Бір ниетпен қамтылған және ортақ мақсатқа бағытталған бірқатар ұқсас қылмыстық іс-әрекеттерден құралған қылмысты жалғасқан қылмыс деп бағалауға болады.
Жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің заң тұрғысынан алғандағы бірегейлігі, кінәлінің қылмыстық ниетінің ортақтығы жасалған әрекеттің барлығын жалғасқан бір қылмыс ретінде бағалауға негіз болады.
Жалғасатын қылмыстың мысалы ретінде ҚР ҚК 222-бабында қарастырылған тауар белгісін заңсыз пайдалану қылмысын келтіруге болады. Аталған қылмыс түрі үшін сипатты болып табылатын барлық әрекеттер заңи тұрғыдан алғанда бірдей, бір объектіге қол сұғады, бір ниетпен қамтылады сондықтан бір құрамын құрайды. Жалпы ереже бойынша, жалғасатын қылмыс кінәлі тұлғамен ойластырылған эпизодтардың соңғысы жүзеге асқан кезде аяқталған болып саналады.
Созылған қылмыс дегеніміз – әлдеқандай қоғамға қауіпті әрекеттен немесе әрекетсіздіктен басталып, кейін белгілі бір уақытқа кейде ұзақ уақыт бойына әркетсіздік нысанында жүзеге асырылатын қылмыс болып табылады. Оның мысалы ретінде ҚР ҚК-нің 373-бабындағы қашқындықты келтіруге болады. Ол әскери қызметтен жалтару мақсатында бөлімді тастап кету сияқты белсенді әрекет арқылы немесе осындай мақсатпен қызметке келмеу сияқты әрекетсіздікпен жасалуы мүмкін.
Аталған қылмыс созылған қылмыс ретінде қоғамға қауіпті жүріс-тұрыстың бастапқы актісінің нәтижесінде емес, жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы заңның талаптарын әлдеқандай уақыттар бойына орындамаумен байланысты әркетсіздіктің нәтижесінде созылған қылмыс ретінде бағаланады. Олай болса, созылған қылмыс дегеніміз кінәлі адамның бастапқы құқыққа қарсы актіні жүзеге асыруымен байланысты оған заң арқылы жүктелген міндеттемелерді ұзақ уақыттар бойына орындамауынан көрініс табатын іс-әрекет немесе әрекетсіздік.
Құрама (күрделі қылмыстар) – әрекет етуші заңнама бойынша әрқайсысы дербес қылмыс ретінде қарастырыла алатын өзара байланысты әртүрлі әрекеттерден түзіледі. Осындай әрекеттер заңшығарушымен бір қылмысқа біріктіріледі олар өзара байланысты бірегей кешен құраған сәтте жауаптылықтың жоғары деңгейіне ие болады және өмірде салыстырмалы түрде алғанда жиі кездеседі. Құрама қылмыстың мысалы ретінде қарақшылықты, яғни бөтен мүлікті тартып алу мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күшті қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасауын келтіруге болады. Қылмыстың берілген түрі екі түрлі қол сұғушылықтан құралатындай біреуі жеке тұлғаға бағытталса, екнішісі меншікке қарсы бағытталады.
Қылмыстық әрекеттердің көптігі жеке қылмыспен тіпті олардың күрделі түрімен салыстырғанда да субъектінің қоғамдық қауіпті әрбір актісінің заң шығарушымен ерекше, қылмыстың дербес құрамы ретінде бағалануымен сол себепті де жеке дара қылмыстық құқықтық бағалауды талап етпейтіндігімен сипатталады.
Қылмыс көптігінің үшінші белгісі оны құрайтын әрекеттердің әрқайсысы істі сотта қарау сәтінде өзінің заңи маңыздылығын сақтауы тиіс. Ол, яғни қылмыстық жауаптылықтың дербес негіздемесі болуы тиіс немесе заңның тікелей нұсқауы болмағанда таңдап алынатын жазаның сипаты мен мөлшеріне айтарлықтай ықпал ету мүмкіндігін сақтап қалуы тиіс. Олай болмаған жағдайда мысалы, рақымшылық жасау немесе ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты ондай мүмкіндік болмайтын болса, қылмыстың көптігі туралы ерекше қылмыстық құқықтық ретінде сөз қозғауға болмайды.
Жалпы ереже бойынша, қылмыстардың көптігі әртекті немесе біртекті қылмыстарды жасау барысында пайда болады, бірақ кейбір реттерде ол бірдей қылмыстардың біреуінің барысында да құралуы мүмкін.
Негізгі немесе саралаған құрамдардың маңызды элементтері бойынша толықтай сай келетін қылмыстарды бірдей қылмыстар деп атаймыз. Мысалы, бірдей қылмыстар ретінде жеке мүлікті ұрлаудың екі жәй түрін (ҚР ҚК 188 бабының 1 б.) немесе техникалық құралдарды пайдалану жолымен жасалған жеке мүлікті ұрлау (ҚР ҚК 188 бабының 2 б.).
Берілген қылмыстар объектісінің, объективтік жағының заңи сипаты бойынша сай келеді. Жасалған қылмыстардың объективтік жағының жекелеген белгілерінің сәйкес келмеуі (мысалы, ұрлықтың жасалған орнының, уақытының немесе затының сәйкес келмеуі) оларды заң тұрғысынан бірдей бағалауды жоққа шығармайды.
Біртектес қылмыстар қол сұғу объектісі бірдей немесе ұқсас және кінәнің бірдей нысанымен жасалатын бірақ объективтік жағы, мақсаты мен пиғылдары бойынша әртүрлі болып табылатын қылмыстар бір тектес қылмыстар болып саналады. Мысалы, ұрлық (ҚК 188 б.) және алаяқтық (ҚК 190 б.) жәй ұрлық (ҚК 188 б. 1 б.) және сараланған ұрлық (ҚК 188 б. 2 б.) тәрізді қылмыстар біртектес болып табылады.
Бірдей немесе біртектес ұғымымен қамтылмайтын барлық басқа қылмыстар олардың арасында белгілі бір ұқсастықтар орын алса да әртекті қылмыстар қатарына жатқызылады. Қылмыстардың көптігінің аясында бірдей немесе біртекті не әртекті қылмыстарды жасау тек оның түріне ғана ықпал етеді.