55.
М. Әуезов атаған «Зар заман ақындары» кімдер?
Дулат
Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы.
56.
М. Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығы туралы
айтыңыз:
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) – айтыскер ақын, жырау. Қазіргі
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген.
Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына
ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында
бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды
ақындармен айтысып, жеңіп шыққан.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр
толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына
түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен
еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның
жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап
шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп
таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел
болады.
Ақынның басты шығармасы – «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің
іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. «Үш қиян»
толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары
үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе – жер, құтты қоныс жайы. Ол
«Қарасай – Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты
жырларына діни аңыздарды негіз еткен. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не
керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты
термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік,
сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне
жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы
сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған
шығармаларын жеткізушілердің бірі болған.
Достарыңызбен бөлісу: |