20-тапсырма Кіші мектеп оқушысының негізгі іс-әрекеттері: оқыту, ойын, қарым-қатынас, еңбек. Оқу әрекеті – бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті. Оқу әрекеті: оқу мотивациясы, оқу жағдайы, оқу тапсырмасы
20-тапсырма 1. Кіші мектеп оқушысының негізгі іс-әрекеттері: оқыту, ойын, қарым-қатынас, еңбек. Оқу әрекеті – бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті. Оқу әрекеті: оқу мотивациясы, оқу жағдайы, оқу тапсырмасы, бақылау және бағалау әрекеттері.
2. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық деңгейін (зейінін) анықтау диагностикасын жасаңыз.
Жоспары: Кіріспе I тарау.Негізгі іс-әрекеттер түрлері.
1.1. Ойын әрекеті
1.2. Еңбек әрекеті
1.3. Қарым-қатынас әрекеті
II тарау. Оқу әрекеті – бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті.
2.1. Оқыту мотивациясының сипаттамасы,оның жүйелі ұйымдасуы.
2.2.Оқыту іс-әрекетінің белгілі құрылымдары.
III тарау.Оқушылардың зейінін анықтау диагностикасы.
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру жолында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады.Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекетіміз дұрыс болу үшін - дейді Әл-Фараби, - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз». Адамды іс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері.Адам іс-әрекеті күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың,әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет (деятельность) ұғымынан әрекет (действие) ұғымын ажырату қажет. Өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы. Ол жеке мақсатты орын-дауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік рөлі зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алдағы тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару - оның екінші бір басты белгісі болып табылады.