Кейбір сұрақтары бола тұра, Сырбайдың Масақбай туралы айтқан сөздерін Естай бөлген жоқ.. Күн көрісі біреуге байланысты бола тұра, ол жақсы ат мінуді, жақсы киім киюді ұнатады (Мұқанов).
Профессор Қ.Есенов алпысыншы жылдардың өзінде көсемшенің -а, -е, -й тұлғасы қарсылықты бағыныңқылы сөйлем жасауға сирек қатынасатындығын айтқан. Ал қазіргі таңда әдеби тіліміздің стильдік тәсілдерінің кеңеюіне байланысты көсемшенің де синтаксистік қызметі арта түсті.

Соның нәтижесінде жоғарыда ғалымдар көрсеткен -а, -е, -й жұрнағымен қатар көсемшенің -п формасы да қарсылықты бағ-ыныңқылы сабақтас жасауға қатыса бастады. Мысалы: "Балаң өлді" дегенді естіген ақын талып құлап, май өкшеден жіберген дәрі де көмек етпепті (Әзірбаев).
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің баяндауышы көсемшенің
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің баяндауышы көсемшенің
-а, -е, -й тұлғасымен жасалады. Ол мезгілді уақытында келе алмай, біз біраз уақыт кешігіп қалдық..
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді жасауға көсемшенің –й тұлғасының болымсыз түрі (-ма+й, ма+й+ынша) қатысады. Бұл деректерді білмей , жер астынан соңыра қанша мұнай қорын алуға болатынын есептеу мүмкін емес.Оқушы ...өз өнерлерін жұмсап жемісін татпайынша, әр жақты білім беру жүзеге аспайды.
Мезгіл бағыныңқысөйлемді жасауға –а, -е, (-ма) + й тұлғалы көсемше қатысады. Шай жиыла бере, Абай жастыққа құлай түсті. Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем –а,-е тұлғалы көсемше арқылы жасалады. Қалжыңы, күлкісі араласа, шай көңілді ішілді.