10-сынып оқушыларына арналған сұрақтар Ежелгі дәуір әдебиетінің асыл мұраларын атаңыз. «Алып Ер Тұңғаны жоқтау»


-сынып оқушыларына арналған сұрақтардың жауабы



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата28.09.2024
өлшемі1,05 Mb.
#146011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
10 synyp suraktar (1)

10-сынып оқушыларына арналған сұрақтардың жауабы: 
 
1.
 
Ежелгі дәуір әдебиетінің асыл мұраларын атаңыз:
«Орхон – 
Енисей» ескерткіштері, «Күлтегін» жыры, «Алып Ер Тұңғаны жоқтау» 
жыры, «Қорқыт ата кітабы», «Кодекс Куманикус», «Мұхаббатнаме», 
«Жүсіп-Зылиха», «Гүлстан» т.б. 
2.
 
«Алып Ер Тұңғаны жоқтау» жыры қай кезеңге жатады және 
шығарманың негізгі идеясын атаңыз: 
(б.з.д. VII ғ. – б.з. VII ғ.) (Алып Ер 
Тұңға – өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы 
ақыны Фирдоусидің «Шаһнама» кітабының (XI ғ.) кейіпкері болған. Онда 
Алып Ер Тұңға – Афрасияп Тұранның (Түр елі – түркілер) патшасы болып 
суреттеледі. Ақыл-айласымен, күшімен, біліктілігімен ел есінде мәңгілік 
қалған тарихи тұлға).
 
3.
 
Т. Медетбектің қай өлеңдерінен ежелгі әдеби дәстүр сарынын 
байқауға болады?: 
«Көк түріктер сарыны», «Тағдырлы жылдар 
жырлары», «Аңқа кептірген аңызақ» т.б.
 
4.
 
Халық ауыз әдебиеті үлгілеріне мысал келтіріңіз: 
Халық ауыз 
әдебиеті
 
— халық 
шығармашылығының айрықша 
саласы, 
ауызша 
шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық 
атауы. 
1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған «фольклор» (ағылшынша 
lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де халық ауыз әдебиеті атауы үшін 
халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Халық ауыз әдебиеті жанрлық 


құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері
(еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. 
б.), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, 
қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, 
айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар...
– міне, халық ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі 
қарай түр-түрге бөлініп кете береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет