Қылмыс көптігінің түрлері және олардың заңи маңызы: Қолданыстағы қылмыстық заңды басшылыққа ала отырып, қылмыс көптігінің төмендегідей түрлерін атап көрсетуге болады: қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы; қылмыстардың жиынтығы; қылмыстың қайталануы. Қылмыстық кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген адам олардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңда бекітілген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бір бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау – қылмыстардың бірнеше рет жасалуыдеп танылады.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасау қылмыстық Кодексте арнайы көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше рет жасалған деп танылуы мүмкін. Егер тұлға бұрын жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшін соттылығы жойылған немесе алынған болса не мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетсе, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы қылмыстық заңнама бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы ҚК-тің Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше мәрте жасағаны үшін жазаға тартуды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша айқындалады.
Қылмыстардың жиынтығында адам егер жасалған әрекеттердің белгілері ҚК-тің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылған болса, әрбір жасалған қылмыс үшін Қылмыстық Кодекстің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. ҚК-тің екі немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) те қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың осындай жиынтығында егер бір әрекеттің белгілері Қылмыстық Кодекс бабының басқа әрекет үшін негұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса, әрбір қылмыс үшін Қылмыстық Кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Егер белгілі бір және нақ сол әрекет ҚК-тің тиісті баптарының жалпы және арнаулы белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.
Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы