Т. «Компьютербасты қазақ бар ма?» Асқар Жұмаділдаев
мақаласын оқу, талдау.
Кестемен жұмыс Т. М. Шаханов шығармасы мен А.Жұмаділдаевтің мақаласы бойынша фактілер мен көзқарастарды ажырату. Кестеде ұсынылған мысалдар тек үлгі үшін, бұл кестені оқушылар өздері мәтіннен тауып толтырады немесе мұғалім алдын ала бірнеше фактілер мен көзқарастарды параққа шығарып дайындайды.
Оқылымнан кейінгі тапсырма. «Бұрыш» әдісі
Сынып оқушылары екіге бөлініп, сыныптың екі бұрышында тұрып, өздеріне түскен аргументті қорғайды.
Компьютер ғылымы – қазаққа ең керек ғылым. Компьютербасты қазақ – ең керек қазақ.
Ауызбен орақ ору өнерінің шебері болғанша, компьютердің құлағында ойнау – қазіргі заман адамы үшін, болашаққа сеніммен қарай алатын ұлт үшін – ең керек өнер.
Талқыланатын негізгі сұрақтар:
Рухани дүние мен жаңа технологияч арасындағы үндестік
Қазақтың болашағы – жоғары технологияда.
Кестеге негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтау үшін, қосымша тор көз қосуға болады.
Оқушыларға факт мен көзқарастың айырмашылығы туралы таныстырылым жасау.