103т дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу шарты Алматы қ. «02» мамыр 2023 ж. Бұдан әрі «Тапсырыс беруші»


-тарау. Медициналық техниканы беру және қабылдау ерекшеліктері



бет3/12
Дата28.06.2023
өлшемі50,7 Kb.
#103625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
№103Т от 02.05.23 ТОО FineShine (ВИЧ Тест 4 пок ) бюджет

5-тарау. Медициналық техниканы беру және қабылдау ерекшеліктері
5.1. Берілетін медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету орнатылғаннан және пайдалануға берілгеннен кейін 37 (отыз жеті) ай ішінде жарамды, осы кезең ішінде кепілдікті сервистік қызмет көрсету құны Шарттың бағасына енгізілген және өзіне регламенттік және жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ бұл ретте дайындаушы зауыт өндірген пайдаланылатын қосалқы бөлшектер мен тораптарды қамтиды. Бұл ретте кепілді сервистік қызмет көрсету медициналық техниканың тораптары мен жинақтауыштарының сынуы, жөнделуі, ауыстырылуы себебінен тоқтап тұру кезеңіне мөлшерлес мерзімге ұзартылады немесе Тапсырыс берушіге көрсетілген кезеңге Өнім беруші осыған ұқсас жұмыс істейтін медициналық техниканы ұсынады.
5.2. Осы Шарт шеңберінде Өнім беруші тендерлік құжаттамада көрсетілген қызметтерді ұсынуы тиіс.
5.3. Ілеспе қызметтердің бағасы Шарттың бағасына кіреді.
5.4. Тапсырыс беруші Өнім берушіден Өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші Өнім берушіден сатып алу үшін таңдай алатын және кепілдік мерзімі өткеннен кейін оларды пайдалана алатын қосалқы бөлшектердің құны мен номенклатурасын ұсынуды талап ете алады.
5.5. Өнім беруші қосалқы бөлшектерді өндіруді тоқтатқан жағдайда:
а) Тапсырыс берушіге қажетті мөлшерде қажетті сатып алуды жүргізуге мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауы;
б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтатылғаннан кейін Тапсырыс берушіге қосалқы бөлшектерге жоспарларды, сызбаларды және техникалық құжаттаманы тегін беруі тиіс.
5.6. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген тауарлардың:
1) егер шартта өзгеше көзделмесе, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификацияларын көрсететін жаңа, пайдаланылмаған, ең жаңа не сериялық модельдер болып табылатынына;
2) Тапсырыс берушінің елі үшін әдеттегі жағдайларда берілген тауарларды қалыпты пайдалану кезінде конструкциясына, материалдарына немесе жұмысына байланысты ақаулары болмайтынына кепілдік береді.
5.7. Тапсырыс беруші ұсынған техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақаулар пайда болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіндегі олқылықтары үшін жауапты болмайды.
5.8. Бұл кепілдік тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бір бөлігін нақты жағдайға байланысты жеткізгеннен және оларды Шартта көрсетілген соңғы межелі пунктте қабылдағаннан кейін 365 күн ішінде жарамды (кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін).
5.9. Тапсырыс беруші осы кепілдікке байланысты барлық наразылықтар туралы Өнім берушіні жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.
5.10. Тауардың істен шығуы туралы хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші хабарламаны алған кезден бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан аспайтын мерзімде болжамды жөндеудің себептерін, мерзімдерін айқындау үшін білікті маманның жергілікті жерге шығуын қамтамасыз етуге тиіс. Өнім беруші дайындаушы зауыт өндірген қосалқы бөлшектер мен тораптарды пайдалана отырып жөндеу немесе Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір шығыстарсыз ақаулы тауарды немесе оның бөлігін ауыстыруды бір ай ішінде жүргізуге тиіс.
5.11. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, бір ай ішінде ақауды(ларды) түзетпесе, Тапсырыс беруші Өнім берушінің есебінен және Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иелене алатын басқа құқықтарына қандай да бір залалсыз ақауларды түзету бойынша қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.
5.12. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарт құжаттарына ешқандай ауытқуларға немесе өзгерістерге (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеп-жөнелту, буып-түю әдісі, жеткізу орны немесе Өнім беруші ұсынатын қызметтер және өзгелер) жол берілмейді.
5.13. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, онда шарттың бағасы немесе беру графигі немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің осы баптың шеңберінде түзету жүргізуге барлық сұрау салулары Өнім беруші тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет