Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
С. Оқылымалды тапсырма:
Ж. Оқылым тапсырмасы: Мәтіннен ой тастаған бірнеше тұжырымды немесе сөйлемді жазып алып, кестені толтыру.
Тұжырым/ сөйлем
|
Дұрыс
|
Бұрыс
|
Дәлел/ көзқарас
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Т. Берілген абзацтағы мәселені талқылау.
Әйгілі «Кэмел» темекі компаниясының басшысы осыдан отыз жыл бұрын былай деп айтқан екен: «Темекі тартатын адамдар біз үшін қызық емес. Олар онсыз да біздің құлдарымыз. Біз олардың ақшасын алдық, денсаулығын алдық. Енді олар тарта ма, тартпай ма, ол мәселе бізді қызықтырмайды. Біздің стратегиялық мақсатымыз – ол балалар, жасөспірімдер». Біз бүгінде сол мақсаттың қалай жүзеге асқандығының куәсі болып отырмыз.
Оқылымнан кейінгі тапсырма:
Т. «Әдеби шеңбер» стратегиясы.
Талқы себепшісі – тақырып бойынша 5 сұрақ құрастырады. (кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас, автор позициясы, т.б. бойынша)
Белгілеуші – тақырыптың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдейді.
Байланыстырушы – тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.
Ж. Мәтіннің негізгі ойын беретін сөздерді анықтап, «Сөздер бұлтын» жасау.
|
Негізгі талқыланатын сұрақтар:
Ауырмаудың жолдары;
Аурудың басты себептері;
Денсаулықты күтудің жолдары;
Денсаулықты күтпеудің салдары.
«Әдеби шеңбер» стратегиясын қолдану үшін оқушыларға алдын ала рөл жазылған парақшалар дайындау.
Талаптарын/нұсқаулықты сыныптың көрінетін жеріне жазып ілу немесе әр топқа ортада шығарып қою.
Дифференциация үшін шығармашылықпен (сурет салғанды ұнататын оқушыға) айналысқанды жақсы көретін оқушыларға «Сөздер бұлтын» жасатуға болады. Ол үшін тақтадан бірнеше үлгісін көрсетіп, оларға жеке жұмыстарын қорғауға мүмкіндік беруге болады.
Бағалау: өзіндік рефлексия. «Бес саусақ» әдісі. Бас бармақ – тамаша жасай алдым. Сұқ саусақ – келіспеймін, қарсымын. Ортаншы саусақ – қосарым бар. Аты жоқ саусақ – ... үйрегенім, ұнағаны (басқа адамның сөзінен), Кішкентай саусақ – әлі де ізденуім/түсінуге тырысуым керек.
|
Достарыңызбен бөлісу: |