Айтылым тапсырмасы: Т. Мәселеге қатысты көзқарасын білдіру үшін үш адамнан тұратын шағын топта «Үш қадамды сұхбат» ұйымдастыру.
Айтылымнан кейінгі тапсырма: Ж. айтылым кезінде түртіп жазып алған ақпараттарын, оқыған мәтіндерін басшылыққа алып, күрделі сөздерді тиімді қолданып, аудиторияға бағыттап, ауызша 2 минуттық Үндеу дайындау.
Ж. Бағалау: алдын ала жетістік критерийін анықтап, сол бойынша ең үздік спикерді таңдау.
Жетістік критерийінің үлгісі:
Өзекті мәселені қызықты жеткізу;
Тақырыпты ашу;
Күрделі сөздерді, тақырыпқа сай лексикалық минимумды тиімді қолдану;
Аудиторияны баурау;/ аудиториямен байланыс орната алу;
Сөйлеуде интонация, кідіріс, т.б. дұрыс қолдану.
|
Негізгі талқыланатын сұрақтар:
7 сәуір – халықаралық денсаулық күні
Ұрпақ саулығы үшін жасалып жатқан жағдайлар
Ғаламдық деңгейдегі ақпараттар негізінде, қай ел денсаулыққа көп назар аударады
Технологияның дамуы мен жастар денсаулығының байланысы
«Үш қадамды сұхбат» Үш оқушыдан құрылған топта жұмыс істейді.
1- сұрақ қояды,
2- жауап береді,
3-жазып алып отырады және –толықтырады. Келесіде сұрақты екінші оқушы қояды, үшінші жауап бееді, бірінші тыңдап, жазып алады, толықтырады.
|