5. Сенімді және еркін жауап беру
|
10.2.5.1 пікірталастың «пікірталас монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу.
|
Цифрлы Қазақстан
Айтылымалды тапсырма.
Берілген сөздерді өзара байланыстырып, сөз тіркестерін жасау: прогресс, ілгерілеу, жетілдіру, жүзеге асыру, ғылыми алаң, тыңғылықты дайындық, лайықты бағалау, бірегей, ауқымды, ғылыми тәжірибе, ойын алаңдары, ғылыми бастамалар.
Айтылым тапсырмасы.
Ж. Монолог құру. Әр оқушы өзіне ұнаған бір сұрақты таңдап, соған жауапты өз ішінде өз сезімдері мен көзқарасына кереғар пікірлер білдіріп, пікірталас-монолог ретінде дайындайды.
Цифрлы мемлекет дегенді қалай түсінеміз?
Дамыған елдер тәжірибесінен не білеміз?
Кешегі қазақ өмірі мен бүгінгі сандық дәуірдегі қазақ өмірі.
ЖЖ. Сыныптың барлық оқушылары қағаз қиындыларын суырады. Суырған қағаздарындағы сөзді жұптасып, пікірталас-диалог ретінде жалғастыруға дайындалады.
«Сандық технология! Сен ғажайыпсың! Себебі...»
«Сандық технология! Сен әзәзілсің! Себебі...»
Т. «Сандық технология адам өмірін жеңілдете ме, әлде жалқаулыққа себепші бола ма?» топтық пікірталас-полилог құру.
Айтылымнан кейінгі тапсырма.
Соңғы тұжырым жасау.
Бағалау: «Бесбұрышты жұлдызша» әдісі бойынша. Әр бұрышына оқушының атын жазу.
Ең тамаша спикер ...
Мына адамның сөзі мені ойландырды
Ол оқушы менің көзқарасыма қайшы пікірді сенімді дәлелдеді
Ең көңілді әңгіме ... (оқушының аты) болды
Мені қолдаған, көзқарасымыз келіскен ...
|
Талқыланатын негізгі сұрақтар:
Сандық технология
Қазақстанның келешегі және сандық технология
Сандық технология адам өмірін жеңілдете ме, әлде жалқаулыққа себепші бола ма?
Мұғалім монолог, диалог, полилог, пікірталас деген ұғымдарды оқушылар дұрыс түсінетіндігін тексеру үшін сұрақтар қояды және мысалдар келтіртеді.
Сыныптың жартысы «Сандық технология! Сен ғажайыпсың! Себебі...» деген сөзді, жартысы «Сандық технология! Сен әзәзілсің! Себебі...» деген сөзді суырады.
|
https://massaget.kz/layfstayl/tehno/bilesiz-be/48114 Цифрлы Қазақстанның болашағы қандай?
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D0%B3
Полилог
|
3. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну
|
10.1.3.1 - оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну.
|
Ғылыми-техникалық прогресстің адамның ой-өрісіне тигізетін ықпалы
Тыңдалымалды тапсырма:
С. Оқушылардың бастапқы пікірін білу мақсатында сұрақтар қою. Мысалы: Ғылыми-техникалық прогресс адамның ой-өрісіне әсер ете ме, әлде адамның ой-өрісінің дамуы ғылыми–техникалық прогреске әкеле ме?
С. «Атаулар туралы үш сұрақ» стратегиясы.
1. Қайда? Бұл терминді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
2. Қалай? Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Тыңдалым тапсырмасы.
Т. Тапсырма № 1
Оқушылар берілген үзінділердегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын сандық технологиямен байланыстырып түсіндіреді.
Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!..
Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады...
Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар,
Жарты бастық, жарты ұстаздар, жарты қыздар, жарты ұлдар.
Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында...
Робот-түйсік арқаланған,
Мейірімі тұл жарты адамдар.
1-қадам. Қарамен берілген сөздердің мағынасы туралы топта сөйлеседі.
2-қадам. «Сұхбат» әдісі
Әр топтан бір оқушы дәлізге шығып, кездескен мұғалімдерден сөздердің мағыналарын сұрайды.
Мысалы, «Мына сөздердің мағыналарын сандық технологиямен немесе компьютермен байланыстырып қалай түсіндірер едіңіз?» - деп, берілген сөйлемдерін оқиды.
3-қадам. «Досына телефон шалу» әдісі
Осы сөздердің мағынасын түсіндіріп береді деп сенген адамдарына телефон шалып, сөздердің мағынасын сұрайды.
4-қадам. Алған ақпараттары мен бастапқы ойларын салыстырады.
5-қадам. Топтың құрамындағы оқушылар ауысып, бір-біріне түсіндіреді.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
Ж. Тапсырма № 2
«Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады»...
Берілген тармақ туралы ойын «ПОПС формуласы» бойынша жазады.
|
Талқыланатын негізгі сұрақтар:
Ғылыми-техникалық прогресстің адамның ой-өрісіне әсері;
Адамның ой-өрісінің кеңеюі ғылыми –техникалық жетістіктерге әкеледі;
Қазақстаннан шыққан танымал ғалымдар.
Мұғалімге қосымша ақпарат үшін: «Атаулар туралы үш сұрақ» стратегиясын «Қайда? Қалай? Қандай?» сұрақтарымен байланыстыру керек. Мұғалім сабақтың тақырыбына қатысты үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға сұрақтар қояды.
Оқушылар топ боп жұмыс жасайды. топқа бір үзінді беріледі.
|
https://www.youtube.com/watch?v=4y_ZcnZgqS4&feature=youtu.be
Достарыңызбен бөлісу: |