10-сынып. «Дүние жүзі тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
11-12 тарау. Өнер қоғам дамуының бейнесі. Қазіргі қоғамның
рухани-адамгершілік құндылықтары.
1-тапсырма. Тест жұмысы, 6 балл
1. «Біз нені таңдасақ та- оның барлығы игілік болып есептелінеді. Алайда көпшіліктің игілігіне айналмаған нәрсе біз үшін де игілік бола алмайды» - деп тұжырымдаған француз философы: а. Ф. Кафка; ә. Э. Ремарка; б. Ж-П. Сартр;
2. ХХ ғасыр өнеріндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі болып саналған суретші дадаист; а. М. Дюшан; ә. А. Деблин; б. У. Фолкнер;
3. БҰҰ-ның адам құқығы туралы Декларациясы қабылданған жыл: а. 1989 жыл; ә. 1948 жыл; б. 1961 жыл;
4. Күрес тәсілі ретінде бейбіт қарсылық таныту тұжырымын қолданған үнді ұлт-азаттық қозғалысының көсемі:
а. Махатма Ганди; ә. Норендра Моди; б. Рам Мохан Рай;
5. Дамыған қоғамның тағы бір мәселесі .... немесе бейімделгіштік болды: а. Эмпатия; ә. мультикультуризм; б. конформизм;
6. Негізгі өкілдері А. Озанфан, Ш. Жаннере болған 1910-1920 жылдардың соңындағы француз өнеріндегі ағым: а. Абстракционизм; ә. Пуризм; б. Эмпиризм;
2-тапсырма.Өнер бағыттарының өкілдерін анықта, 10 балл
Бағыттар
|
Өкілдері
|
Модернизм
|
|
Импрессионизм
|
|
Постимпрессионизм
|
|
Кубизм
|
|
Авангардизм
|
|
Футуризм
|
|
Сюрреализм
|
|
3-тапсырма. Ақпараттың ақиқат немесе жалған екендігін анықтаңыз, 4 балл
1
|
Бұқаралық мәдениеттің мақсаты қоғамдағы адамның бос уақытын толтырып, шаршағанын басу емес, көрерменнің, тыңдарманның немесе оқырманның тұтынушылық санасын ынталандыру болып табылады
|
|
2
|
Элитарлы кино(артхаус) – бұл «бәріне арналған» кино емес, ол өзгеше сценарийлі, соңы қалай аяқталары белгісіз, күрделі қалыпта түсірілген және белгілі бір философиялық мәні бар туынды
|
|
3
|
ХХ ғасырдың ортасында ақпарат негізі ретінде ғаламтордың маңызы аса жоғары болды, бүгінде бұл көрсеткіш төмендеген. Ол қазір негізінен қалың бұқараның сұранысына сай белгілі фильмдерді таратумен айналысып кетті
|
|
4
|
Жарнама мен сән үлгісі, қай кезеңде болмасын, жаппай тұтыну жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Индустриалды қоғамның соңғы кезеңі, көбінесе «жаппай тұтыну қоғамы» деп талады, өйткені қазіргі қоғамдағы үздіксіз тұтыну адам тірішілігінің басты мақсатына айналған
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |