Әбеуова И.Ә.
Әлеуметтік психология
Оқу құралы
Алматы -2011
Пікір жазғандар:
Қ.Б. Жарықбаев - педагогика гылымдарының докторы,
профессор;
А.Т. Ақажанова психология ғылымдарының кандидаты, доцент
Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психологня. Оқу құралы. -Алматы:
«Эверо», 2011. - 56 бет.
І8ВЫ 9965-505-19-5
Оқу құралы элеуметтік психологияның - жеке адам аралық
қарым-қатынастар, топ аралық қатынастар, топтар жэне жеке адам
мәселелерін қарастырады.
ІТедагогика мамандығьшда оқитын студенттерге арналған.
.
КІТАПХАНАСЫІ;
ІЗВ И 9965-505-19-5
© Әбеуова И.Ә., 2011-
© Эверо, 2011
Кіріспе
Осы оқу құралы қазақ тілінде, элеуметтік психология пәні
бойынша жарық көріп отырған тұңғыш оқулық. Қазақ мемлекеттік
қыздар
педагогика
институтьшың
«әлеуметтік
педагогика»
мамандығында оқитын студенттерге дәріс беру барысында,
әлеуметтік психология пәні бойынша ана тілімізде, жүйелі түрде
жазылған оқулықтың жоқ екендігіне көзіміз жетті. Сондықтан да,
студенттер қауымына көмек ретінде осы оқу құралын ұсьшьш
отырмыз. Әрине, элеуметтік психология курсының барлық
сұрақтарьш толық қамтыдық деп айта алмаймыз, дегенмен маңызды
мәселелеріне көңіл бөлуге тырыстық. Сонымен қатар, басқа да
кемшіліктері мен толықтыруларын келер күннің үлесіие қалдырып
отырмыз.
Қазіргі кездегі әлеуметтік психология — адамдардьщ, түтас
топтардьщ әлеуметтік мінез-құлығьшың заңдылықтары туралы
жалпы ғылыми білім жэне осы мінез-құлықты тәжірибе жүзінде
зерттеу эдістері мен осындай мінез құлыққа тиімді түрде эсер ететін
қүралдар мен элеуметтік әсер ету технологиясыньщ жиынтығы, - деп
қарастыруға болады.
Әлеуметтік психология ғылымьгаың маңызы — адам өмірінің
барлық жақтары - қарым-қытынас, топ ішкілік және топ аралық
қатынастарын құрылатынымен байланысты. Әсіресе, бұл ғылымның
оқыту жэне тәрбиелеу практикасында, педагогикальщ эсерлесуді
ұйымдастыруда маңызы зор.
Әлеуметтік психология мынандай сұрақтарға жауап іздестіреді:
1. «Мен»-«Басқа адам» жүйесіндегі қарым-қатынас, яғни жеке
адам аралық қатынас. Олардың бір-біріне әсері, адамдардың бір-бірін
түсінуі жэне тану механизмдері, ортақ іс-әрекетті ұйымдастыру.
2. Түрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-қылығы мен
жеке адамдық ерекшеліктеріне әсерін зерттеу. Әлеуметгену процесін
(адамдардың элеуметтік нормалар мен құндылықтарды игеруі ),
элеуметтік күтінулерін, әлеуметтік таңдауларьш зертгеу.
3. «Мен»-нің элеуметтік жағдайларға эсері, қоршаған әлеуметтік
ортаға адам эсерін зерттеу. Адамды өз өмірінің қожасы өзі, өзінің
әлеуметтік байланыстары, родцері мен өмірдегі өз позиңиясының
иегері ретінде қарастырады.
4. «Топ»-«топ» жүйесіндегі қарым-қатынастар. Әлеуметтік
психология топтарды біртұтас элеуметтік жүйе ретінде қарастырады.
3
Ол өз бетімен дамып, жетіліп калыптасады, өз іс-әрекетінде өзіндік
мақсаты бар, өзіндік қайталанбас ерекше белгілері бар жүйе. Әрине
топтар жекелеген адамдармен де, басқа топтармен де қарым-
қатынасқа түсе алады. Мұндай қарым-қатынас әр уақытта қалыпты
жағдайда өтпеуі мүмкін, кейбірде жай топаралық қатынастар бір-
біріне деген қарсы тұру (агрессия), түсініспеушілік, басқаны
қабылдамаумен ілесіп отырады. Әртүрлі элеуметтік топтардьщ әсер
етуінің психологиялық механизмдсрін де, оларды тиімді түрде
жоғарылату мәселелерін де әлеуметтік психология қарастырады.
Сонымен,
әлеуметтік
психологияның
негізгі
қарастыратын
мәселелері: жеке адам аралық қарым-қатынастар, топ аралық
қатынастар, топтар жэне жеке адам деп белгілеуге болады.
Осыған байланысты оқу қүралы төрт тараудан түрады: 1)
әлеуметтік психология пэні туралы жалпы түсінік; 2) қарым-қатынас
мэселелері; 3) жеке түлға және 4) топтардың әлеуметтік -
психологиялық сипаттамалары.
Достарыңызбен бөлісу: |