10-сынып оқушыларына арналған сұрақтар Ежелгі дәуір әдебиетінің асыл мұраларын атаңыз. «Алып Ер Тұңғаны жоқтау»


М. Өтемісұлының өлеңдеріндегі Исатай бейнесінің сомдалуына



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата28.09.2024
өлшемі1,05 Mb.
#146011
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
10 synyp suraktar (1)

М. Өтемісұлының өлеңдеріндегі Исатай бейнесінің сомдалуына 


мысал келтіріңіз
:
«Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», 
«Исатай сөзі», «Тарланым» т.б. Исатайға арналған өлеңдерінде жоқтау 
басым. 
 
52.
 
Айтыс дегеніміз не? Айтыс түрлеріне мысал келтіріңіз
:
 
Айтыс
– ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр
топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр 
жарысы. Сонымен қатар айтысып отырғанда, ақын өзінің жеңілгенін білу 
де айтыстың негізгі шартының бірі болып саналады. Жеңілгеніне қарамай, 
құр босқа төпей беруді көпшілік дарындылық, ақындық деп танымайды. 
Мұндай қылықты қазақ айтысқыштық, ұтымшылық деп санамайды. Оны 
қазақ «сиыршылау» деп атайды.
53.
 
«Сүйінбай мен Қатаған айтысында» көтерілген басты 
тақырыпты атаңыз
:
 
Сүйінбай үш жүзді, батыр-бабаларымызды айтып, 
оның қазақ ақындарымен салыстыруға келмейтінін жырлайды. Ел 
арасындағы келеңсіздіктер ашылады. Сонда көппін деп мақтанған Қатаған 
өзінің жеңілгенін мойындап, құр алақан жібермейміз деп, сыйлыққа Мейіз 
атты сұлу қызды, алты қанат ақ орда, бүркіт, екі тазы ит сыйлайды. Асқа 
жиналған күллі қазақ пен қырғыздың ортасында Сүйінбай жеңіске жетеді.
 
54.
 
Қ. Күржіманұлы өлеңдеріндегі ізгі қасиеттердің дәріптелуі мен 
әділетсіздіктің сыналуын дәйектеңіз
:
 
Қашаған – халық жырларын, 
Махамбет өлеңдерін жадында сақтап айтып келген, айтыстарға түскен, 
жеке тақырыптарға арнап өлеңдер де шығарған жан-жақты ақын. 
Қашаған ақынды ізгілік пен адамгершіліктің жаршысы десек болады. Оның 
өлеңдерінде ел басына түскен ауыр кезең тебіреніспен жырланып, туған ел 
қайғысы бейнеленеді. Кіші жүз қазақтарының өткені мен келешегіне 
толғанады. Мысалы, Каспий теңізі 1895 жылы тасып, жағадағы жеті 
болыс елді топан су басып, шерлі күйге түскен халықтың мұң-зарын «Топан 
суы басқанда» атты толғауымен танытады. Бұта-талына дейін қымбат 
үйреніскен қоныстың, тыныштығынан айрылған елдің жағдайын 
жырлайды. Ақын негізінен тіршілік құты – еңбекті дәріптейді. Ақынның 
жеке тақырыптарға жазған өлеңдерінің де әлеуметтік мәні жоғары, ойлы, 
парасатты. Қашағанның – «Ізбас ақынға», «Кетеден шыққан келінге», «Қыз 
сыйына», «Берекет ақынға», «Күнзина қызға», «Байұлы туралы», «Той 
бастар» тағы басқа өлеңдері ақын творчествосының кең арналы екендігін 
көрсетеді. Ақын мысқыл сөзге ұста. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет