106-топ Үздіксіз кәсіби (психолого-педагогикалық) практика(тәжірибе) Тексеруші


-тап Оқушыларды мінез құлқын бақылау жұмысы



бет2/2
Дата27.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#87418
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
Практика 106 Салим Аяужан

2-тап Оқушыларды мінез құлқын бақылау жұмысы
Жауабы
Бастауыш мектеп кезеңі бойында қоршаған адамдармен қарым-қатынастың жаңа түрлерінің негізгі қаланып бастайды. Міндетті түрдегі ересектердің беделі бірте-бірте азаяды да, бала үшін қүрбы-қүрдастары маңызды болады, балалар қоғамдастығының рөлі артады.
Осылайша, кіші мектеп кезеңінде негізгі, орталық жаңа қайта қүрулар болып төмендегілер табылады:

    • мінез-қүлық пен іс-әрекетті ерікті басқарудың дамуының жаңа, сапалы деңгейі;

  • рефлексия, талдау, әрекетінің ішкі жоспары.

Э.Эриксон түжырымдамасына сай, 6-12 жас аралығы баланың еңбекке, еңбексүйгіштікке қатынасын қамтамасыз ететін жүйелі білімдер мен шеберлікті беру кезеңі деп қарастырылады. Біз практика кезінде 1-2 курс аралығында “көру практикасына” барамыз. Осы кезеңде біз оқушыларды сырттай бақылаймыз. Бұл оқушының сыныппен қарым-қатынасы қандай, мұғаліммен қарым-қатынасы қандай екенін бақылвймыз. Әрине бұл да көзге ерекше түседі. Бастауыш сыныптағы оқушының мінез-құлқы сыныбы мен мұғалімінің көзқарастарына тікелей байланысты. 6-12 жас аралықтағы балалар ересектің не істегенін , не айтқанын бәрін қайталайды. Л.С.Выготский пікірінше, кіші мектеп кезеңінің ерекшелігі, балаларға әрекет мақсаты ересектер арқылы беріледі. Мүғалімдер мен ата-аналар балаларға не жасауға болады, қандай ережелерге бағынуға болады немесе болмайды, қандай тапсырмаларды орындау керек соларды аныктайды. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыға ересектің ойы мен эмоциясы маңызды.
Біз практикада бақылау жүргізу арқылы бір нәрсені түсіндік. Қазіргі балаларға құр сабақты оқып беру арқылы ештеңе түсіндіре алмаймыз. Оларға жаңа бағыт керек. Бастауыш сынып оқушылары эмоцияны жақсы кореді. Сондықтан да сабақ барысында жаңа,қызықты әдістерді қолдану дұрыс екен.
Ал орта сынып оқушыларына келетін болсақ , сабақ барысы дәл осылай. 6-12 жас аралықтағы оқушыларға сабақты әдіс-тәсілдерді қолдана отырып түсіндерген жақсырақ. Біздің бір байқайтынымыз, бастауыш сынып бойы “5” ке оқыған оқушы , орта сыныпқа көшкен кезде бағалары төмендей береді. Оған себеп не ? Баланың сабаққа деген қызығушылығының төмендігі. Ал бұл қызығушылық мұғалімнің арқасын да ғана пайда болады.


Практикаға барған кезде байқан бір жағдайымды айтып берсем.Біз ең бірінші практикаға барған кезде “5 б” сыныбын кезіктірдік. Сабақ бастала салып көзіме түскені 2 оқушы еді. Бірі өте белсенді, бұзық, бірақ үлгерімі өте жақсы оқушы екен. Келесі оқушы өте тыныш, байсалды, сабаққа көп қатыспайды бірақ та үлгермі жақсы. Екі түрлі оқушы , екі түрлі мінез-құлық, екі түрлі белсенділік. Осы екі оқушыдан біз бірін-бірі туралы сұрадық. Олардың айтқандарына көшсек.
Белсенді оқушы: “Өзі тыныш отыра береді. Араласпайды ешкіммен.Мен де араласпаймын. Жаман емес, бірақ тыныш отыра береді.”
Белсенді емпс оқушы: “ Ол бала бұзық, сөйлескім келмейді. Менің бір досым бар.” Балалардың бір-бірі туралы ойлары осындай екен. Бұндай ойларға мұғалім әсер ете білуі керек деп ойлаймын. Екеуінің қарым-қатынасын жақсарту үшін, топтық жұмыста бір топқа отырғызып, бірге жұптық жұмыс істеткізу керек деп санаймын



Практикада оқушылардың мінез-құлқына талдау жасай білудің маңызы зор екенін түсіндім.  Мен оны практикада байқадым. Практикада мұғалім балаларды шеттетпей, көңіл-күйіне қарап сабақ жүргізді.Мұғалімнің әдістемесі маған ұнады. Барлық сынып белсенді болды. Жұптық, топтық жұмыстар оқушылардың бірігіп, белсене қатысуына мүмкіндік берді. Және де оқушыларға мотивация жақсы бере алды. Практика тек сабақ жүргізу емес, оқушыны танып, білуден тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет