33.
Прототип дегеніміз не? Мысал келтіріңіз
:
Прототип –
грекше – түп, төркін, негізгі бейне, әдеби шығарма кейіпкерінің бейнесін
жасауға тірек, негіз болатын өмірде бар адам, яғни, түпкі тұлға. Мысалы
Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның прототипі – әнші
Әміре Қашаубаев.
34.
Хандық дәуір әдебиеті кезеңінің өкілдерін атаңыз.
Шығармаларына мысал келтіріңіз.
Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз,
Доспамбет, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Шал ақын т.б.
35.
Бұқар жырау өмір сүрген ханның кезеңіндегі арнау өлеңдерге
мысал келтіріңіз
:
«
Абылай ханның қасында
», «
Ал, тілімді алмасаң
», «
Ай,
Абылай, Абылай
», «
Қазақтың ханы Абылай
», «
Ханға жауап айтпасам
»,
«
Басыңа біткен күніңіз
», «
Ай, Абылай, сен он бір жасыңда
», «
Ал, айтамын,
айтамын
».
36.
Жырау дегеніміз кім? Жыршыдан қандай айырмашылығы
бар?
Жырау
– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық
дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі.
Жыршы
– жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең,
жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар «жырау»,
«жыршы», «ақын», «өлеңші», «термеші» деп аталған.
37.
Толғау
дегеніміз
не?
Мысал
Достарыңызбен бөлісу: |