалатын іс-әрекет, жай-күйдің қай мезгілден бері солай бола бастағанын, яғни оның басталуының шегін білдіреді. Бұл екеуі Ділданың ауылына барып қайтқалы, Дәрмен өзінше бір есеп ойлауда болатын. Екінші, бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс-әрекет, жай күйдің мақсатын білдіреді. Корен қалмақ алғалы, Қамап жатыр қалың топ.