І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет1/94
Дата27.09.2023
өлшемі194,17 Kb.
#110970
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
І б лім. Педагогикалы маманды а кіріспе 1 та ырып. Азіргі жа


І БӨЛІМ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ


1 тақырып. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСЫМДЫЛЫҚ РӨЛІ



  1. Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі.

  2. «Білім беру» ұғымының мағынасы.



1.1. Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Жаһандану үрдістерінің ықпалымен ХХІ ғасырға адамзат үлкен ғылыми –техникалық жетістіктерімен жетіп отырғаны баршамызға мәлім. Жоғарғы дамыған электрондық техника, ақпараттық және өндірістік технологиялар , медицина мен генетикалық инженериядағы ашылып жатқан жаңалықтар, физика, кибернетика т.б салалардағы ғылыми жетістіктерін жеңілдетуге көп септігін тигізуде. Дегенмен, әлемдік деңгейде тек адамзат қоғамының өркендеуіне, ілгері дамуына, адамдардың ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен қатар, адамдардың арасында рухани жұтаңданудың көріністері әлеуметтік қауіпті құбылыстар (ланкестілік, техногендік, социогендік қатерлер, т.б) алаңдатушылық тудыра бастады. Неліктен қоғам өркендеген сайын мұндай жағымсыз әлеуметтік құбылыстар азая түспейді? Осындай қарама-қайшылықтардың себептері неде? Бұл парадокстың басты себептері – адамдардың құндылықтың бағдарларының өзгеруі, рухани-адамгершілік қағидаларының әлсірей бастауы, соның салдарынан азаматтың сана-сезім мен әлеуметтік жауапкершіліктің қатынастардың күрделенуіне қатысты адами ресурс сапасын жақсарту мәселесі өзектеніп, білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі:
- білім беру – мемлекеттің өркендеуінің маңызды қозғаушы күші;
- білім беру – мемлекет бәсекелестігін сақтаудағы басымдылықтардың бірі;
- білім беру – мемлекеттің адами капиталын қалыптастырудың іргетасы;
- білім беру – әр тұлға үшін де, қоғам .үшін де баға жетпес құндылық;
- білім беру – адамның тұлғалық және кәсіби дамуының басты факторы.
Бүгінге дейін педагогика ғылымының негізгі категорияларының бірі ретінде саналып келе жатқан «білім беру» ұғымын қазіргі таңда кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырған дұрыс. «Білім беру» ұғымы 18-19 ғасырлардан бастап ғылыми айналымға еніп (Д.Локк, И.Г. Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып отыр. Педагогика ғылымында білім берудің бірнеше анықтамалары кездеседі. Солардың көп тараған анықтамаларына тоқталып өтсек:
- Кең мағынадағы білім беру – жеке тұлғаның өз өмірлік жолын құзырлы таңдау мүмкіншіліктерін кеңейтуге және өзін-өзі дамытуға бағытталған үрдіс. (А.Г.Асмолов).
- Білім беру – жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын, оның қабілеттері мен мінез-құлқын жетілдіру үрдісі және нәтижесі (ЮНЕСКО).
- Білім беру – жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру үрдісі.(Педагогикалық энциклопедия)
- Білім беру – адам, қоғам мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту үрдісі (В.А.Сластенин).
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты – білім алушыға тек академиялық білім беріп, білік пен дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның бойында әлеуметтік құнды іс-әрекеттерге қатыса алуы үшін өзіне де, қоғамға да қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан қарағанда білім берудің білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру міндеттері арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани – құндылық , еріктік, физикалық қабілеттері жағынан толыққанды тұлға ретінде дамуы маңызды. 1.2. «Білім беру» ұғымының мағынасы. Білім беру ұғымының ауқымы кеңейген сайын, оның мазмұны да жан-жақты зерттеле бастады. Білім берудің әлеуметтік мәнін ашуда білім беру философиясы деген ұғым кеңінен талқылануда. Философия ғылымының заңдары көптеген құбылыстарды зерттеуде, оларды танып білуде, түсіндіруде кеңінен қолданылады. Осыған байланысты білім беру саласындағы көптеген мәселелерді философиялық тұрғыдан түсіндіру көзқарастары ерекше жүйе ретінде қалыптасқан. Шығыстың атақты философы, ғұлама ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби жалпы педагогика ғылымының өзін тәжірибелік философия немесе қолданбалы философия ретінде қарастырған. Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар В.В.Краевский, Б.Л.Вульфсон, В.В. Кумарин, Б.С.Гершунский т.б. болған. Бұл ғалымдардың зерттеуінше білім беру философиясы үш тұрғыдан қарастырылады: 1) Білім беру философиясы – қолданбалы философиясы ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан білім беру саласының даму заңдылықтарын негіздеу үшін жалпы философиялық қағидаларды қолдану жеткілікті деп есептелінеді.
2) Білім беру философиясының мазмұны педагогика ғылымының теориялық- әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріледі.
3) Білім беру философиясы – дербес ғылыми білімдер саласы, оның негізін тек білім беруге қатысты жалпы философиялық ілімдер ғана емес, білім берудің барлық аспектілердің қызметтерін қамтитын жеке шынайы даму заңдылықтары құрайды. Білім беру философиясының біртұтас нысаны біртұтас нысаны (объектісі) – барлық құндылықтық, жүйелілік, іс-әрекеттік, нәтижелік сипаттағы білім беру үрдісі. Білім беру философиясының зерттеу пәні – білім беруге қатысты пәнаралық теориялар, заңдар, заңдылықтар, категориялар, ұғымдар, терминдер, принциптер, постулаттар, ережелер, әдістер, болжамдар, идеялар, фактілер. Б.С.Гершунскийдің пайымдауынша «білім беру философиясының мәні – білім беруге бетбұрыс алған философия», немесе «білім беру іс-әрекетінің барлық аспектілерінің өзіндік ғылыми парадигмасы». Сонымен, білім беру философиясының мәні – адам өмірінің түрлі кезеңдеріндегі оқыту, тәрбиелеу және дамытудағы құндылық-бағдарлық, мазмұндың-поцессуалдық, нәтижелік компоненттері жайлы ғылым аралық білімдер жүйесі. Білім беру ұғымының күрделідігі, көпжақтылығы оны жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С.Гершунский білім беру ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді: білім беру құндылық ретінде; білім беру жүйе ретінде; білім беру үдеріс және іс-әрекет ретінде; білім бері нәтиже ретінде (Сурет1).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет