23 Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы



Дата08.12.2022
өлшемі25,19 Kb.
#55785
Байланысты:
Документ


23)Сан есім — заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы
Сан есімдер мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді: есептік , реттік, жинақтық, бөлшектік, топтау, болжалды.

1. Есептік сан есім.

Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жүз жиырма сегіз, тоғыз жүз бір т. б. Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2. Реттік сан есім.

Реттік сан есім заттың саналу ретін (катарын) білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауысты дыбысқа бітсе -ншы, -нші, дауыссызға аяқталса — -ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-ншы, жүз отыз бес-інші т. б.

3. Жинақтық сан есім.

Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

4. БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМ.

Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді. Болжалдық сан есім бірнеше жолмен жасалады:

1) Есептік сан есімдерге -лаған, (-леген), -даған, (-деген), -таған, (-теген), -лап, (-леп), -дап, (-деп), -тап, (-теп), -дай, (-дей), -тай, (-тей) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жүздеген, отыздаған, қырықтаған мыңдап, елулеп, жетпістей, тоқсандай т. б.

2) Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс септік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (жасы) елулерде, (сағат) ондарда, бестерде т. б.

3) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: он-он бес, қырық-елу, жетпіс-сексен, қырық-елудей, елу-елу бестерде, жүз-жүздеген т. б.

4) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңга тарта, отызға жақын т. б.

5. Топтау сан есім.

Топтау сау есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топ-тау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шыгыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: екіден, жүзден, қырық-елуден, он-оннан, бес-алтыдан, үшеу-үшеуден т. б.

6. Бөлшектік сан есім.

Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте, алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады. Мысалы: екіден бірін (1/2), ал, үштің бірін (1/3), оннан екісі (2/10) т. б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты, жарым, ширек сөздердің тіркесінен де жасалады. Мысалы: екі жарым, үш ширек т. б. Ондық бөлшектік сан есім бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. Мысалы: екі бүтін үш ондық (2,
24)Фраза (грекше phrasіs — сөйлемше) — тіл білімі мен музыкада қолданылатынтермин.

1) Аяқталған ойды білдіретін сөйлеудің негізгі бірлігі. Фраза тұтастығы белгілі бір синтаксистік құрылымның интонациялық құралдары арқылы жасалады. Кей жағдайда фразалық құрылым сөйлемнің бір бөлігі бола алады. Мәселен, сөйлемді бірнеше дербес фразаларға бөліп, интонация арқылы мағыналық реңк үстеуге болады. Сондай-ақ тыныс белгісімен ажыратып көрсетеді. Мысалы, Соғыс жүріп жатты. Барлық жерде. Соғыс.;


2) терминологиялық қолданыстарда сөйлем деген ұғымды да білдіреді;
3) екі жағынан да пауза арқылы интонацияға негізделген мағыналық бірлік. Қазақ тіл білімінде фразеологизм деген сөздің орнына кейде фразалық тіркестер деп те қолданылады.
25)Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантйзм) орыс. согласные звуки — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. [1] Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, у, Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 20 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.[2]

Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:

- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;

- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;

- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;

- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;

- дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды;

- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:

Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш щ;


Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;
Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у
26)Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап береді

Зат есімнің 4 мағыналық түрлері


Жалпы есім - біркелкі заттарды , құбылыстарды жаппай атайтын сөздер
Жалқы есім арнайы берілген есімдер мен атаулар
Деректі зат есім ол нақтылы тануға болатын зат атаулары. Көзбен көріп , қолмен ұстауға болатын зат есімдер
Дерексіз зат есім көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары

Ыбырай-жалқы есім,


мектеп - жалпы есім
, «Парасат» журналы- деректі зат есім
, ой, ақыл- дерексіз зат есім
, жер, су, туған – туыс, құс- жалпы есім
27)Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.

Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім, т.б.

Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, ел құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.
28)Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар: б, в, г, ғ, ң, қ, һ, й, ц, к, н, ш з, х,, ф, п,, р, л, д, ж, ч, с, м, т.(у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Щ – дыбыс емес, әріп. Ол щ созылыңқы( қос) ш дыбысының таңбасы.
Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:
1. Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.
2. Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады.
3. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
4. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сонықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.
30)ШЫЛАУ, ТҮРЛЕРІ, ЕМЛЕСІ
Басты бет ҰБТ Қазақ тілі Морфология Шылау, түрлері, емлесі
КОНСПЕКТ
Шылау – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы, үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:

1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;

2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;

3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;

4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;

5. Шылаулар түрленбейді, яғни көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.

Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшке бөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау.


Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық сияқты үстеме мән береді.


Септеулік шылаулар екі түрлі қызмет атқарады:


1. Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы, ел үшін тер төгу; үйге қарай аяңдау; туған жер жайлы толғану, Бауыржан сынды батыр, жүз қаралы жылқы, сабақтан соң келу, т.б.

2. Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Мысалы, Күн бұлттанған сайын, Тілек жас төлдерін ойлай бастады.

Септеуліктер мына сөздердің шылауында айтылады:

1. Түбір сөздермен немесе атау тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер: сайын, секілді, туралы, тәрізді, сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы. Мысалы, хат арқылы хабарлау, осы үшін келу, оқу жайында сөйлеу, көрген сайын қызығу, Әлия сынды батыр.

2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін. Мысалы, орманға дейін жүгіру, түске қарай келді, жүзге жуық жылқы, алтыға таяу оянды, кешке таман оралды.

3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: соң, гөрі, бері, әрі, бұрын. Мысалы, сабақтан кейін дайындалу, таудан әрі асу, ағасынан бұрын көмектесу.

4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: бірге, қатар, қабат. Мысалы, сонымен бірге, досымен қатар, оқумен қабат.


29)Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.

Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.

Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.
Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:
мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);
стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);
сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).
Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:
мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;
бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;
мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;
Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.
Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;
Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы
31)Омонимдер (гр. homos – біркелкі, onyma – есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.

Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

Ат – жұмыс көлігі;
Ат – есім, атау;
Ат – етістік (бұйрық рай).
Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.

Қас деген төрт сөз бар:

қас – адамның қабағындағы қас;
қас – дұшпан, жау;
қас – бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);
қас – ердің қасы
Бұлар да – бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.

Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.

Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.

Жасалу жолдары


Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:[1]

1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа;


2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.
3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;
4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) – араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес. Омонимдер мағынасы мен жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас болып үшке бөлінеді.[2][3]
32(Үстеулер қимыл, әрекеттің мезгілін, мөлшерін, мақсатын себептерін білдіруіне қарай мынандай сегіз түрге бөлінеді.

1) Мезгіл үстеулер. 2) Мекен үстеулер. 3) Мөлшер үстеулер. 4) Сын-бейне үстеулер. 5) Күшейту үстеулер. 6) Мақсат үстеулер. 7) Себеп салдар үстеулері. 8) Топтау үстеулері.

1) Мезгіл үстеулер етістікпен тіркесе қолданылып, қимыл қозғалыстың уақытын аңғартады. Мысалы:бүгін, кеше, ертең, кеше, ертелі-кеш, анда-санда, т.б. Мезгіл үстеулер: қашан? қашаннан? сұрақтарына жауап береді.

2) Мекен үстеуі деп қимылдың орнын, бағытын білдіріп қайда? қайдан?сұрауларына жауап беретін үстеулерді айтамыз. Олар: ілгеріде, әрде, кері, жоғары, төмен, жолшыбай т.б.

3) мөлшер үстеуі қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, қашан? қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мыс: онша, сонша, оншалық, соншалық т.б.

4) Сын-бейне үстеуі қимылдың сан түрлі бейнесін, орындалу амалын аңғартып, қалай? қалайша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бірден, тез, жылдам, бірте-бірте т.б.

5) Мақсат үстеулер. Қимылдық мақсатын білдіреді. Мысалы:әдейі, жорта, қасақана т.б.

6) Күшейту (я ұлғайту) үстеулер заттың сынын, қимылын өзін, немесе түрлі мөлшерін, көлемін я аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетеді де қалай? қандай? Деген сұрақтарға жауап береді. Бұл топқа мынадай үстеулер жатады: ең , әбден, ылғи, тіпті, тым, жоқ, нық, мүлдем т.б.

7) Себеп – салдар үстеуі олардың себебін я салдарын білдіреді. Оларға мынандай үстеулер жатады: жоққа, босқа, құр босқа, бекерге т.б.

8) Топтау үстеулері амалдық және басқа қарым-қатынастың бірігуі арқылы істелгенін немесе, көрсетілгеніне, жекеленіп істелетіндігін білдіреді. Бұл үстеулер нешеден? қаншадан? нешеуден? қалай-қалай? сияқты сұрауларға жауап береді. Мысалы: екеулеп, он-ондап, көп-көптен,топ-тобымен, рет-ретімен, үйді-үйіне т.б.


: 33.Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:

Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім т.б.)


Біріккен сөздер(бойжеткен, баспасөз т.б.)
Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)
35.Сын есім заттың түрлі белгілерін тікелей де, басқа екінші бір заттардың қатынастары арқылы да білдіреді. Осындай ерекшеліктерге қарай сапалық және қатыстық деп бөлінеді.

Сапалық сын есімдер — заттың әр алуан белгісін (түр-түсін, көлемін, сапасын, дәмі мен иісін т.б.) білдіретін сөздер.

Сапалық сын есімдердің негізгі белгілері

Сапалық сын есімдер негізгі түбір сын есімнен болады: сары дала, тәтті кәмпит, жақсы сөз т.б.


Сапалық сын есімдер шырай жұрнақтарын қабылдайды: кең — кеңдеу — кеңірек — өте кең т.б.
Қатыстық сын есімдер — зат белгілерінің бақа бір зат қатысы арқылы аныкталуы.

Қатыстық сын есімдердің негізгі белгілері

Қатыстық сын есімдер жұрнақтардың қатысуымен басқа есімдер мен етістіктерден жасалады: малды ауыл, балалы уй, көлді жер т.б.
Қатыстық сын есімдер шырай жұрнактарымен түрлене алмайды.
: 36.Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б.
: 37.Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы.[1] Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.[2]
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

жіктеу есімдіктер;


сілтеу есімдіктер;
сұрау есімдіктер;
өздік есімдіктер;
белгісіздік есімдіктер;
болымсыздық есімдіктер;
жалпылау есімдіктері;
Сілтеу есімдіктері
Өңдеу
Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.

Сұрау есімдіктері


Өңдеу
Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.

Өздік есімдік
Өңдеу
Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.

Белгісіздік есімдіктері


Өңдеу
Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:

Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме.
Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.
Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).
Болымсыздық есімдіктері
Өңдеу
Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

Жалпылау есімдіктері


Өңдеу
Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.[3]


38.Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан пайда болған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үшке бөлінеді: Олар: 1) қатаң дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыздар.

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.

2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.

3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.


Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.[1]


39.Сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын сөздің тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып, өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді: Қол — адамның дене мүшесі. Бұл — осы сөздің тура мағынасы.
Сен менің оң қолымсың деген сөйлемде оң қолымсың деген сөз көмекшімсің деген мағынаны білдіріп тұр. Ал қол ұшын береді деген тіркесі жәрдемдесті деген үғымды, қолы жеңіл — ісі сәтті деген ұғымды білдіреді. Бұлар — қол сөзінің ауыспалы мағыналары. Кейде бір сөз бірнеше мағынада да қолданыла береді. Мысалы: Ақ сөзі бірде түсті білдіріп, ақ көйлек деген тіркесте қолданылса; бірде сүт, айран дегенді білдіреді.
40. ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ Іс-әрекет орындаушымен, уақытпен байланысты болып, жаққа, шаққа түрленуі етістіктің райы деп аталады. Етістіктің рай категориясының төрт түрі бар: 1) ашық рай, 2) қалау рай, 3) бұйрық рай, 3) шартты рай. Ашық рай іс-қимылдың үш шақтың бірінде орындалуын көрсетеді. Мысалы, Қар жауып тұр (Осы шақ), Ертең хабарласарсың (Келер шақ), Қырғыз елінде болғанмын (Өткен шақ). Қалау рай істі орындаушы адамның тілегін, ынтасын білдіреді. Қалау райдың жасалу жолдары: 1) -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарына кел көмекші етістігі тіркесу арқылы: сұра-ғы-сы келді, айт-қы-сы келмеді, демал-ғы-м келді, жүр-гі-м келмейді; 2) етістіктің түбіріне -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнақтары жалғану арқылы: байқа-ғай-сың, жеткіз-гей-сің, тапсырт-қай-сың, т.б. 3) -са, -се тұлғалы шартты райға игі еді, ғой сөздерінің тіркесуі арқылы: тезірек келсе ғой, аман-есен жетсе игі еді. Бұйрық рай іс-қимылдың орындалуын талап ету мағынасында айтылады. Бұйрық рай жақпен байланысты айтылады. Мысалы, тыңда, орында, хабарлассын, т.б. ІІІ жақтағы бұйрық райға -сын, -сін жұрнақтары жалғанады: хабарлас-сын, жеткіз-сін, көрсетпе-сін, тоқтатпа-сын, т.б. (ол, олар – ІІІ жақ). І жақтағы бұйрық райға көсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары жалғанады: жең- е-лік, орында-й-ын,тапсыр-а-лық, т.б. (мен, біз- І жақ). Бұйрық райдан кейін -шы, ші жұрнағы жалғанып та айтылады: орындайық-шы, келіңдер-ші, айтпаңдар-шы, отыр-шы, т.б. Шартты рай іс-әрекеттің орындалу не орындалмау шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің түбіріне -са, -се жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: Көп оқысаң, көп білесің. Кешікпей келсең, көрер едің.
41.Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.


42 Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, сөздер тобы.[1]

Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.


ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.
Сұраулы сөйлем
Өңдеу
Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.
43.Тасымал-сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынның келесі жолға бөлініп жазылуы.

Тасымалдау кезінде еске ұстайтын ережелер: 1.Сөзді тасымалдау буын жігінен басталады:тө-менірек,төме-нірек,төмені-рек. 2.й және у дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады:да-уыс,да-йындық,құ-йын,са-уат. 3.Сөзді тасымалдағанда бір әріпті жол соңында қалдыру немесе келесі жолға тасымалдау дұрыс емес. 4.Екі әріптен құралған я,ю әріптеріне аяқталған сөздер тасымалданбайды:сия,қию,аю. 5.Аты және әкесінің аты қысқартылып, басқы дыбысы ғана жазылғанда, фамилиясынан бөліп, тасымал жасауға болмайды:Ә.-Жұмабаев, Ә.Қ.-Жұмабаев деу дұрыс емес. 6.Қысқартылған өлшем атаулары тіркескен сөзінен бөлінбейді:100-г, 25-см. 7.Бас әріп немесе бас әріп пен алғашқы сөз буыны қысқарған сөздер тасымалданбайды:АҚ-Ш,Т-МД,Қаз-МҰУ деу дұрыс емес.


а, -е, -й жұрнағы арқылы ауыспалы осы шак, жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жуан буыннан кейін -а, жіңішке буыннан кейін -е, дауысты дыбысқа біткен етістікке -й жұрнақтары жалғанады: жаз-а, кул-е, сөйле-й, қара-й т. б.
2. -ып, -іп, -п жұрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ып, жіңішке буыннан кейін -іп, дауысты дыбысқа біткен етістікке -п жұрнақтары жалғанады: жаз-ып, кул-іп, айт-ып, сөйле-п, қара-п т. б.
3. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады. Дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ғалы, жіңішке буыннан кейін -гелі жалғанады да, қатаң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -қалы, жіңішке буыннан кейін -келі жалғанады: жаз-ғалы, бер-гелі, қара-ғалы, сөйле-гелі, айт-қалы, кет-келі т. -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі де, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді. Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды.
44. Көсемше-негізгі іс-әрекет әр түрлі формада және түрлі қызметте тұруы мүмкін (әсерлене оқыды, сылдырап аққан су, ишаралап айтқанды түсінбедің т. б.). Негізгі көсемше сөйлемде пысықтауыштық қызмет атқарады. Бұл жағынан алғанда ол үстеу мен етістікті жалғастырушы буын ретінде әрекет етеді. Үстеулердің сөйлемде пысықтауыштық қызмет атқарып, етістіктің сын-сипатын, мақсатын, мезгілін т. б. амалдарын сипаттайтыны секілді негізгі көсемшелер де осы міндеттерді толығымен орындайды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет