Грамматикалық түсінік. Аралас құрмалас сөйлем ережесін естеріне түсіру
Т. Әр сөйлемді іштей бөлек-бөлек қиып, топтарға бөлшектеп беруге болады. Бес сөйлемнің қиындысы араластырылмай ұсынылады.
Қарияға қонақтар келіпті және онымен әңгімелесе отырып, қанша баласы бар екенін сұрапты.
Қария көзін алысқа тігіп, ойланыңқырап отырады да бір жарым баласы бар екенін айтады.
Көңілі түсіп кетпесін деп ойлағандықтан, отырғандар артық сауал қоймайды, қария болса, өзінің әңгімесін астарлап айтуға бел буады.
Бір ұлын мақтаныш көрсе де, екі ұлына қалған көңілін жасыра алмайды, мақтаныш көретіндердің саны азайып бара жатқандай көрініп, өз-өзінен құлази береді.