№10 тaқырып. Еңбек ұжымындағы конфликтіні реттеудің механизмдері және тәсілдері.
Мақсаты: студенттерге өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, еңбек ұжымындағы дау-дамайдың шығу себептерін және оны реттеу жолдары мен тәсілдерін түсіндіру. Еңбек ұжымының тиімді жұмыс жасауы үшін қажетті адами ресурстарды жетілдіру мақсатындағы жағымды жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту жолдарын қарастыруға және оны шыңдауға үйрету.
Міндеттері:
ұжымдағы конфликтіні болдырмау және шешу жолдарын қарастыру;
«Стоп-кадр» әдісі. Білім алушылар семинар тапсырмалары бойынша өздері стоп-кадр жасайды, яғни аудиторияға көрінбейтін басы және аяғы болады. Топтағы білім алушылар суретте не болып жатқанын талқылау үшін басқа білім алушыларға өздері дайындаған стоп-кадрларын көрсетеді.
Манипулятор – ол .....................................................................................
Манипулятор болу үшін ...........................................................................
Манипулятор алдымен ..............................................................................
Манипуляторға тән қасиет ........................................................................
Әдістемелік ұсыныс Берілген тапсырмаларды орындау үшін әлеуметтік психология, басқару психологиясы және конфликтология ғылымындағы осы мәселеге қатысты ақпараттарды толық, жан-жақты жинақтау, кестедегі нақты тапсырмаларды толтыру және оны талдай отырып өз ой-пікіріңізді білдіру.
Манипуляция – жасырын хабарлама ретінде дегенді қалай түсінесіз?
Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі неге байланысты?
Абайдың «Бойда қайрат, ойда көз болмаған соң айтпа сөз», «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген даналық ойларын талдаңыз.