11 Дәріс. Жаратылыстану ғылымдарының философиялық мәселелері
Жаратылыстанулық ғылыми таным ерекшелігі.
Салыстырмалық теориясы, кванттық механика
Хаос мәселесінің философиялық қырлары
Жаратылыстанудың философиялық мәселелері өзекті бола бастағаннан кейін мынадай екі сәтте бастан өткерді: 16-17 ғасырлардағы жаратылстану ғылымдарыың пайда бола бастауы мен 19 ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми төңкеріс кезінде. Себебеі, ол өзінің өркендеу сәтінде философия мен діни канондардан ажырау керек болатын және өзінің ерекшелігін негіздеуге тиіс еді. Әлемді тану көне философтардың немесе діни мәтіндердің үлгілері бойынша емес, байқау, тәжірибе, эксперимент пен математикаға сүйенуі қажет болды. Табиғатты мәтіндермен емес, басқа да тәсілдермен игеру қажеттігі түйсінілді. Алғашқылардың бірі болып, табиғаттыф математикасыз түсіну мүмкін емес екендігін Галиллей ұсынған болатын.
Жаратылыстанудың теология мен философиядан айырмашылығы:
Эмпирикалық негізделу, теориялар мен ұғымдарды тәжірибелік түрде тексеру, олардыв айғақтармен терістеу немесе бекіту;
Практикалық пайдалылыққа бағдарланып, оқиғалардың жүру бағытын болжау, адамның қажеттіліктерін қанағаттадыру мақсатында табиғи құбылыстарды меңгеру ;
Обьективтілікке сүйену, таным субьектісінен обьектіні ажырату, адам санасынан тыс заттардың шынайы қатынасын ашу;
Телеологиялық қатынастардан гөрі каузальдік байланыстарды ашу;
Ғылыми білімнің сынауға ашық болуы т.б.
17-19 ғасырларда ғылымилықтың өлшемі физика болған болатын, 19 ғасырлардан бастап, әлеуметік-гуманитарлық танымға (рух жөніндегі ғылым) аяқ басты.
Неміс философы В. Дильтей табиғат жөніндегі ғылым мен рух жөніндегі ғылымның айырмашылығы оның зерттейтін пәніне байланысты дейді: Рух жөніндегі ғылым механикадағы сияқты оның элементтерін талдау жолымен білуге болмайтын өмір түсінігі жатыр. Сондықтан рух жөніндегі ғылымда оның тұтастығын танитын интуиция басты тәсіл болып табылады. Ал табиғат жөніндегі ғылымда жалпыдағы жекені көрсету болып табылатын түсіндіру жатыр.
Баден мектебінің өкілдері Вильгельм Виндельбанд пен Генрих Риккерт жаратылыстану ғылмдары мен гуманиатарлық ғылымдар арасындағы айырмашылық зерттеу пәндерінде емес, олардың тәсілдерінде деп түсіндірді. Жаратылыстану жеке құбылыстарды түсіндіру үшін жалпы ұғымдар мен заңдарды бекітуге ұмтылады. Бұндай әдістерді номотетикалық деп атады, яғни, заңдарды орнататын. Немесе генерализациялайтын (жалпылайтын). Қоғамдық ғылымдар идиографиялық (өзіндік ерекшелігі бар )деуге болатын тәсілге ұмтылады.
Әлеуметтік-гуманитарлық таным зерттеушіден сезімдесуді, толқынысты, парапарлауды, оның тағайындалуы мен мақсатын түсінуді қалайды. Олар өзін мәтін, ескерткіш, шығарма, құрал, жест, әлеуметтік институт пен құрылымдар түрінде көрсетуі мүмкін.
Жаратылыстануда зерттеу пәндері субьектіге қарсы қойылып, обьект ретінде ұсынылады. Оның ішкі дүниесіне енуді зерттеуші қалаймайды, оның ішкі жағынан емес, сырттан талдайды, рухсыз элементтерге бөлшектейді, экспериментальдік құралдар арқылы әсер етуге кезігеді, оған азап шегу алып келетіндігіне алаңдамайды.
2. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми төңкерістердегі басты жаңалықтар: салыстырмалылылық теориясы, кванттық механика, оған сәйкес келетін космология. 1905 жылы А. Эйнштейннің ашқан салыстырмалық теориясы кеңістік пен уақыттың салыстырмалы екендігін негіздеуге арналған. Бұл релятивичтік сипат алады, вакуумдағы жарық жылдамдығына жақын қозғалатын денелер туралы. 1915-1918 жылдары салыстармалықтың жалпы теориясын негіздеді. Ол екі постулаттан құралады: 1. Салыстырмалық қағидасы, тыныштықта тұрған оқшау материалдық жүйеде және түзу сызық бойынша бірқалыпты қозғалыстағы кез-келген процесс бірдей өтеді. 2. Вакуумдағы жарық жылдамдығының тұрақтылығы, оның жарық көзінің жылдамдығына тәуелді емес екендігі.
Ендеше, вакуумдағы жарық жылдамдығынан, кез-келген жылдамдық бойынша қозғалатын әрекет аса алмайды; жарық жылдамдығына жақындыған дене қозғалысында уақыт ағымы баяулайды, массасы да осы жылдамдықтың күшеюі бойынша артып отырады. Қозғалыстағы массивті дене өзінің айналасындағы кеңістік-уақытты қисайтады. Бұл ұлғайып бара жатырған әлем моделін жасаудың алғышартын анықтап берді. Обьектінің кеңістік-уақыттық қасиеті бақылаушының жағдайына (орнына) байланысты болып шығатындығын ашып берді, оқиғалардың әлемдегі бір уақыттылығы абсолютті емес, бақылаушының жағдайына байланысты салыстырмалы болып келеді.
Кванттық механика ұсақ бөлшектердің қозғалыс заңдары мен суреттелуінің тәсілінің бекітілуі туралы теория. Бұнда бөлшектер толқындық пен корпускулярлық қасиеттерді алып жүруші және олар бірін бірі жоққа шығармайды, керісінше толықтырып отырады. Корпускулярлы-толқындық дуализм теориясы шықты.
Космология әлемді біртұтас ретінде зерттейтін, астрономиялық бақылаулармен қол жетімді болатын ғарыш туралы ілім. ХХ ғасырдың 20 жылдарында галлактикадан тыс астрономия туып, ол мынадай кезеңдерді бастан өткерді: уақыт пен кеңістіктің қисаятындығы мен кеңістіктің тұйықталуы мүмкін екендігі туралы түсініктердің ұсынылуы; А. А. Фридман (1922–1924) ұсынған қисайған кеңістік тұрақты емес, ол ол кеңеюі немесе сығылуы тиіс, осыған сәйкес ғаламның жасы (кеңею үұзақтығы шамаланды) ; кеңейіп бара жатырған ғалам бойынша денелер әр түрлі сатыда болады. Бұдан бастапқы сатыдағы ұлғаюда өте жоғары температурада жылу тарағандығы кейіннен суығандығы ұсынылды. Суыну кезінде атом, протогаллактика, жұлдыздар пайда болған деген болжам негізделді.
Бұдан әлемнің бастапқы тығыз қалпы (сингулярлық) мен оған қайта оралу мүмкіндігі туралы мәселелер қойылды. Бұл ғарыш пен адамзаттың пайда болуы мен өмір сүруі, аяқталуы мен жалғасуы, болашағы туралы философиялық мәселелерге ойысты.
3.Әлемнің шексіз көптүрлілігі мен біртұтастығына байланысты философия өзінің ұғымдар мен категориялар жүйесі арқылы әлем құрылымы мен жаратылу мәселелеріне бойлай енудің жалпы бағдарларының концептуалдық мәніне қарай ұмтылады. Соның бірі космогенез, яғни, философия тарихы бойынша қарастырылатын космология (ғарыш туралы ілім) оның даму эволюциясының өн бойында тұтас ұсынылатын мәнді обьектіге де айналғандығы бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда.
Бұл жерде біз зерделеп отырған Бейболмыс мәселесінің Ештеңе ретінде алмастырылған нұсқасы бойынша космогенездің түп бастамалық алғы проблемалары туындайды. Сондықтан басты алғышарт ретінде – ғылыми космогенездік хаос пен діни жаратылу актісіндегі Ештеңе мәселелерін салыстыра бағамдау – Бейболмыс проблемасының ғылыми-жаратылыстық және діни-сенімдік синкретизмдік бірлігін қайтадан реконструкциялайды.
Ғылыми тұрғыдан сарапталатын Хаостың алғы бастамалық қызметіне байланысты осы тұстан космогенезге ортақ мәселе – теологиядағы жаратылу актісін негізге алатын креацонизмдегі Ештеңенің алғы бастау болып табылатын жақ екендігі туралы аналогиялық конструкция алынады. Космогенездегі алғы бастауды біз орталық түсінік ретінде қарастырып, оның ғылыми және діни тұрғыдан жарыспалы түрде негізделетін тұғырнамаларын философиялық тұрғыдан сараптау әлемнің пайда болуы туралы екі парадигманы зерделеуді қажет етеді.
Теологиядағы Ештеңе мен жаратылыстанудағы Хаос мәселесінің ортақ түйткілдері бойынша адамзатты көне дәуірлерден бастап толғандыратын мынадай мәселелерді аналогиялық түрде ұсынуымызға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |