69.
Біржан сал шығармашылығы және оның ақындық, сазгерлік
қырының қалыптасуына ықпал еткен ұстаздарын атаңыз
:
Біржан сал – қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын
жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға. Жаяу
Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз,
Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді т.б. Арқаның атақты ақын-әншілері
Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін
жалғастырған және ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар.
«Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым»,
«Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы
биік, сыршыл шығармалар. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына
деген Біржан салдың наразылығы, өкініш үні тіпті, оның өмірінің соңғы
кезеңінде шығарған «Теміртас», «Қарасу есік алды» деп аталатын
трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.
Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан
сынды өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары.
70.
Ақан серінің әйел теңсіздігін жырлаған өлеңдерін атаңыз
:
Ақан серінің әйел теңсіздігін күйіне жырлаған «Сырымбет», «Үш
тоты», «Балқадиша», «Ұрқияжан» т.б. өлеңдері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |