10-сынып қазақ әдебиеті (жаратылыстану-математикалық бағыт) 4-тоқсан бойынша № 2 БЖБ тапсырмалары Бөлім: «Тарих тағылымы»
Оқылатын шығарма: Жәркен Бөдешұлы «Жалғыз» поэмасы
Оқу мақсаты: 10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;
10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;
Бағалау критерийі:
белгілі бір оқиға көрінісі арқылы автор бейнесін талдайды;
талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын ашады.
шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды.
Ойлау дағдыларыныңқолдану, талдау
деңгейі: Орындау уақыты: 15-20 минут
1-тапсырма. Жәркен Бөдешұлы «Жалғыз» поэмасына кейіпкер болып тұрған жалғыз арқар мен Алаш ардақтыларының, атап айтқанда үш жүздің басын қосқан хан Абылай, «көмекей әулие» атанған Бұқар жырау, «жыр семсері» - Махамбет, күй атасы - Құрмаңғазы, «Өлең сөздің патшасы» – Абай, Шәкәрім, Мағжан, ХХ ғасырдың Күлтегіні – Бауыржан Момышұлы сияқты тарихта қайталанбас тұлғалардың арасында қандай байланыс болуы мүмкін?
2-тапсырма. Жәркен Бөдешұлы «Жалғыз» поэмасының бөлімдерін шығармадан берілген үзінділермен сәйкестендіріңдер.
1-бөлім
Ақ сұңқарды жаралы сауысқан, қарға, құзғындар – Шоқып, түртіп талады. Арашалар ешкім жоқ Сұңқар маған қарады. Мен Сұңқарға қарадым, тұнжырап түндей қабағым.
2-бөлім
Ақындары Апаштың, шеттерінен қызыл шоқ, жел үрсе маздап жанады. Жалғыздықтың дертіне шыдап бақ, замандастарым! Өмір бұлаң сағымдай, өмір деген бір-ақ сәт.
3-бөлім
Кең аула. Шексіз кеңістік. Сел жауса да сөнбейтін өлеңнен қойдым от жағып, Суретке түсер Алты Алаш, патша да, ханым да шарпылып жүзі жалынға.
4-бөлім
- «Жалғыз арқар. Жалғыз оқ. Жалғыз құздың басында – Жоңғар құмын омбылап, Сары-Арқаға жеткенше – Қияметтей жол жүрдім...»
5-бөлім
«Жыр боп мәңгі жасарға, Абай жалғыз қашанда». «... Жалғыздықтың азабын Шәкәрімдей тартқан кім?»
6-бөлім
- Кім жалғыз бұл жалғанда?! - Қара жер жалғыз қашанда. Бостандық, шындық, ақиқат Сендер де мендей жалғызсың. Отан жалғыз. От жалғыз. Қайда қаңғып кетсек те. Саған келіп тоқтармыз.