10-сынып Биология зертханалық жұмыстар



бет6/13
Дата10.12.2023
өлшемі74,62 Kb.
#136581
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
10-сынып Биология зертханалық жұмыстар-emirsaba.org

Ферменттер (энзимдер) – табиғаты нәруыз болып келетін, барлық химиялық реакцияларды тездететін биологиялық катализаторлар. Катализатор ретінде ферменттер реакция бағытын өзгертпейді және реакция кезінде жұмсалмайды.
Ферменттердің жұмысының мысалы ретінде тамақ өнімдеріндегі крахмалдың бөлінуін (картоп немесе күріш) қарастыруға болады.
Крахмал – дәмсіз полисахарид. Алайда құрамында крахмалы бар тағамды шайнағанда, тәтті дәмді сезуге болады. Себебі сілекей құрамында амилаза ферменті – дәмсіз полисахарид крахмалды глюкоза моносахаридіне ыдыратады.


Ферменттердің белсенділігі

1. Ферменттің белсенділігі, біріншіден, температураға байланысты. Температура жоғарылаған кезде молекулалардың жылдамдығы артады, сол себепті химиялық реакцияның жылдамдығы артады. Ферменттердің ең жоғары белсенділігін қамтамасыз ететін температура оптималды температура болып саналады. Егер температура оптималды температурадан жоғарыласа, онда нәруыздардың денатурациясына байланысты реакция жылдамдығы төмендейді.


Температура төмендеген кезде химиялық реакция жылдамдығы да төмендейді. Температура қату температурасына жеткенде фермент инактивацияланады, бірақ денатурацияға ұшырамайды.
2. Ферменттердің белсенділігі ортадағы pH көрсеткішіне (яғни сутегі иондары концентрациясының көрсеткішіне) байланысты. Ферменттердің басым көпшілігі бейтарап рН ортада, яғни pH = 7-де жұмыс істейді, бірақ қышқыл немесе сілтілік ортада белсенді болатын ферменттер бар. Мысалы, адамның асқазанында орналасқан және нәруыздарды ыдырату функциясын орындайтын пепсин ферменті. Асқазандағы pH = 1,5–2 болғандықтан, бұл фермент тек қышқыл ортада жұмыс істейді.
3. Субстрат концентрациясының жоғарылауымен реакция жылдамдығы артады. Субстраттың молекулалары фермент молекулаларымен жиі соқтығысуының арқасында өнімнің тез қалыптасуына әкеледі. Алайда субстрат мөлшерінің одан әрі артуы ферментативті реакцияның жылдамдығына іс жүзінде әсер етпейді. Себебі субстрат шамадан тыс болғанымен, олардың белсенді орталықтары бос болмауына байланысты ферменттер толығымен «фермент-субстрат кешенін» түзеді.
4. Кез келген химиялық реакцияның жылдамдығы ферменттің концентрациясына тікелей байланысты. Фермент концентрациясының жоғарылауымен ферментативті реакция жылдамдығы артады.
5. Ферменттердің белсенділігіне активаторлар мен ингибиторлар әсер етеді. Мысалы, MgMnZn металл иондары ферменттерді белсендіреді. Басқа иондар (HgPbCd ауыр металл иондары) ферменттердің белсенділігін тежейді, себебі фермент құрылымындағы нәруыздар денатурацияға ұшырайды.
№7 зертханалық жұмыс

«Жасуша мембранасына әртүрлі жағдайлардың әсері» зертханалық жұмысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет