Мұхит игіліктері
С. Оқушылар бірнеше минут бойы бейнебаяннан мұхитқа, оның толқындарына қарайды. Олар мұхитқа қарағанда және толқын дыбысын естігенде, қандай күй кешетінін, не сезетінін жазады.
Т. Мұғалім клиптен алған сезімдерін талқылап, мұғалім дайындаған екі-үш сұраққа жауап береді, сыныппен талқылайды.
ЖЖ. Оқушылар топта жұмыс істеп, консервіленген балық туралы зерттеу жұмысын балық көзқарасымен жүргізеді.
ЖЖ. Оқушылар бірігіп жұмыс істеп, консервіленген балық өмірі туралы талқылауды жүзеге асырады, мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Олар өз әңгімелерімен бөлісіп, қарсылас топ әңгімесін бағалайды.
Тәуелсіз бағалау – екі жұлдыз, бір тілек.
Мұғалім қандай да іс болмасын, тек балықты консервілеу ғана емес, кез келген тамақ, киім немесе компьютер бөлігін жасау түрлі үдерістерден өтіп, көптеген адам жұмысы мен ресурстарды талап ететіндігін түсіндіреді.
Түсіндірме жұмыстардан соң оқушылар «Мұхит игіліктерін игі іс үшін пайдаланып жүрміз бе?» тақырыбына дискуссивті эссе жазады.
Мұғалім мұхит оқушыларға мұхитты көргенде қандай күй сыйлайтынын байқап,оны талқылау үшін көрсетеді. Мұғалім оқушыларға ойланып, ескертпе жасау үшін бірнеше сұрақ дайындайды:
біз мұхиттан қандай тағам өнімдерін аламыз?
олай болса, балықтар дүкендерде немесе мейрамханаларда қалай пайда болады?
Мұғалім балаларға келесі зерттеу жұмысын жүргізуді ұсынады: олар консервіленген балықтың атынан оның өмірі туралы айтады, келесі сұрақтарды қарастырады:
Консерві жасамай тұрғанда балық қандай еді? Не болғаны жайлы әңгіме құрастырыңыз.
Бұл оқиғаға қандай адамдардың қатысы бар?
Балық консервіленген балыққа айналу үшін қандай жолдардан өтті?
Мұхит пен толқындар жайлы видеоклип (сөзсіз) www.youtube.com/watch?v=7ahvSxpIh0M
http://sabaq.kz/7290/%D0%B0%D1%82%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%82-%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B8%D1%82%D1%8B-%D1%81%D0%BE%D0%BB%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA-%D0%BC%D2%B1%D0%B7%D0%B4%D1%8B-%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B
1.Сөздік қорының алуандығы
10.2.1.1 - ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |