103т дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу шарты Алматы қ. «02» мамыр 2023 ж. Бұдан әрі «Тапсырыс беруші»



бет1/12
Дата28.06.2023
өлшемі50,7 Kb.
#103625
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

103Т  Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу шарты 


Алматы қ. «02»  мамыр 2023 ж.
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ШЖҚ МКК «№1 Қалалық клиникалық ауруханасы» , 2018 жылғы 30 қарашадағы № 13 сенімгерлік басқару шартының негізінде әрекет етуші Сенімгерлік басқарушысы ЖШС «Smart Health University City», атынан Калиев Эрнест Ахметбекович бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын ЖШС «АИМ плюс» атынан Бас директор  Серикова Р.Ж.  Жарғының негізінде әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:
1-тарау. Шартта қолданылатын терминдер
1.1. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:
1) Шарт – Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, Тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ Шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) Шарттың сомасы – Тапсырыс берушінің Өнім берушіге Шарттың шеңберінде Бірыңғай дистрибьюторға өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төлеуі тиіс сома;
3) тауарлар – Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарттың талаптарына сәйкес беруі тиіс дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар және ілеспе көрсетілетін қызметтер;
4) ілеспе көрсетілетін қызметтер – тасымалдау және сақтандыру сияқты тауарларды беруді қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметтер және Өнім берушінің Шартты орындауға бағытталған басқа да міндеттерін қамтитын, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту және басқа да қосалқы көрсетілетін қызметтер;
5) Тапсырыс беруші – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық қызметтер көрсететін әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілері;
6) Өнім беруші – Тапсырыс берушімен жасалған сатып алу туралы Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін және Шарт талаптарында көрсетілген тауарларды беруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет