Манатова.Ә. Т



бет1/3
Дата05.04.2023
өлшемі19,88 Kb.
#79441
  1   2   3
Байланысты:
22-наурыз


«Балақай» бөбекжай – бақшасы


Тақырыбы: «Төрлет, төрлет Әз – Наурыз!»


Практикант: Манатова.Ә.Т
Орал қаласы
2023 жыл
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған 
«Төрлет, төрлет Әз – Наурыз!» «Айгөлек» ересек тобына ертеңгілік


Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Жүргізіуші: - Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Жүргізуші: - Ал, балалар, осы наурыз мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік.
Ән: «Наурыз тойы».
Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу
шашатын кім екенін білесіңдер ме?!
Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды,
шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!
ҚЫДЫР АТА: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің 
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Әумин!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет