10-сынып Биология зертханалық жұмыстар


Кладограмма және филогенетикалық ағаштың міндетті бөліктері



бет10/13
Дата09.10.2022
өлшемі1,58 Mb.
#42017
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
10-сынып Био зертханалык жұмыс

Кладограмма және филогенетикалық ағаштың міндетті бөліктері
Ағаш түріндегі бейнеде міндетті компоненттер: тамыр, дің, бұтақ, жапырақтар бар. Бұтақ тарайтын жер түйін деп аталады. Түйіндер арғы ата тектен тіршіліктің жаңа формасының пайда болуын көрсетеді. Егер құрылған ағашта тамыр болса, онда ғылымда қарастырылатын ағзалардың ортақ ата тегі бар. Бұл монофилді шығу тегін білдіреді. Егер тамыр болмаса, бастапқы ата тегі анықталмаған. Мұндай жағдайда аталған ағзаның шығу тегі күмәнді болып қалады. Ағаш бұтағы – эволюция барысында пайда болған ағзалардың жаңа түрі немесе үлкен таксондар. Жапырақ – біздің заманымызға дейін сақталған түр.
Филогенетикалық ағаш құру мысалы
Ағашты құру кезінде, алдымен, бірнеше ағзаны таңдап алу қажет және оны ағаштан көрсету керек. Сонымен қатар алынған ағзаның қандай белгілеріне сүйенген жөн екенін анықтап алу қажет. Филогенетикалық ағашты құру кезінде тірі ағзаның қандай да бір класы үшін құрылғанын көрсететін әрі бірнеше белгіні қамтитын кесте құрылуы керек. Мысалы: төмендегі кестеде: бар (+) немесе жоқ (0) арқылы түрлі қызмет көрсетілген.

Минога – жағы жоқ балық, оның өкпе, жақ, қауырсын, жүн сияқты ерекше белгілері болмайды. Бұл белгілердің болмауы тұқым қуалайды, ал ерекшелігі бірте-бірте қалыптасатын белгісінің болуы.

Жалпы ағза тобындағы ұзындыққа байланысты бірте-бірте қалыптасқан белгілерді табу қажет. Мысалы: өкпе бөкен мен бүркітке ортақ, бірақ теңіз алабұғасында жоқ. Осыны негізге ала отырып, теңіз алабұғасына бұтақ сыз және сызыққа өкпенің қалыптасқанын көрсет, ол бөкен мен бүркітке қарай апарады.

Модельдеу «Кладограмма құру». Филогенетикалық картаның әртүрлі формасы. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың айырмашылығы


2-конспект
Жалпы ағзалардың келесі шамасына қарай бірте-бірте пайда болған белгілерді анықтау керек. Бұл – жүн, ол бөкенде бар. Ал бүркітте жоқ. Біз сызықты бүркіттен бөкенге қарай жүргіз және бөкенде жүннің пайда болғанын көрсет.

Қауырсында қалай жасау керек? Бұл белгі ортақ болып есептелмейді, тек бір ғана түрде болады. Мұндай белгілерді ағаштан көрсетуге болады, тек мұны бүркітке жақын сызыққа орналастыру керек.

Кладограмманы құру барысында кладограмма үшін маңызды сызықтар мен түйіндерді білу қажет. Кладограмманы құру филогенетикалық ағашты құру сияқты басталады. Кладограммада даиаграммада бастапқы сызықтан алысырақ A және B ағзалары түйінде орналасады. C ағзасы кез келген ағзаға қарағанда алыстау орналасады, ал А және В өзара тығыз байланысты екенін білдіреді. Сызықтың A және B қатары және ондағы сызықтардың бағыты маңызды емес.

Кладограмма солдан оң қарай, оңнан солға қарай салына беруі мүмкін. Кейбір кладограммаларды дөңгелек түрінде де құруға болады, онда барлық ағза тобы кіреді.

Модельдеу: «Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу»


1-конспект
Құрлықтағы ағзалардың қозғалысы – рычагтардың, бұлшықеттердің, буындардың, байламдардың және дене бөліктерінің кеңістіктегі және бір-біріне қатысты қозғалысын қамтитын биомеханиканың жақсы мысалы. Жануарлар алуан түрлі мақсатта әртүрлі жолмен қозғалуы мүмкін.
Локомоция (lоcоmоtiоn лат. lоcō mōtiō – «орнынан қозғалу») – әртүрлі экологиялық қуыстарды алатын тірі ағзалардың қозғалысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет