10-сынып қазақ әдебиеті (жаратылыстану-математикалық бағыт) 4-тоқсан бойынша №2 бжб тапсырмалары



бет3/5
Дата19.05.2023
өлшемі0,72 Mb.
#94797
түріПоэма
1   2   3   4   5
Байланысты:
№ 2 БЖБ 10 сынып ЖМБ әдебиет 4 токсан БЖБ

Дұрыс жауаптар
1-тапсырма. Жәркен Бөдешұлы «Жалғыз» поэмасына кейіпкер болып тұрған жалғыз арқар мен Алаш ардақтыларының, атап айтқанда үш жүздің басын қосқан хан Абылай, «көмекей әулие» атанған Бұқар жырау, «жыр семсері» - Махамбет, күй атасы - Құрмаңғазы, «Өлең сөздің патшасы» – Абай, Шәкәрім, Мағжан, ХХ ғасырдың Күлтегіні – Бауыржан Момышұлы сияқты тарихта қайталанбас тұлғалардың арасында қандай байланыс болуы мүмкін?

Автор идеясы – жаратылыстан дарыған ерекше қасиетті ашу, дара тұлғаны
таныту, дарын иесін қастерлеу. Мысалы, поэмада аты аталатын Абылай хан,
Ақтамберді, Бұхар жыраулар, Исатай мен Махамбет, Абай, Шәкәрім, Мағжан,
Бауыржан Момышұлы т.б. сияқты тұлғалар өмірге бір-ақ рет келеді, бұлардың
бә рі – құбылыс жалғыз, екеу болмайды деген ой айтады. Сондай-ақ Мұқағали
жырлаған «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз, өмірде ақындардың бәрі жалғыз». Бірақ ақын ойынша «Жалғыздар» көп емес. Сондықтан «жалғыздарымды жарға қамалап, Сары уайымға салғызба, Құдай! Тұз уатқан келсаптай, ағарса да қастарың, ағарса да шаштарың – Жалғыздықтың дертіне шыдап бақ, замандастарым!» – дейді.
Жалпы, жалғыздықты кез келген шығармашылық иесі сезінеді. Біле­тіндердің сөзіне сенсек, адам санасы белгілі бір деңгейге өскенде өзін жалғыз се­зіне бастайды. Сол жалғыздықтан қи­налғанымен, рухы тынышталады. Баяғы замандағы ғұламалардың елден оқшауланып, бөлек ғұмыр кешулері де сондықтан болса керек.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет