10-лекция XVIII ғ. БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ ШЫНАЙЫ ТҰРҒЫДА БЕЙНЕЛЕНУДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ Содан бері ғасырлар бойы өнер адамзатпен бірге жасасып, керемет дүниені емір керегіне жаратып, тұрмыс кажеттілігіне айналдырған келеді. Өнер-қуаныш көзі, өнер - адамның ақылшысы бейнелеу енері жан серігі, рухани азығы болды.
Өнер тарихындағы хронологиялық саты жөніндегі ақпараттық материалдың кепілі. Ол өнердің дамуы Альтамир үнгіріндегі алғашқы адамдардың сұңғат өнері туындылары «шыншыл өмірді» бейнелейтін шынайы ақиқат шығармаларынан әлдеқайда өміршең, күштірек екенін көрсетті.
1979 жылы археолог Марселино Саутола қазір аты әлемгe әйгілі Альтамиро үнгірін ашып, онда будан 40 мың жыл cалынган 26 хайуанат суретін тапты. Бұл біздің заманымызға келіп жеткен бейнелеу өнерінің ең алғашқы ескерткіштерінің бірі болды. Аз уакыт өткен сон Франциядагы Монтеспан, Ласко үнгірлеpінде, Германиядагы Витлеидорф жерінде, Башкуртстандагы Капова қуысында, тағы да баска жер шарының көптеген аудандарында алғашқы қауымдық құрылыс кезінде салынған сызу, ою, сурет өнерінің үлгілері табылды.
Тек бертін келе, бұдан 11-IV мың жылдар бұрын ғана ежелгі гректер өнерді саралап, түр-түрге бөле бастады. мифология бойынша тоғыз муза өнерінің тоғыз түріне қамкоршы болды. Музалар кейіпкерлер. Демек, бұл жағдай өнер түрлері арасындағы: байланысты көрсетеді. Айта кетер бір жайт: өнер түрлерінің тізімінде қазір кең тараған мүсін, живопись (сұнғат), архитектура (сәулет өнері) аталмайды, өйткені ежелгі гректер бұл түрлерді қолөнерге немесe шамасында Антикалык Зевс пен Мнемо-зина кыздары, апалы-сіңлілі ғылымға жатқызған.
Неміс оқымыстылары И. Кант және Гегель өнер түрлерін ғылыми негізде белгілі жүйеге келтіруге тырысты. Эстетикалық теорияларда көркем өнер ескерткіштерін бейнелеу өнері мүсін, живопись, әдебиет, дене қимылы (пантомима) және баяндау енері архитектура, би, музыка, әшекей бұйымдар болып екі топқа бөлу кең орын алды. Кейбір мамандар кеңістікке байланысты өнер түрлері; архитектура, мүсін, графика, живопись жане уақытқа байланысты өнер түрлері: музыка, әдебиет деген жүйені ұсынуды дұрыс көреді. Алайда, қазіргі эстетикалық ғылымда бәрімізді бірдей қанағаттандыратындай өнер түрлерін бөлу жүйесі жоқ екенін атап айтуымыз қажет.
Мәдениет тарихымен көп шұғылданған Гегель, керкем өнердің бастамасы деп сәулет енерін (архитектура) аталды. Бул сөздердің жаны бар. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде үңгірді, қуысты, oрман-тоғайды паналады. Өте қарапайым лашыктар салып, оны ағаш жапырақтарымен не гүлдермен безендірді, демек, адам әсемдік сезімі бар суретшігe aйналды. Taптық коғамның пайда болуы, діннің идеологиялық құрал болып қалыптасуы үстем тап өкілдерінің талабына сай салтанатты сарайлар, адамды еріксіз бас идіретін салмақты да үрейлі құрылыстар (храмдар) салуды қажет етті. Демек, архитектуралық туындыларда белгілі әлеуметтік мағына бар.
Өткен дәуірдегi cәулет өнерінің ескерткіштері, В.Гюгонын айтуы бойынша, жеке адамдар емес, қоғам туғызған ескерткіштер: Мысыр пирамидалары, Римдегі колизей, Париждегі «Тас симфония» аталған Нотр-Дам соборы, Кельн, Амьен храмдары, Кремль ансамблі т.б. көптеген әйгілі құрылыстар осының айғағы.
XVIII ғaсырдың 70.жылдарынан бастап Еуропада Шыншыл тұрғыда бейнелеу «классицизм стилі» бағыт алды. Ежелгі антикалық өнер қайта жаңғырып өнердің өркендеуінің қайнар көзі болды.
Өрнек өзінің тепе-тендігі мен тұрақтылығына кайта келеді, түзу сызықтар анық және нақты бөлшектерге бөлінеді. Квадрат, төртбұрыш, шеңбер мен овалдарға бөлінеді.
Квадрат, тік төртбұрыш, шеңбер мен овалдардың анық және нақты бөлшектерге бөлініп, өрнектер өзінің тепе-тендігі мен тұрақтылығына кайта оралды. Барокко мен Роккоко өрнектерінің көптеген элементтері сақталғанмен, классицизм артық және ауыр салмақты, динамикалык формалардан арыла бастайды.
Өрнектердің колориттік шешімі ұстамды, тұрақты бола бастайды, росписьтерде гризайль колданады.
Классицизм стиліндегі өрнектік композицияларда үнемі квадрат, төрт бұрыш, овал розеткалар, лавр, акант жапырақтары, гирляндаға ұласқан гүлдер кездеседі. Пальметкалар жінішке және ұзынша болып. байыпты қарапайым контурлы пішімде жасалды. Сүйікті мотивтерге медальон, антикалық альтар мен урна, арыстан, сатир, грифон, сфинкс бастары және себеттегі гулдер, дельфин, амур, кептер бейнелері салынды. Ілмекпен,баумен қосылып өрілді. Композициялар анық және шынайы гармонияларға толы болды.
Классицизм архитектурасында меандр, гүл жолақтары, акант жапырактары, гүл шоқтары кездеседі.
Классицизм дәуірінде өрнектік композициялар мейлінше қатал симметриялы, грек өнерінен ауысқан (бүркіт, дельфин, қойдың басы) элементтер кездеседі. Жиі қолданылатын табиғат мотивтері: жапырақ, гүл гирляндалар, зәйтүн ағашының жапырақтары, атрибуттары (орақ, тырма, тоқылған себеттер) махаббат символы болатын (сүйіскен құстар мен от жалыны).
Классицизм дәуіріндегі Франция маталарында декор көбіне майда гүлдердің шашырандысы, бант пен бау-бакша саймандары кездеседі, бұл осы кезеңнің табиғатқа оралу сәнділігі болып табылады.
Композициялар тепе-тендігімен, ал қанық түстер үйлесімді түстерге айналды( нәзік жасыл, ашық сары). Классицизм дәуiрінінің танымал декораторы Филипп де Лассаль болды. Ол тауыс пен қырғауыл, ауыл мен музыка сюжеттері салынған қаптауга арналған маталар шығарды.
Жаңа стильдің пайда болуына буржуазиялық жолмен дамыған Англияның да қосқан үлесі көп. Данышпандық, сезімталдық, өлшем, Англия халкының сүйікті мәнері. -"элеганттық" XVIII ғасырдағы классицизмнің тұжырымдамасы болды.
Бақылау сұрақтары: 1. Pеализм онерінің пайда болуы.
2. Өнер ағымындағы көрнекті суретшілер.
3. Сәулет құрылымындағы өзгерістер.
4. Бейнелеудегi (сұңғат өнеріндегі) тақырып мазмұндары.
5. Барокко, Рококо өнері ағымындағы сәулеттің құрылымдары киім үлгілері мен қолөнер туындыларындағы сәндік элементтердің ұқсастықтары.
6. Өнер тарихындағы хронологиялық саты.
7. Шыншыл тұрғыда бейнеленудің пайда болуы.