10-сынып. Биологи



бет1/2
Дата27.10.2022
өлшемі0,72 Mb.
#45654
  1   2
Байланысты:
Биология 1 токсан ТЖБ тапсырмалары


Сыныбы: _________Аты жөні:____________________________________________________


10-сынып. «Биология» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары. Уақыты 40 мин.



  1. Суретте прокариот және эукариот жасушалары берілген.




A B C


(а) Прокариот жасушасын белгілеңіз ______________


(b) Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, прокариот жасушасының құрылысына тән құрлымдарды (әріп қою арқылы) жазыңыз.
А. Ядро; B. Сақиналы ДНҚ; C. Цитоплазма; D. Хлоропалст; E. Митохондрия; F. Рибосома; G. Жасуша қабықшасы; H. Мембрана. I. Капсула
Прокариот____________________________________________
(c) Пластидтердің қызметі мен түрлерін жазыңыз.
Қызметі: ________________________________________________________________
Түрлері:__________________________________________________________________




2. Ұлпалардың түрі мен құрылысын және қызметін сәйкестендіріңіз.



Ұлпа түрі

Құрылысы мен қызметтері

1. Өсімдік тірек ұлпасы;


2. Жануар дәнекер ұлпасы;
3. Өсімдік негізгі ұлпасы;
4. Жануар бұлшық ет ұлпасы;
5. Өсімдік жабын ұлпасы
6. Жануар эпителий ұлпасы;
7. Өсімдік өткізгіш ұлпасы;
8. Жануар жүйке ұлпасы.

А) Өң, төз, қыртыс деп бөлінеді.


Ә) Аксон, дендрит өсінділері болады.
Б) Флоэма мен ксилемадан тұрады.
В) Миоциттерден тұрады.
Г) Терінің үстіңгі қабатында болады.
Ғ) Хлоропластары болмайды, өлі сүрек талшығынан тұрады.
Е) Қан, сүйек, шеміршек.
Д) Фотосиндездеуші және қор жинаушы деп бөлінген.

Жауап (әріп қою арқылы):

1

2

3

4

5

6

7

8

























3. Төмендегі ұғымдардың дұрыс- бұрыстығын Д/Б әріптерін қою арқылы анықтаңыз.



  1. Мономерлер полимерлерден тұрады.

  2. СО2 және Н2О органикалық заттарға жатады.

  3. Майлар биологиялық полимерлерге жатады.

  4. Көмірсулар биологиялық полимерлерге жатады.

  5. Гликоген – жануардағы қоректік көмірсу болып табылады.

  6. 1 г май ыдырағанда 1 г нәруыздан көбірек энергия бөлінеді.

  7. Крахмалдың мономерлері аминқышқылдар болып табылады.

  8. Нәруыздар ферменттік қызмет атқарады.

  9. Глицерин спирті майдың құрамына кіреді.

  10. Актин мен миозин бұлшықет нәруызы.

Жауап (әріп қою арқылы):

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


































4. Берілген тізімнен энергия көзі болып табылатын көмірсуды көрсетіңіз.

    1. жасұнық

    2. глюкоза

    3. хитин

    4. крахмал




5. Нәруыз-молекулалары өте күрделі органикалық зат. Олар организмде әртүрлі қызмет атқарады.

  1. Химиялық реакциялардың жүруін тездететін нәруызды атаңыз.

____________________________________________________________________________


  1. Оттегін тасымалдау қызметін атқаратын нәруызды атаңыз.

____________________________________________________________________________

6. Суретте балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалдары берілген.


  1. Берілген мысалдардан ашықтұқымды өсімдікті көрсетіңіз ___________________



  1. Ашықтұқымды өсімдіктердің балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер және жабықтұқымдылармен ұқсастықтарын сипаттаңыз __________________________________

_____________________________________________________________________________



  1. Қоңыз бен өрмекші төмендегі суретте берілген.






Суретте берілген жануарлардың буынаяқтылар немесе хордалыларға жататынын анықтаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз_______________________________________
_________________________________________________________________________


  1. Хордалы жануарлардың ерекшеліктерін атаңыз.

_________________________________________________________________________


  1. Суретте омыртқасыздар, күйіс қайтарытындар және адам ас қорыту жүйесі берілген.






  1. Суреттегі омыртқасыздар, күйіс қайтарытындар және адам ас қорыту жүйесінің құрылысындағы ерекшеліктерді атаңыздаp ___________________________

_________________________________________________________________________


  1. Көптеген ағзалардың ас қорыту жүйесінде микроағзалар тіршілік етеді. Ас қорыту жүйесіндігі микроағзалардың мағызы қандай?

_________________________________________________________________________


  1. Oмыртқасыз (жауынқұрт), күйіс қайыратын (сиыр) жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысындағы айырмашылықтың себебін түсіндіріңіз.

_________________________________________________________________________


  1. Тістердің әртүрлі типтері төмендегі суретте берілген.


A B C D
(а) Суреттен күрек тісті белгілеңіз ____________________________________________
(b) Азу тістің қызметін сипаттаңыз ___________________________________________




  1. Адамда ас қорыту өнімдері ащы ішекте сіңіріледі. Ас қорыту өнімдерін сіңіруде ащы ішектің құрылысы оның атқаратын қызметімен қалай байланысқанын сипаттаңыз.

_________________________________________________________________________


  1. Aдам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттаңыз.

__________________________________________________________________________






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет