2-тарау. Шарттың мәні 2.1. Өнім беруші тауарды Шарттың талаптарына сәйкес, осы Шартқа қосымшаларда айқындалған мөлшерде және сапада беруге, ал Тапсырыс беруші оны қабылдауға және Шарттың талаптарына сәйкес төлеуге міндеттенеді.
2.2. Төменде санамаланған құжаттар және оларда келісілген талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың тізбесі;
3) техникалық ерекшелік;
4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша егер тендерлік құжаттамада немесе Қағидаларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделсе көрсетіледі).
3-тарау. Шарттың бағасы және төлемі 3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа 1-қосымшада айқындалады және 174 250,00 (Жүз жетпіс төрт мың екі жүз елу) теңге 00 тиын құрайды және Тауарлар жеткізумен байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
3.2. Жеткізілген Тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдап алу-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.
3.3. Төлем алдындағы қажетті құжаттар:
1) қол қойылған Шарт;
2) жүкқұжат;
3) тауарды (тауарларды) қабылдап алу-беру актісі (актілері);
4) жеткізілген тауарлардың санын, бірлік бағасы мен жалпы сомасын сипаттай, көрсете отырып, Өнім беруші Тапсырыс берушіге ұсынған шот-фактура.
4-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары 4.1. Шарт шеңберінде берілетін тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс.
4.2. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бір ережелерінің, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың, жоспарлардың, сызбалардың, модельдердің, үлгілердің немесе ақпараттың мазмұнын ешкімге ашпауға тиіс.
Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сондай шамада берілуге тиіс.
4.3. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда аталған қандай да бір құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға тиіс.
4.4. Өнім беруші тауарларды соңғы межелі пунктіне тасымалдау кезінде олардың бүлінуінен немесе бүлінуінен алдын алатын орауды қамтамасыз етуге тиіс. Қаптама қандай да бір шектеусіз қарқынды көтеру-тасымалдау өңдеуіне және тасымалдау кезінде экстремалды температуралардың, тұздар мен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуі тиіс. Буып-түйілген жәшіктердің габариттерін және олардың салмағын айқындау кезінде жеткізудің соңғы пунктінің алыстығын және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуын ескеру қажет.
4.5. Жәшіктерді буып-түю және таңбалау, сондай-ақ оның ішіндегі және сыртындағы құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес келуі тиіс.
4.6. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын тауарлар тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
4.7. Өнім беруші тауарларды тендерлік құжаттамаға қосымшада көрсетілген межелі пунктке дейін жеткізуге тиіс. Бұл тауарларды межелі пунктке дейін тасымалдауды Өнім беруші жүзеге асырады және төлейді, ал осыған байланысты шығыстар Шарттың бағасына енгізіледі.