10. Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздері және олардың рухани адамгершілік мән-мағынасы.
Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жемісі еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да — Қорқыт есімі. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата — ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де «Қорқыт ата шығармаларын» «Қорқыт Ата кітабы» деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырлар, дастандар жинақталып, 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады.
«Қорқыт Ата кітабы»- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеялар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Кең даланы еркін мекендеп, салтанатты, салауатты өмір кешкен көшпенділер “Адамзат өмірінің мәні неде?” деген философиялық мәселеге ұрпақтар сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі туралы түсінікке әкеліп салған. Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік- тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері өз болды. Қорқыт Атаны жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады. Қорқыт ата дана-ақылшы ретінде, біріншіден, даналық толғаныстары мен тұжырымдары, өсиетнамалардан, ғибратнамалар арқылы көрінсе, екіншіден, жырларының идеясы мен ішкі формасынан, үшіншіден, әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңестері мен батасынан сезімдік сипатты тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқатады. Қорқыттың этикалық әлемі-бұл қазақ халқы қоршаған табиғатқа, ұлы Отанға және оның батырлық өткеніне деген сүйіспеншілігін жиған ұрпақтардың жалғастырушы желісі, әдептілік дәстүрлердің тірі жалғасы, болашаққа сеніммен қараудың таусылмас қайнар көзі және даналықтың қазынасы. Ойшыл- сәуегейге жас та, кәрі де және одан өмірлік ауыртпалықтардан айығуға, жанына тыныштық және жүрек теріне жылылық таба білді. Қорқыт ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: «Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп серп етпе. Жер қадірін ел біледі, ер қадірін ел біледі. Құлын құдыққа түссе құрбақа құлағында ойнайды. Көп қорқытады, терең батырады. Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас, ұл атадан көрмейінше үгіт алмас. Ежелгі жау ел болмас, ескі мақта жіп болмас, қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөптің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды қумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы. Адам қанша қажетсінгенімен, ол өз үлесінен артық жей алмайды», т.б.[3].
Қорқыт Ата философиясында ұрпақтар сабақтастығы қағидасына ерекше мәнберген. Ұрпақтар сабақтастығы адамзат болмысының басты қағидасы бола отырып, қазіргі заманғы кейбір өркениетті елдердегі бұл қағиданың бұзылуы олардың болмыссыздығына әкеліп, адамгершілік өлшемдерге қайшы келеді. “Салор қазан үйінің шабылғаны туралы әңгімесінің баяны” жырында ұрпақтар сабақтастығы қағидасының тәрбиелік-тәлімдік мәнін төмендегіше суреттейді: Қарлы таулар қартайса, шөп бітпес, Арналы өзендер қартайса, су келмес, Биелер қартайса, құлын бермес, Ей, кәпір әйел қартайса, ұл бермес.
Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның ішінде ата- салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар туралы айтқан қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Мәселен, ата дәстүрі мен салты, жанұя тәрбиесі, тәрбиедегі үлгі-өнеге туралы өсиетнамалары мен қатар жырларында да жақсы айтылады. «Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас», «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес», «Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса».
Қорқыт атадан қалған тағы бір нақыл сөздерінен мысал келтірсек: «Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады». «Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардың өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басы құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды», «Ананың көңілі балада болар», «Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ», «Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі», «Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы», «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», «Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық».
Қорқыттың ой-пікірін философиялық тұрғыдан тұжырымдайтын нақыл сөздер, өсиеттер, қанатты сөз тіркестері өте көп. Қорқыт ата есімімен байланысты осындай үлгі-өнеге сөздер ел аузында көп сақталған. Мәселен ата салты, оның сабақтастығы мен өмір сүру тәсілі: қабылдап алу, сақтау, кейінгіге жеткізу сияқты уақыт бойынша ұрпақтар алмасуының кезеңдеріне негізделген үш сатысы туралы өсиетнамаларымен қатар жырларынан да көрінеді. Оны Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздерінен көз жүгірткенде анық байқаймыз. Отбасындағы әйел рөлін түсінуге қатысты қызықты идеялардың өзара алмасуы мен ой толғаулардың үндестігін Қорқыт Атадан да байқауға болады. Қорқыт бойынша, әйел-үйдің тірегі, «ондай әйел өзінің күйеуі аңға шығып кетіп, үйге түзден қонақ келсе, ол қонақты тамақтандырады, шөлін қандырады, дем алдырады да жібереді. Бұл Айша мен Фатима тектілер, мұндайлардың тіпті мыңы өсе берсін, ондай әйел сенің ошағыңа да келетін болсын» Қорқыт кітабының кіріспе сөзінде әйел төрт түрлі болады, оның басы құт әйел, соңы – қанағаты жоқ әйел, одан қалса елін ығыр қылытын кесір әйел, тірлігін ұқсатпайтын салақ әйел деген.
«Әйел төрт түрлі болады», — депті Қорқыт. «Оның бірі – ниеті қураған әйел, екіншісі – ынсапсыз әйел, үшіншісі – үйдің құты болған әйел, төртіншісі – кесір әйел». Әйел біткеннің ең жаманы – сол.
11. Ислам дінінің VIII-X ғасырлар аралығында Орталық Азия жеріне таралуы және жергілікті халыққа ислам мәдениетінің әсері.
VIII ғасырдың ортасында Орталық Азия күрделі геосаяси ахуалды басынан кешірді. Күн шығыстан Тан империясы Орталық Азияға үлкен қауіп төндірсе, күнгей тұстан Умәуилер ұдайы жорықтарын жасады. Сол кезеңде түркілердің қос өкпеден қысқан алпауыттарға қарсы тұратын қауқары болған жоқ. Сөйтіп, Орталық Азия үшін Умәуилер мен Тан империясы тайталасқа түсті. Ал, түркілер осы екі саяси күштің біріне таңдау жасау керек болды. Осылайша түркілер (қарлұқтар) Тан империясына қарсы тойтарыс беруі үшін Умәуилердің көмегіне сүйенді. 751 жылы шілде айында Тараз маңындағы Атлах деген жерде бетпе-бет келген қытайдың 100 мың әскері мен араб әскері арасында қиян-кескі ұрыс жүреді. Бес күнге созылған қан майданда араб қолбасшысы Зияд ибн Салих түркілерлің (қарлұқтардың) көмегінің арқасында қытай әскерін қайтып бас көтерместей талқандап, Гао Сянь Чжи қолбасшы аз ғана топпен қашып құтылады. Осылайша қазақ даласының Талас топырағында осыдан он екі ғасыр бұрын Ислам туы желбіреді. Яғни, Ислам дінінің қазақ даласына орнығуы қазақ тарихында «Талас ғазауаты» деп те аталатын Атлах шайқасымен тығыз байланысты. Осы тарихи соғыс сол кездегі Орталық Азияны мекен еткен тайпалар тағдырына елеулі ықпал еткен маңызды оқиға болды. Нәтижесінде Мәуеренахр мен Түркістан өлкесінің тұрғындары қытай экспанциясы қаупінен құтылып, біртіндеп Ислам дініне кіре бастады
IX ғасырдан бастап Ислам күшпен емес, бейбіт түрде насихатталып, түркілер біртіндеп Исламды қабылдай бастады. Қарахан мемлекетінде мұсылманшылықтың мемлекеттік дәрежеге жетуінің арқасында қалалық мәдениет гүлденіп, сол кезеңдегі сәулет өнерінен Айша бибі мен Алаша хан күмбезі, Әулие ата мазары, моншалар және су құбырлары сақталған. Сонымен қатар, түркілер ішінен көптеген дін ғұламалары шыға бастады және түркі тілі алғаш рет ғылыми түрде қолға алынып, М. Қашқаридың «Түркі тілінің сөздігі» және Ж. Баласағұнның «Құтты білігі» жарыққа шықты. Мұсылмандықты мемлекеттік дін еткен Қарахандықтар әулетінің билігін барша ғалымдар оңды бағалаған: «Қарахан әулеті тұсында түрік этносының ой санасы өседі, мұсылман әдебиеті түркі тілінде шыға бастайды. Қарахан дәуірі сапалық жағынан қоғамның барша саласындағы жаңа кезең боп табылады. Тек моңғол жаулаушылығы тұсындағы ауыр күйзеліс қана қоғамның дамуға бет алған табиғи процесін үзіп тастады». Ата-бабаларымыздың Исламды жатсынбай қабылдауының себебі, түркілердің байырғы Тәңірлік сенімі монетеистік наным болатын. Бұл концепцияны, бүкіл өмірін осы тақырыпқа арнаған атақты тарихшы Китапшы айтқан. Х ғасырда ибн Фадлан түркілдердің ішінде болғанында, тәңірлік сенім мен Ислам дінінің ұқсастығына таң қалғанын жазған болатын. Мәшһүр Жүсіптің дерегіндегі түркілердің: «Озған пайғамбардың үмбетіміз» дегенінде, Хақ Елшісінің бұл сенімді терістемеуі, ата-бабаларымыздың ханиф (таза) сенімінде болғанын көрсетеді. Яғни, арғы бабалырымыздың ұстанған Тәңірлік сенімі Хақ дінге (исламға) шүбәсіз сеніп, тез қабылдауына игі әсер етті. Бастапқыда Орта Азия халықтары Ислам дінін насихаттаушыларға себебі, өр кеуделі Ер түріктің ұрпағы Исламды күшпен қабылдағысы келмеді. Ақыр-аяғында Орталық Азия халықтары «әһлі суннәның» рационалистік бағыты саналатын (шариғатта) Ханафи және (ақидада) Матуруди мазхабын қабылдады. Себебі, бұл ағымдар әрбір мәселеге ақыл-парасатпен қарауға шақыратын еді. Сондай-ақ, Исламның сопылық бағыты да ежелгі түркілердің алып-ерендік, жыраулық, сал-серілік дәстүрімен сай келетін. Осы үндестік сопылық ілімнің қазақ халқының жүрегінен орын алуына игі ықпалын жасады. Сөйтіп VIII ғасырдың орта тұсында қарлұқтардың Ислам дінін қабылдауымен басталған илаһи үдеріс, XVI-XVII ғасырда Керей мен Найман тайпаларының Хақ дінді қабылдауымен толықтай аяқталды.
12. Орта ғасырлар кезіндегі Орталық Азия жерінде сауданың, қала өмірінің, мәдениет пен ғылымның дамуы.
Қалалық мәдениетті археологиялық зерттеу жаңа материалды анықтауға, оны жүйелендіруге және бірқатар мәселелерді, соның ішінде қала мәдениетін көшпелілікпен тығыз қарым-қатынаста дамыту аспектісін қарастыруға мүмкіндік берді.
Көне түркі мемлекеттері дәуірінде, әсіресе Қараханид мемлекеті кезінде көшіп-қонудың аумағы шектеледі, қоныстардың бағыттары тұрақталады, тұрақты қыстау мен жайлау бекітіледі, егіншілік дамып, жеке рулық бөлімдердің отырықшылыққа ауысуы орын алады. Мемлекеттік бюрократиялық аппарат, жалпы тіл мен жазба қалыптасады, сауда және дипломатиялық байланыстар дамиды. Қалаларды әкімшілік тұрақтар, қолөнер, сауда, мәдениет орталықтары ретінде қалыптастыру үрдісі жүреді.
Қала мен даланың өзара іс-қимылының мәдени аспектісі өзара әрекеттесу, алыс-беріс, еліктеу, интеграция сияқты құбылыстармен сипатталады. Мысалы, отырықшы халық көшпелілерден қару-жарақтың, әшекейлердің, бағалы металдардан жасалған ыдыстардың түрлерін қабылдап алды. Алайда, отырықшы халық толықтай көшіру жолымен емес, бұл бұйымдарға өздерінің ерекше элементтерін әкелді. Өз кезегінде көшпелілер өздеріне қажетті бұйымдарға деген сұраныстарды тек дамыған қала қолөнері болған жағдайда ғана толық қанағаттандыра алды.
Негізінен ертедегi және дамыған ортағасырлық мемлекеттер кезiнде феодалдық қатынастардың нығаюы, мемлекеттік бiрлестiктердiң пайда болуы, отырықшы егiншiлiк пен қалалардың өсуi, бiрiгiп, топтасуға бағытталған этникалық өзгерiстердiң күшеюi Орта Азия, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа халықтарымен экономикалық және мәдени байланыстар Қазақстан халықтары мен тайпаларының рухани мәдениетiнiң өсуiне ықпал еттi.
13. Қарахандар мемлекетінде исламның мемлекеттік дінге айналуы және оның түркілердің рухани және мәдени өміріне тигізген әсері мен ықпалы.
IX ғасырда Қарлұқ қағанаты ыдырап, тарих сахнасына Қарахан мемлекеті (IXғ.аяғы –XIII ғ.басы) келді. Аумағы – Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағын қамтыды.Бұл мемлекет екі ғасырдан астам өмір сүрді. 942 жылы Сатұқ Боғра хан өзін жоғарықаған деп жариялауынан кейін Қарахандар мемлекетінің тарихы басталды. Сатұқ Боғрахан 955 жылдан бастап Ислам дінін қабылдап, өзіне «Әбулкәрім» деп мұсылманша есімалғандығын жариялады. «Қарахандар шежіресінде» Боғра ханның діншілдігі, білімсүйгіштігі және әр жұма білімділерді жинайтындығы жайлы деректер келген. Сондайақ ол өзіне «Тәңірі жіберген құлы» деп айтылуын және солай жазылу керектігін құптайтын.
960 жылы Харун Мұса қаған (Боғра ханнан кейін) Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Бұл шешімнен соң, тарихшы З.Китапчы, В. Кляшторний,С.Сұлтановтардың деректерінде бір күнде он мың отбасы Ислам дінін қабылдаған кездер де болғаны айтылған. Ал «Тарихи рашиди» кітабында бір күнде 360 мыңадамның мұсылман аталғандығы айтылады. Қорыта айтқанда, Қарахан түркілерінің исламдануы дін таратушылардың белгілі бір күштеуімен емес, бірыңғай мемлекеттік діннің ықпалы негізіндегі экономикалық және саяси пайда күшімен дами түсті. Ал Қарахандықтардың саяси және әскери жеңістері Орталық Азия аумағына Ислам дінінің кеңінен таралып қана қоймай, тұрғылықты халықтыңбұқаралық идеологиясы ретінде ресми мәртебеге ие болуына өз әсерін тигізді.IX ғасырдан бастап Ислам күшпен емес, бейбіт түрде насихатталып, түркілер біртіндеп Исламды қабылдай бастады.
Қарахан мемлекетінде мұсылманшылықтың мемлекеттік дәрежеге жетуінің арқасында қалалық мәдениет гүлденіп, сол кезеңдегі сәулет өнерінен Айша бибі мен Алаша хан күмбезі, Әулие ата мазары,моншалар және су құбырлары сақталған.Сонымен қатар, түркілер ішінен көптеген дін ғұламалары шыға бастады және түркі тілі алғаш рет ғылыми түрде қолға алынып, М.Қашқаридың «Түркі тілінің сөздігі» және Ж. Баласағұнның «Құтты білігі» жарыққа шықты. Мұсылмандықты мемлекеттік дін еткен Қарахандықтар әулетінің билігін барша ғалымдар оңды бағалаған:«Қарахан әулеті тұсында түрік этносының ой санасы өседі, мұсылман әдебиеті түркі тілінде шыға бастайды. Қарахан дәуірі сапалық жағынан қоғамның барша саласындағы жаңа кезең боп табылады. Тек моңғол жаулаушылығы тұсындағы ауыр күйзеліс қана қоғамның дамуға бет алған табиғи процесін үзіп тастады.
ІХ ғасырда Муғтазилия ілімінің Аббасидтер идеологиясына айналуына байланысты Орталық Азияда Исламның рационалистік ағымдары өмір сүрді. Осының нәтижесінде Фараби, Ибн Сина, Бируни, Матуриди секілді шариғатпен қатар пәлсапа ілімін менгерген ғалымдар шықты. Сондай-ақ, нақлді (Құран мен Сүннет) жоғары қойған Бұхари,Муслим секілді хадистанушылар, Мәрғинәни, Дәбуси, Сарахси, Бәздауи секілді фиқһ ғалымдары бой көрсетті. Тіпті, Қарахан дәуірін терең зерттеген З.Кабакшы осы кезеңде Мәуреннахрдан үш жүзден астам фиқһ ғұламаларының шыққанын айтады.Ал сопылық ілімнің таралуына келетін болсақ, Жүсіп Хамадани,Абдулхалық Ғыждуани, Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани,Нәжмидденн Кубра секілді сопылар өз тариқаттарын құрды. Бұл екінші кезеңде де Орталық Азия біркелкі Исламды толық қабылдай қойған жоқ. Орталық Азияның Хорасан, Иранмен шекаралас аймақтарындағы халықтар көбінесе шииттік сенімде болды. Сондай-ақ, көшпелі тұрмыс кешетін қыпшақтар ескі Тәңір сенімінде қалған болатын.
14. Тәңіршілдік дүниетаным мен исламдық дүниетанымның сабақтастығы мен ерекшеліктері.
Тәңіршілдік (немесе Тенгризм, Тенгрианизм) — дәстүрлі түркілік дүниетаным бастауындағы монотеизмдік еркін ілімдік, метафизикалық сенім үлгісі болып, оны ежелгі заманда және ортағасырда Еуразия даласындағы көшпенділер, және кейбір осы замандық халықтар мен тұлғалар ұстанады. Тәңіршілдік сенімі көне түркі халықтарының, Ғұндардың, Болғарлардың, моңғолдардың, маньчжур және мадяр халықтарының ұлттық мәдениеті мен болмысына терең ықпал еткен тарихи сенім болды, Көктүрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Дунай және Еділ Болғарлары, Моңғол империясы, Шығыс Түркия (Хазария) қатарлылардың мемлекеттік діні болды. Тәңіршілдік сенімі бойынша, Тәңірі – барша болмыстың арғы құдіретті иесі, әрі негізі
Ұлттық дүниетанымнан өрбіген Тәңірліктің негізінен табиғатты ардақтау салты, адамды немесе ата-бабаны құрметтеу салты құралады. Ата-ананы сыйлап пір тұту халықтың асыл қасиеттерінің бірі. Өмір беріп, өнеге көрсеткен әке, әлпештеп өсірген ана алдындағы қарыз сенімі әр адамның адамгершілік деңгейінің өлшемі, азаматтық жауапкершілігі болып саналады. Ата-бабалар аруағына сыйыну салты арғы замандардан келе жатқан ұлы дәстүрді сақтау, жалғастыру, алға апару жауапкершілігінен туған. «Өлі риза болмай тірі байымас» деген қанатты сөз де осы сарынды тағылым.
Аруаққа сыйыну – тіршілікте іске асырған істеріне байланысты айрықша қасиет иесі саналған аталардың рухымен қанаттану, мұрагерлік жауапкершілікке талаптану ұғымын білдіреді. Аруаққа сыйыну салты ұрпақты жауапкершілікке тәрбилеуде, патриоттық сезімді ұштауда орасан зор әлеуметтік мәнді болған және бола да бермек. «Қазақтар әдетте ата-баба аруағын Құдайдан да құдіретті деп түсінген» деген ұсыныстың жаны бар. Аруақтың кейінгі ұрпақтың ой-сезімі мен нанымына әсерінің құдіретін осыдан-ақ байқауға болады.
Кеңес одағы ыдыраған 1990 жылдардан бастап Тәңіршілдік Орталық Азиядағы (Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдегі Татарстан, Башқұртстан) түркі тілді халықтардың интеллектуалды зиялыларының ұстанымы болуда. Ол сондай-ақ Бурятияда, Сахада (Якутияда), Хакасияда, Тывада және басқа да Сібірдегі түркі халықтарында біртіндеп дами бастады. Моңғолияны кейде оның тұрғындары "Мәңгілік көк Таңрінің елі" деп атайды.
15. Орталық Азия жеріндегі орта ғасырлық ислам мәдениетінің ескерткіштері.
Ислам тек сенімді білдіретін дін емес, сонымен қатар, өркениеттің де қайнар бұлағы. Қазақстанға территориясына ислам дінімен бірге мәдениеті де келді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлерінде қалалар бой көтере бастады. Ал, қалалар кешенді құрылыстарымен ерекшеленеді. Сол құрылыстарға мешіт, медресе, рабат, кесене, кітапхана, монша құрылыстарын жатқызуға болады.
Мешіттер құлшылық орны болумен қатар, сәулет өнерінің туындысына да жатады. Мешіттер сәнді кескіндемемен, мозаикалық керамикамен, бедер суреттермен безендірілген. Ислам әдебіне сай адам және жануарлардың орнына ою-өрнектер мен араб көркем жазу өнерінің стильдері де кеңінен қолданылған. Жалпы алғанда, мешіттердегі безендірулер Ислам дінін насихаттаудың бір түрі ретінде есептелген.
Ислам архитектурасының ең бір ғажайып туындысы Меккедегі үлкен мешіт (Мәсжидул харам). Ол - ашық алаң ортасына Қағба орналасқан, төрт жағынан бірнеше қабат ашық галереямен қоршалған, оған тарихи Сафа, Маруа төбелерін галереямен жалғастырып қосқан үлкен кешен.
Әлемнің басқа жерлеріндегі сәулеттілік тәжірбиесінде кездеспейтінмұнаралы тұрғын үйлер тұрғызу. Олардың кейбіреулерінің биіктігі 11 қабатты үйдің биіктіғіне тең. Алғашында олар тастан қаланған іргетастарға отырғызылып, шикі кірпіштерден тұрғызылды.
Дамаск (Шам) Мұсылман халифатының орталығына айналып, билікке Омейя әулеті келген кезде Сирия мен оның төңірегіндегі елді мекендерде аса ірі қамалдар тұргызылып, көптеген мешіттер мен сарайлар салынды (мысалы, Каср әл-Хаир әл-Ғабри, Уалид Кусейр-Амра, т.б.).
Арабтар 711 ж.Пиреней түбегін жаулап алып, кейін Кордова халифат кұрылған кезде осы өлкеде де ғажайып Ислам архитектурасы ескерткіштері тұрғызылды. Атап айтқанда, Кордовадағы үлкен мешіт, Гранада әмірлерінің сарайы, т.б.
X - XIII ғасырлары Ислам діні қанатың кеңге жайып, Орталық Азияға, Үндістанға, Кавказға тарала бастады. Ислам дінімен катар, аталған елдерде Ислам архитектурасы да өркендеді. Мысалы, XIII ғасыры Делиде салынған әйгілі Кутб-Минар мұнарасының биіктігі 70 м-ге, табанының диаметрі 16 м-ге жетті. Бұл мұнараның өне бойы ою өрнекті 24 шығыңқы кернеумен безендірілген. Бұған қоса Делиде мешіт ауласында тұрғызылған Темір мұнарасы бар.
Ахмадабақтағы 1427 жылы салынған Джамми-Мадджид мешіті 70х30 м-ге алаңды алып,онда 260 бағана 15 күмбезді ұстап тұр. Ұлы моғолдар билігі тұсында Үндістанда атақты Тәж-Маһал (1630 - 1652) салынады. Оның сырты әлемде теңдесі жоқ ою-өрнектермен, алтын-күміс мозаикалармен көмкерілген, жақтаулары Құран мәтіндері- мен нақышталған.
X - XII ғасырлар Иран, Ауғанстан. Орта Азия мен Қазақстанда көптеген Ислам архитектурасы ескерткіштері салынды.
16. Ислам мәдениетінің орта ғасырлық қала құрылысы мен сәулет өнеріне тигізген ықпалы.
Сәндік қолданбалы өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастаған. 11 - 12 ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісінде оюланған кірпіштер – терракота кеңінен қолданылды. Керамикаға оюлап жануарлардың бейнесін салу орын ала бастаған. 10 - 12 ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған. Бұл құрылыс жүйелерінің салынуына ислам дінінің нығая бастауы себеп болды. Бұл кездегі ғимараттар – мешіттер, кесенелер, мазарлар, моншалар. 10 ғасырдағы араб - парсы деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттер болғандығы айтылған. Тараз қаласының батыс жағында, 18 км жерде Бабаджа - қатын, Айша - бибі кесенелері орналасқан. Бұл екі кесене – алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер. Отырар моншасының жобалануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларына ұқсас болып келеді. Тараз қаласынан екі монша табылған. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің жанында шығыс моншасы салынған. Сонымен, орта ғасырдың дамыған кезінде архитектуралық сәнділігімен ерекшеленетін құрылыстар – шығыс моншалары болып табылады.
Таяу Шығыстағы сәулет өнерінің таңғажайып туындыларының бірі - Сирияның Алеппо қаласының орталығындағы төбеде тұрған цитадель. Исламдық әскери архитектураның бұл мысалы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Археологтар тапқан кейбір бекіністер Рим дәуіріне және одан да ерте кезеңдерге жатады.
Ішінде үйлер, қорлар, құдықтар, мешіттер және бекіністер - соғыс кезінде немесе ұзақ қоршау кезінде ұстап тұруға қажет нәрсенің бәрі бар. Шамамен 1213 жылы салынған үлкен кіреберіс ғимараттар кешенінің ең әсерлі бөлігі болып табылады.
17. Айша бибі мен Бабаджа хатун кесенелері орта ғасырлық ислам мәдениетінің ескерткіштері ретінде.
«Айша бибі» және «Бабаджа қатын» кесенелері Жамбыл облысының інжу-маржандары және ортағасырлық сәулет өнерінің 11-12 ғасырлар ескерткіштері болып табылады. Бұл екі, түрлі аңыздармен қоршалған, құрылыс ғимараттары Тараздың шекарасына жақын жерде екі аңызға айналған екі ғимарат тұрғызылды.
Жетім қалған Айша-бибі Қараханның сүйіктісі болған, бірақ оның қамқоршысы екі сүйген адамдардың некелеріне келісімін бермеген, осылайша, үмітсіз қалған қыз үйден қашып кетіп, көп ұзамай жылан уынан қайтыс болған деп саналады. Сонда қайғыға толы Қарахан сүйген жарының қайтыс болған жерінде кесене тұрғызған, бірақ-та, өкінішке орай, ол кесененің негізін қалаған ежелгі сәулетшілер туралы нақты ақпарат жоқ. Бабаджа қатын осындай жағдайға ұшыраған қыздың адал дос-ұстазы болған, ол біраз уақыт қыздың кесенесін қорғаған, ал қайтыс болғаннан кейін, оны Айшаның кесенесінен бірнеше қадам жерде жерлеген.
Айша Бибі кесенесі – елдегі жалғыз сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын бірегей ғимарат, ол толықтай терракоталық плиталармен қапталған. Ал «Бабаджа қатын» қабірін оның шатыр пішіндес көрнекті қырлы күмбезі сипаттайды, бұл оны жалғыз ортағасырлық үлгілерінің қатарына жатқызады. Қазір күндері, кесенелер сенушілерге арналған қажылыққа бару орталықтарына және туристердің сүйікті орындарына айналған. Себебі өздеріне естелік ретінде Айша Бибі кесенесімен фото-естеліктер қалдырады. Ескерткіштердің салтанаттығы олардың рухани қарапайымдылығымен тығыз байланыста, сондықтан бұл жерде әрдайым тыныштық пен бейбітшілік атмосферасы сезіледі.
18. Арыстан баб кесенесі: салыну тарихы мен рухани маңыздылығы.
Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.
Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: «Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған». Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін». Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда («Рисолаи Сарем-Исфижоб» және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды.
19. Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі: салыну тарихы мен қазақ халқының рухани өмірінде алатын орны мен маңызы.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласында орналасқан. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылған. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Әмір Темір тікелей өзі қатысып, негізгі өлшемдерді анықтаған көрінеді. Кесене - үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесене оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ені - 46,5 м, ұзындығы - 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі - онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер мол. Сәулетші-шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған. Кесенеде аса үлкен портал (ені - 50 метрге жуық, порталдық арканың ұзындығы - 18,2 метр), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар. Ғимараттың биіктігі 37,5 м. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы - 1,8-2 м, қазандық қабырғаларының қалыңдығы - 3 м. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мешіт, медіресе қызметін де атқарған. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған. Жазулар көгілдір қышпен өрнектелген. Жазулардан «Алла», «Мұхаммед», «О, жарылқаушы», «Билік Аллада», «Алла менің әміршім», «һижраның 800 жылы» деген сөздерді оқуға болады. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да сәулет өнерінің інжу-маржандарының қатарына жатады. Бұларда оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд-Дин Изеддиннің есімі жазылған. Қола шырағдандағы жазулар һижраның 799 жылы 20-рамазанында жасалғандығын көрсетеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі - қабірхана ортасында Қожа Ахмет Яссауиге құлпытас қойылған. Қабірхана есігі жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Кесене мешітінің 16 терезесі, қос қабат күмбезі бар. Мешіттің батыс жақ қабырғасына Меккедегі Қағба іспетті 3,5-2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған. Кесененің оңтүстік-батыс жағындағы Аллаға құлшылық етуге арналған жер асты ғибадатханалары Яссауидің тірі кезінде жасалып, кейін қайта жаңғыртылған. 16 ғасырдан кесенеде және оның төңірегінде қазақ халқының атақты адамдары (Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б.) жерлене бастады. 19 ғасырдың алғашқы ширегінде Қоқан билеушілері кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оның төңірегіне қамал-бекіністер салуды қолға алды. 1864 жылы Түркстан қаласын жаулап алған Ресей отаршылары зеңбірекпен атып, кесененің 11 тұсына зақым келтірді. 19 ғасырдың соңына қарай Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастады. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Яссауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы тамыздың 28-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |