Лексикалық минимум: зиянды қалдықтар шығаратын зауыт, газ анықтағыш, қаражат жұмсау, көрсеткіш, заманауи қондырғылар, жауапкершілік, жалтару, ауаға тарату, жол бермеу,т.б.
1-тапсырма. Айтылымға қажетті материалды оқу ұсынылады. Оқушылар бірнеше аргументтерді түртіп алады. «Түртіп алу» әдісі қолданылады. Мәтіндегі бөлімдердің, абзацтардың орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтайды.
2-тапсырма. Әр жұпқа мәтін негізінде әртүрлі тақырыптар беріледі. Оқушылар берілген тақырып аясында түрлі стильде диалог құрастырады.
1-жұп: «Зиянды қалдықтар шығаратын компанияларға тосқауыл қою қажет пе?»
2-жұп: «Газ анықтағыш құрылғылардың көмегі қаншалықты сапалы?»
3-жұп: «Биосфераны тазарту үшін қыруар қаражаттың жұмсалғаны дұрыс па?»
4-жұп: «Заманауи қондырғылар мәселенің шешімі бола ала ма?»
5-жұп: «Жауапкершіліктен жалтарғандардың жазалануы қажет пе?»
Достарыңызбен бөлісу: |