10 сынып Географиялық зерттеу әдістері Географиялық мониторинг жүргізілетін деңгейлері: ғаламдық, аймақтық, жергілікті «Мониторинг»


§49. Негізгі геосаяси обьектілер мен субьектілер.Геосаяси ықпал



бет14/19
Дата03.12.2023
өлшемі109,35 Kb.
#133069
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
География ҰБТ 2023

§49. Негізгі геосаяси обьектілер мен субьектілер.Геосаяси ықпал
көрсетудің негізгі құралдары
1. Геосаясаттың басты əрекет етуші тұлғалары: саяси белсенділікке ие субьектілер
2. Геосаясат субьектілері: геосаяси кеңістікті бақылау, үстемдік ету, өзіндік мүдделерін жүзеге асыру мақсатында ғаламдық, аймақтық немесе жергілікті деңгейде әрекет ететін мемлекет, мемлекеттер одағы, халық, ұлт, әлеуметтік топ
3. Геосаясаттық негізгі құралдары: ақпараттық, саяси, идеалогиялық, экономикалық, мәдени
4. Қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін обьектілерге қауіп төндіру, қоршаған орта мен адам өміріне жаппай қастандық жасау тəрізді əрекеттер: лаңкестік әрекеттер
5. Сана мен еркі бар, белсенді танымдық жəне басқа əрекет ететін жеке тұлға немесе əлеуметтік топ: субьект
6. Субьектінің танымдық немесе басқа əрекеті бағытталған нысан: обьект
7. Геосаясатта «жұмсақ күш» ұғымының мағынасы: Әскери күш қолданбай қарсылас мемлекеттік геосаяси жағдайы мен беделіне нұқсан келтіру
8. Геосаяси басымдылыққа қол жеткізудің жанама жолдарының бірі: идеалогиялық құралдар
9. Геосаяси ықпал етудің экономикалық əрекеттеріне жатады: экономикалық санкциялар орнату, сауда соғыстарын ұйымдастыру, арзан бағалы тауарлар енгізу арқылы басқа елдің экономикасын тәуелділікте ұстау, белгілі бір шикізат түрін өндіруді қысқарту немесе ұлғайту арқылы әлемдік нарыққа ықпал жасау және т.б
10. Мемлекеттер мен ұйымдардың аса маңызды құпия ақпараттық жүйелеріне шабуыл жасау, басқа бəсекелес мемлекет жөнінде жалған ақпартты кеңінен тарату арқылы əлем қауымдастығы мен жекелеген елдердің тұрғындарында шындыққа жанаспайтын теріс көзқарас қалыптастыру: ақпараттық қақтығыстар


50. Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі
1. Қазіргі кезде əскери қақтығыстар алаңы болып отырған аймақтар: Африка, Азия
2. Қазіргі кездегі əскери қақтығыстар орын алып жатқан мемлекеттер: Алжирде Ислам құтқару майданы, Сомалиде мемлекеттің бірнеше бөліктерге бөлінуіне қатысты азамат соғысы
3. 2011 жылдың басында оппозициялық қозғалыс жүргізген елдер: араб елдері Египет, Тунис, Ливия, Бахрейн және т.б
4. ХХІ ғасырдағы əлем дамуына ықпал ететін саяси факторлар: Қытайдың әлемдік көшбасшылар тобына енуі, оның саяси салмағының артуы, АҚШ-тың әлемдік деңгейде саяси және әскери үстемдігі, РФ геоэкономикалық қуатының артуы, ЕО шеңберінде ынтымақтастықтың дамуы, НАТО блогының Шығысқа қарай кеңеюі, Халықаралық лаңкестік және оған қарсы күрестің күшеюі
5. Халықаралық лаңкестік лаңкестіктің аса қауіпті түрі ретінде пайда болған уақыты: 1960 жылдардың соңында
6. Халықаралық лаңкестіктіктің негізгі мақсаты: мемлекетті басқару ісіне кедергі келтіру, экономикалық жіне саяси нұқсан келтіру, тұрақсыз жағдай қалыптастыру арқылы үкіметті өз саясатын өзгертуге итермелеу
7. Дүниежүзінің геосаяси кеңістігіне қарама-қайшылықты үдерістер: геосаяси жаһандану, антиглобализм
8. Дүниежүзіндегі кез келген күшті мемлекеттің немесе геосаяси орталықтың басқа саяси күштерді ескермей, өз бетінше əрекет етуіне жол бермеу: геосаяси жаһандану
9. Антиглобализмнің ең алғашқы ресми ұйымы пайда болған ел: Франция, 1998 жылы
10. Антиглобализмнің ең алғашқы ұйымы: «АТТАК-Франция» (Қаржы операцияларына салық салуды жақтайтын азаматтар ассоциациясы)
11. «АТТАК-Франция» ұйымының басты талабы: әлемдегі қаржы операцияларының 0,1%-ын салық ретінде кедейшілікпен күреске және артта қалған елдердің экономикасын дамытуға жұмсау
12. Антиглобализм ұйымдары: «Ғаламдық әрекет», «Блэк Блок», «Үшінші ұстаным», «Радикалы экологтар»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет