Жәркен Бөдешұлының еліміздің біртуар тұлғаларын бір поэмаға сыйғызған шеберлігін талдап, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, жазбаша баға бер
Жәркен Бөдешұлының еліміздің біртуар тұлғаларын бір поэмаға сыйғызған шеберлігін талдап, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, жазбаша баға бер. «Жалғыз» поэмасы – жалғыздық концепциясының шыңы. Жалпы, адам жанының жалқы, шын мәнінде әр пенденің жалғыз екенін, ешкімнің қайталанбайтын жаратылыс екенін айқындай түседі. Өз замандастарына қойылған ескерткіш сияқты. Туған даласының әр аймағын, әр тасын, замандасының әрқайсысын жалғыз деу арқылы, олардың Жәркен үшін аса қымбат екенін көрсетеді. Өзін жалғыздау арқылы өз болмысын терең тани түседі. Жалғыз адам қашанда ой үстінде болады. Еркіндікке құлаш ұрады. «Жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді» (Шопенгауэр). Мүмкін ақынды айналасындағылар шын түсінбегеннен жалғыз.
Ала бөтен тағдырым, Такла-Макан шөліндей жазы ыстық, қысы аяз. Қабірімнің басына сексеуіл өсер, гүл емес... Жалғыздыққа сүйенген, Мен де жалғыз арқармын. Жалғыз өлең дарыса, жүректегі тарқар мұң. Жырдың уы бойыма жайылғанда өлермін, Өзі айтады үкімін келер ұрпақ, келер күн, – деп жырлаған ақын сары уайымға салынып тұрған жоқ, қайта қанша қиындық көрсе де, өзінің де мықты екенін, дара екенін, шыдамды екенін, өмірде тек өлеңнен ғана қуат алатынын жариялап отыр. Сондықтан ақын үшін өлеңінен құдіретті, өлеңінен қасиетті, қастерлі ештеңе жоқ. Поэманың:
Төрт құбылам жап-жарық, ортасына мені алып – Суретке түсер көп халық... Суретке түсер Алты Алаш, Патша да, ханым да шарпылып жүзі жалынға, – деген биік эмоция, айрықша позитивті көңіл күймен аяқталуынан шығармашылық құбылыстың көркем оймен астасқан әдемі әсері танылады.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________