10 Қылмыстық ҚҰҚЫҚ БҰзушылық КӨптігінің түсінігі



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі20,22 Kb.
#126926
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 10


Лекция 10
10 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ КӨПТІГІ
Қылмыстық құқық бұзушылық көптігінің түсінігі: Жекелеген тұлғалардың бір емес, бірнеше қылмыс жасайтындығы сот тәжірибесінен белгілі. Осындай жағдай орын алғанда әрекеттің қоғамдық қауіптілігі айтарлықтай арта түседі. Бұл бірнеше қылмыстың бір қылмыстық әрекетпен салыстырғанда қоғамдық қатынастарға үлкен зиян келтіретіндігімен түсіндіріледі. Бір тұлғаның бірнеше қылмысты жасауы, әдетте, оның қоғамға қарсы көзқарастары мен жүріс-тұрыстарының барынша тұрақтылығының куәсі болып табылады. Бұл заңшығарушының тарапынан соған сәйкесті түрде әрекет жасауды талап етеді, ол өз кезегінде қылмысты саралаудан немесе жаза тағайындаудың арнайы ережесін қолданудан көрініс табады. Қолданыстағы қылмыстық заңнамада тиісті нормалар біргей кешен ретінде біріктірілмеген (мысалы, қылмысқа бірігіп қатысушылық сияқты). Алайда аталған нормаларды барынша тереңірек меңгеру үшін бір тұлғаның екі немесе одан да көп қылмыс жасауын ерекше қылмыстық-құқылық институт – қылмыстардың көптігі ретінде ажыратқан дұрыс болады.
Қылмыстың көптілігі дегеніміз бұл – бір тұлғаның әрқайсысы қылмыстық заңмен дербес қылмыс ретінде бағалатын бірнеше құқық бұзушылықты жасауы болып табылады.
Қылмыстардың құрамы олардың көптілігінің барысында өздерінің заңи белгілері бойынша сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін, яғни бір тұлғаның жүріс-тұрыстарының барысында бірдей, сондай-ақ, әртүрлі қылмыстар орын алуы мүмкін. Осыған тәуелді түрде жасалған әрекеттер кейбір реттерде бірнеше қылмыстық заңмен (мысалы, қылмыстардың жиынтығының барысында), ал кейбір реттерде Қылмыстық кодекстің бір бабымен қамтылса, үшіншіден – жазаны тағайындаудың тәртібіне және оны өтеудің шарттарына (мысалы, қылмыс рецидивінде) ықпал етеді.
Қылмыстардың көптілігіне дербес қылмыстық-құқылық құбылыс ретінде келесідей белгілер тән болады:
1) көптілікті құрайтын екі немесе одан да көп құқық бұзушылық тек қылмыс болып табылуы тиіс;
2)бұл құқық бұзушылықтардың кез келгені заңға сәйкес қылмыстың дербес құрамын құрайды;
3)көптілік ұғымымен қамтылатын әрекеттердің әрқайсысы, істі сотта қарау барысында, өзінің заң тұрғысынан алғандағы маңыздылығын сақтап қалады.
Бірінші белгі қоғамға қауіпті жүріс-тұрыстың әрқайсысының, қылмыс болып табылатындығымен сипатталады. Сондықтан әрбір жеке құқық бұзушылық өздігінен алғанда қылмыс болып табылмайтын қажетті қайталанушылық қылмыстың көптігін құрамайды тек осындай құқықбұзушылықтың екі немесе одан да көп орын алуы заң бойынша қылмыс деп танылуы мүмкін. Мәселен, бұрынғы уақытта әрекет еткен қылмыстық заңнамада бұл жағдай әкімшілік преюдиция ретінде бағаланатын. Мысалы, тұлғаның мас күйінде көлік жүргізуі бірінші ретте әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылса, сол жағдайдың бір жыл ішінде екінші рет қайталануы қылмыстық жауаптылыққа алып келетін, алайда бұл жағдайда қылмыстың көптілігі болмайтын. Керісінше, тұлғаның екі рет ұрлық жасауы қылмыстың көптігі болып табылады, себебі бұл актілердің әрқайсысы қылмыс ретінде бағаланады.
Екінші белгі көптілік ұғымымен қамтылатын әрекеттердің әрқайсысының қылмыстың дербес құрамын құрауының тиістілігімен сипатталады. Қылмыстық әрекеттердің көптілігінің, әрқайсысы бірнеше актіден құралғанмен, заң шығараушымен бірқатар қылмыстар емес, күрделі болғанымен бір қылмыс ретінде бағаланатын жалғасқан, созылған және құрамалы қылмыстардан айырмашылығы да нақ осыдан көрініс табады.
Жалғасатын, созылған және құрама қылмыстар объективтік және субъективтік белгілердің тығыз заңи ортақтығымен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде заңшығарушыға олардың әрқайсысын Қылмыстық кодекстің белгілі бір бабында немесе бабының бөлімінде сипатталған бір құрамға біріктіруге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет