10. Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары



бет1/2
Дата19.05.2023
өлшемі26,99 Kb.
#94859
  1   2
Байланысты:
10. Ìèäû? äàìóû, ìè ê?ï³ðø³êòåð³, îëàðäû? òóûíäûëàðû, ?àëäû? ?óû


10.Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары.
Жүйке түтігі өте ерте ми мен жұлынға сәйкес келетін екі бөлімге бөлінеді. Оның мидың бастамасы болып табылатын алдыңғы, кеңейген бөлімі, атап көрсетілгендей, жіңішкерген жер арқылы бірінен соң бірі орналасқан үш бастапқы ми көпіршігіне бөлінеді: алдыңғы - prosencephalon, ортаңғы - mesencepalon және артқы - rhombencephalon. Алдыңғы ми көпіршігі алдынан шекаралық табақшамен lamina terminalis тұйықталған. Үш көпіршіктен тұратын бұл саты одан әрі қарай дифференциациялану барысында мидың негізгі бес бөліміне бастама беретін бес көпіршік сатысына ауысады.
Соңғы иілім арқылы артқы ми көпіршігі rhorbencephalon екі бөлімге бөлінеді. Олардың артқы бөлімі myelencephalon даму соңында сопақша миға айналады да, ал metencephalon деп аталатын алдыңғы бөлімнің вентралды жағынан көпір, дорсалды жағынан мишық өсіп дамиды. Metencephalon алдында жатқан ортаңғы ми көпіршігінен тар жіңішкерген жер isthmus rhombencephali арқылы бөлінеді. Горизонталды кесіндісінде rhombencephalon-ның ортақ қуысы ромб тәрізді ол жұлынның орталық өзегімен қатынасатын IV қарынша түзеді.
Оның вентралды және бүйір қабырғалары бассүйек жүйкелері ядроларының, дамуы нәтижесінде қатты қалыңдайды да, ал дорсалды қабырғасы жұқа күйде қалады. Сопақша ми аймағында оның көп бөлігі жұмсақ қабықпен бітісіп көтетін тек бір ғана эпителий қабатынан тұрады (tela choroidea inferior).
Ортаңғы ми көпіршігінің mesencephalon қабырғалары ми заты дамығанда бірқалыпты қалыңдайды. Олардан вентралды ми аяқшалары,ал дорсалды жағынан ортаңғы ми төбесі пайда болады. Ортаңғы көпіршіктің қуысы IV қарыншамен қосылатын тар өзекке суқұбырға айналады.
Артқы diencephalon (аралық ми) және алдыңғы telencephalon (соңғы ми) бөліктеріне бөлінетін алдыңғы ми көпіршігі prosencephalon жақсы дамып, пішін жағынан көбірек өзгеріске ұшырайды. Аралық мидың бүйір қабырғалары қалыңдап, таламустар (thalami) түзеді. Сонымен катар бүйір қабырғалары үлкейе келіп, екі көру көпіршігін түзеді, олардан кейін көздің торлы қабығымен көру жүйкесі дамиды. Аралық мидың дорсалды қабырғасы жұқа, ол жұмсақ қабықпен бітісіп көтетін эпителилі табақша күйінде қалады. Осы қабырғаның артында кішкене өсінді пайда болып, соның есебінен томпақ дене corpus pineale түзіледі. Көз көпіршіктерінің аяқшалары алдыңғы ми көпіршігі қабырғасының вентралды жағына тартылып келеді, соның нәтижесінде алдыңғы қабырғасы жұқа lamina terminalis тұратын осы көпіршік қуысының түбінде ұңғыл recessus opticus түзіледі, оның артында басқа бір құйғыш тәрізді ұңғыл пайда болады, оның қабырғаларынан tubercinereum, infundibulum және hypophysis cerebriдің артқы үлесі түзіледі. Одан әрірек артқарай diencephalon аймағында жеке томпақтүрінде жұп corpora mammilaria-ның іргесі қаланады. Аралық ми қуысын III қарынша түзеді. Telencephalon ортаңғы, кішілеу бөлікке (pars mediana) және екі үлкен бүйір бөліктерге үлкен ми сыңарларына hemispheria dextrum et sinistrum бөлінеді, үлкен ми сыңарлары адамда өте күшті ұлғайып өсіп, көлемі жағынан мидың қалған бөлімдерінен едәуір артып кетеді. Аралық ми (III қарынша) қуысының алдыңғы жалғасы болып табылатын pars mediana қарынша аралық тесіктер арқылы ми сыңарлары қуыстарымен қатынасады. Lamina terminalis-тың тікелей жалғасы болып табылатын алдыңғы қабырға ұрықтық дамудың бірінші айының басында, комиссуралық табақша деп аталатын қалыңдау жерді түзеді, одан кейін сүйелді денемен алдыңғы дәнекер дамиды.
Әрбір сыңардың негізінде, оның шінде шығыңқы жер пайда болады, одан жолақ дене corpus stratum дамиды. Ми сыңарлары медиалды қабырғасының бір бөлігі бір эпителий қабаты түрінде қалып, жұмсақ қабық қатпармен көпіршік ішіне қарай жиырылады (plexus choroideus). Әрбір ми сыңарының төменгі жағында, құрсақта дамудың бесінші аптасында-ақ иіс сезу миының rhinocephalon бастамасы түзіледі, ол біртіндеп fissura rhinalis lateralis-ке сәйкес келетін жүлгеше арқылы, ми сыңарлары қабырғасынан шекараланады. Ми сыңарлары қабырғаларында сұр зат (қыртыстың), одан кейін ақ зат дамып өседі, сөйтіп ми сыңары үлкейіп, иіс сезу миын және таламустармен бірге ортаңғы мидың дорсалды бетімен бірге мишықты жауып тұратын жамылғы - pallium түзеді. Ми сыңары алдымен маңдай бөлігінде, содан кейін жеке мен шүйде, ең сонында самай үлестері аймағында өсіп үлкейеді. Сол себепті жамылғы таламустарды қоршап айналатын сияқты болып көрінеді, олалғашқыда алдынан артына, содан төмен қарай айналып, маңдай үлесіне келеді. Осының нәтижесінде ми сыңарының бүйір бетінде, маңдай мен оған жақын жатқан самай үлесі арасында шұңқыр fossa lateralis cerebri пайда болады, ол үлкен мидың аталған үлестері жақындасқанда саңылауға sulcus cerebri lateralis айналады, оның түбінде аралшық insula түзіледі.
Ми сыңары дамып, өскенде онымен бірге мидың бүйір қарыншалары, сол сияқты corpus striatum-ның бір бөлігі (құйрықты ядро) дамып, аталған «айналуды» қоса жасайды. Олардың пішіндерінің ми сыңары пішініне ұқсас келуі: қарыншаларда алдыңғы орталық және артқы бөліктердің және төмен жүріп, одан әрі алға қарай иілетін төменгі бөліктің құйрықты ядрода - бас, дене және төмен әрі алға қарай иіл өтіп құйрығының болуы осымен түсіндіріледі.
Жүлгелер мен қатпарлар мидың әркелкі өсуінен пайда болады, алоның әркелкі өсуі мидың және бөліктерінің дамуына байланысты. Мәселен, иіс сезу миының орныңда sulcus olfactorius, sulcus мен sulcus cinguli; сезім және қозғалыс анализаторларының қыртыстық шеттерінің шекарасында sulcus centralis; қозғалыс анализаторы мен ішкі ағзалардан импульс аталатын премоторлық аймақ шекарасында sulcus precentralis; есту анализаторы орнында sulcus temporalis superior, көру анализаторы аймағында sulcus calcarinus және sulcus parietooccipitalis пайда болады.

25.Сопақша ми, ішкі құрылысы, ядроларының қызметі.


Сопақша ми - myelencephalon, medulla oblongata, ми сабауына тікелей жалғасы және ромб тәрізді мидың бір бөлігі болып табылады. Онда жұлын мен мидың бастапқы бөлімі құрылыстарының белгілері ұштасқан, сондықтан оның myelencephalon деген атауы осыған байланысты, буылтық тәрізді жоғарғы кеңейген шеті көпірмен шектеседі, ал төменгі шекарасы мойын жүйкелерінің I жұбының түбіршіктері шығатын жер немесе шүйде сүйектің үлкен тесігінің деңгейі.
1. Сопақша мидың алдыңғы (вентралды) бетінде орталық сызық бойымен жұлынның аттас жүлгесінің жалғасын құрайтын fissura mediana anterior өтеді. Оның бүйірлерінде - пирамидалар – pyramides medullae oblangatae жатады, олар жұлынның алдыңғы жіпшелерінің жалғасы болып саналады. Пирамидаларды құрайтын жүйке талшықтары будаларының бір бөлігі fissura mediana anterior тереңінде қарама-қарсы жақтың сондай талшықтарымен қиылысады да, decussatio pyramidum, содан кейін жұлынның бүйір жіпшесіне келеді.
Қиылыспай қалған талшықтары, жұлынның алдыңғы жіпшесінде өз жағында tractus corticospinalis anterior төмен түседі. Қарапайым омыртқалыларда пирамидалар болмайды, ол жаңа қыртыс дами бастағанда пайда болады. Соңдықтан олар адамда күшті дамыған, өйткені пирамидалық талшықтар ең жоғары дамыған үлкен ми қыртысын бассүйек жүйкелерінің ядроларымен және жұлынның алдыңғы мүйіздерімен байланыстырады. Пирамидадан латералды сопакша дөңес - олива, «oliva» жатады, ол пирамидадан жүлгеше - sulcusanterolateralis - арқылы бөлінген.
2. Сопақша мидың артқы (дорсалды) бетінде жұлынның аттас жүлгесінің тікелей жалғасы sulcus medianus posterior созылып жатады. Оның бүйір жақтарында артқы жіпшелер жатады. Олар латералды жақтарынан онша күшті дамымаған, sulcus posterolateralis арқылы шектелген. Артқы жіпшелер жоғары қаражыраса, ромб тәрізді шұңқырды көмкере өтіп, мишықтың төменгі аяқшаларының - pedunculi cerebellares inferiores - құрамына еніп, миныққа келеді.
Әрбір артқы жіпше аралық жүлге арқылы медиалды fasciculus gracilis және латералды fasciculus cuneatus бөліктерге бөлінеді.
Ромб тәрізді шұңқырдың төменгі бұрышында жіңішке және сына тәрізді будалар томпайып тұрады (tuberculum gracile және tuberculum cuneatum). Бұлар аттас сұр зат ядроларынан nucleus gracilis және nucleus cuneatus-тен пайда болған. Аталған ядроларда артқы жіпшелерде өтетін жұлынның жоғары көтерілетін талшықтары аяқталады. Sulsi postero- lateralis et anterolateralis арасында жататын сопақша мидың латералды беті бүйір жіпшеге сәйкес келеді. Оливаның артындағы sulcus posterolateralis-тен бассүйек жүйкелерінің XI, Х және IX жұптары шығады. Ромб тәрізді шұңқырдың төменгі бөлігі сопақша мидың құрамына кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет