Аралдың тағдыры
Т. Тыңдалымалды тапсырмасы.
Оқушылар топта экологиялық мәселелер туралы түсініктерін концептуалды картаға салады. Топтар бір-бірінің жұмысымен алмасып, материалды толықтырады.
Тыңдалым тапсырмасы.
Тақырып бойынша ақпаратты тыңдай отыра, әр оқушы автордың көзқарасын анықтайтын аргументтерді анықтап жазып отырады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Негізгі аргументтерді қолданып, өз ойларын дәлелдеп сөйлейді. Автордың көзқарасын анықтайды. Өз пікірімен салыстырады.
Т. Топтағы оқушылар экологиялық мәдениет туралы түсініктерін талқылайды. Талқылауларына негіз болатын себептері мен дәлелдерін флипчартқа тізіп жазады.
Ж. жұпта оқушылар берілген кесте бойынша тақырып бойынша қоятын сұрақтарын жазып алады. Топтағы талқылаулары негізінде сұрақтарын құрастырады. Жұпта талқылап, келесі жұптағы оқушымен диалогке түседі. Топта талқылаған мәселені жұпта сұрақ-жауап арқылы бекітеді.
|
Айтылым тапсырмасын рөлдік ойындар арқылы жүзеге асыруға болады. Мысалы әдеби шеңбер.
«Әдеби шеңбер» стратегиясы.
1. Талқы себепшісі – тақырып бойынша 5 сұрақ құрастырады. (кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас, автор позициясы, т.б. бойынша)
2. Белгілеуші – тақырыптың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдейді.
3. Байланыстырушы – тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
4. Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.
Тыңдалған материал бойынша топтық жұмыста қолдану өте тиімді . Әр оқушыда жауапкершілік пайда болады.
|
https://www.youtube.com/watch?v=nAuTWxbyjFA
Арал теңізі
https://www.youtube.com/watch?v=UAXhCqlWH5U
АРАЛ ТЕҢІЗІ 32 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ?
|
5. Сенімді және еркін жауап беру
|
10.2.5.1 пікірталастың «пікірталас -монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу
|
Ғажайып табиғат
Сыныптың барлық оқушылары қағаз қиындыларын суырады. Суырған қағаздарындағы сөзді монолог етіп жалғастыруға дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |