166
Көп ретте əуен жоғарғы дыбыстан басталып, кейіннен төмен-
деу бағытында дамиды: Ақан серінің əні “Алтыбасар”.
Жоғарғы биіктік шыңынан басталып айтылатын əуен шыңнан
(сағадан) бастау деген атауға ие болады. Шыңнан бастаудың
кульминациядан өзгешелігі сол, ол əуендік дамудың нəтижесі бо-
лып табылмайды, тек əуен қозғалысының бастауы, басы болып
есептеледі.
Вокалдық жəне аспаптық əуен
Маманданған, профессионалдық дауысқа арналған əуен-
ді
вокалдық əуен деп атайды. Əуеннің кейбір негізгі заң-
ды лықтары вокалдық музыкада қалыптасқан жəне таби
ғи
орындауға ыңғайлы, əн айтумен байланысты. Вокалдық əуен де
жоғарылаушы қозғалыста – шиеленісудің күшеюімен, ал төмен-
деуші қозғалыста – шиеленісудің əлсіреуімен, энергияның тау-
сылуы мен байланысты секірісті кері бағыттағы қозғалыс
пен
толтыру қажет. Вокалдық əуеннің ерекшелігі – дауыстың таби ғи
мүмкіндіктермен ыңғайласып, тікелей байланыста болуы. Вокал-
дық əуенге салыстырмалы түрде кішігірім диапозон тəн, ты ныс
алу
мен текст көлеміне байланысты жиі цезуралар (фразалар)
кез деседі.
Аспапты музыканың дамуы əуенге түрлі аспаптардың тех-
ни
калық мүмкіндігіне орай сан түрлі ерекшеліктер енгізеді.
Ас
пап
тық əуендер, яғни белгілі бір аспапта ойнауға арналған
əуен дердің диапозоны барынша кең болып, үздіксіз (цезурасыз)
даму ға жəне дыбыс орналасулары секіртпелік техникасының күр-
делене түсуіне мүмкіндік береді:
167
А. Жұбанов. “Ария” (скрипкалық пьеса).
Аспапты музыканың созылып айтылатын лирикалық əуен-
дерінің үлкен бір бөлшегі негізінен вокалдық əуенге жақын,
яғни əнді (жақсы аспаптық əуен қашанда əнге жақын деген ой-
мен байланысты) əуенмен байланыстыруға шақырады. Бір жағы-
нан кейбір вокалдық əуендер аспаптық əуенге жақын. Жалпы,
кəсіпқойлық музыкада аспаптық əуеннің вокалдық əуенмен бірі-
гуі жиі кездеседі; ең жақсы деген аспаптық əуендер өз бойына
вокалдық əуезділік пен аспаптық əуеннің техникалық кеңдігін
қатар үйлестіре отырып дамиды.
Музыкалық қалыптасу жəне өңдеу (музыкалық склад
жəне фактура)
Музыкалық құрылым дегеніміз – музыкалық материалдар-
ды ұйымдастыру негізі. Ол сазгер ойының өлшемін бейнелеу-
мен қатар өзінің сыртқы көрінісін, фактураның түрлі типтерін
де көрсетеді, небір тұтастай тарихи кезеңді қамтиды. Фактура
(лат. factura өңдеу, өң ажар) – музыкалық баяндау құралдарының
қосындысы, сырттай түрлі құрылымдарды көрсететін музыкалық
негіздің арқауы, нақты түрі. Музыкалық құрылымдар екі негізгі
168
топқа бөлінеді: бірдауысты (монодиялық) жəне көпдауысты.
Ал көпдауысты құрылым іштей дауыстардың бір-бірімен келі-
сімділігіне жəне үйлесімділігіне қарай тағы да екі негізгі түрге
бөлінеді: полифониялық жəне гармониялық.
Монодия (гректің monodіa деген сөзі) – бірдауысты əн, жеке
дауыста айтылатын əн деген мағынаны білдіреді. Бір дауысты
музыкалық құрылымның түрі, музыкалық үндердің көлденеңінен
үйлесіп дамуы жəне қандай да бір сүйемелдеусіз бір дауы-
ста жүзеге асырылады. Мұндай музыкалық құрылым көбіне
халықтық музыкада кең таралған, сондай-ақ көбіне эпизодтық
түрде кəсіпқойлық музыкада да жиі кездеседі:
Кенен Əзірбаевтың əні.
Жалпы монодияны бір дауысты əуенмен теңестіріп қана қою -
ға болмайды. Аккордтар жазылуын бейнелеп көрсететін гармо-
ниялық құрылымдағы əуен де жалғыз дауысты болып көрінуі
мүмкін. Алайда, ол тек сырт көрінісімен ғана монодияға ұқсас,
əйт песе шын мəнінде ерекшеліктері бар.
Солай болғандықтан, гармониялық түпнұсқаны болжап, гар-
мониялық логикаға бағынады. Монодияның интонациялық да-
муы, көрсетілгендей, көлденеңінен орналасқан үндер үйлестігіне
толық бағынады. Монодияда əрбір үн ладтық функцияны алып
жүруші болып табылады.
Полифония (гректің poly – көп жəне phone – дыбыс, дауыс
деген сөзі) – көпдауыстық құрылым, көлденең үйлестік негізін-
де қа был данып, бір уақытта екі немесе одан да көп – бірнеше
169
əуен нің үйлесе дамитын дербес бірлігінде қалыптасады. Осыдан
полифония жəне монодия заңдарының ұқсастығы көрінеді. Көл-
денеңі нен қарағанда полифониялық көпдауыстылықтар көбі несе
тігінен (вертикаль) үйлесіп құрылады.
Полифониялық көпдауыстылық құрылым функционалдық қа-
рым-қатынасына орай төмендегідей түрлерге бөлінеді:
а) Көмекші дауыстық полифония – əр дауыстары дербес бола
алады, бірақ тең емес: дауыстардың біреуі басты жетекшінің қыз-
метін атқарады, формалардың қалыптасып, бөлшектенуін бел-
гілейді, ал қалған дауыстары – сүйемелдеуші, тəуелді көлденең
мелодиялық бағыт ретінде естілгенімен, өзінің көмекшілік рөлін
атқарады, аяқталу сəттері сəйкес келеді.
Орыстың халық əні “Дала”.
ə) Қарама-қарсылық (контрастық) полифония – дауыстары
теңбе-тең, өзара интонациялық мағынасы арқылы ажыратылып
өзгешеленеді:
А. Лядов. Орыстың 50 халық əндері, №2.
б) Еліктеушілік, яғни имитациялық полифония – дауыстары
тең дəрежелі (дəлірек айтқанда бір əуен біртіндеп, кемінде екі
əйтпесе одан да көп дауыста қайталанады). Сондықтан да олар
нақыш-ырғақтық, тақырыптық мағынасы жағынан бір-бірімен
дəл келіп үйлеседі, бірақ басталу уақыты жағынан əр дауыс – əр-
қалай. Соңғы дауыс алдыңғысының аяқталу кезеңдерімен үй лес-
пеуі мүмкін (үлкен бөлімдерге дейін):
12–937
170
И. С. Бах.V фуга.
Гармония (гректің harmonіa – байланыс, үйлесу, сай келу
деген сөзі) – көпдауыстық құрылым, музыкалық дыбыстардың
бүтін тік құрылымды жинағы. Онда музыкалық негіз аккордтар-
дың бір-бірімен байланысқан қозғалысы арқылы құрылады. Гар-
мония үндестіктер мен тоналдықтардың заңды байланыстарының
негізінде құрылған. Аккорд гармонияда – полифониядағы үн-
дес
тік мағынасының өзгеше дербес, музыкалық форманың
құ ры лысына негізгі мəн беретін күш. Бұл мəннің əртүрлі бо-
луы мүмкін: бір жағдайда ол тек қана белгілі бір интервал дық
құрылыстың жиынтығы (үлкен үшдыбыстық, кіші үшдыбыс тық,
сеп таккорд, т.б.) емес, ең алдымен нақты ладтық қызме ті көр-
се теді (тұрақты, тұрақсыз, тежеуші немесе қозғаушы); тағы бір
жағ дайларда – аккордтың ладтық мəні екінші орында қала ды да,
онық басты маңызы белгілі бір дыбыстық бояуды құруын да бо-
лады. Мұндай гармонияны əуездің əсемділігі деп атауға болады.
Ол қозғалыстағы əуен тондарын, оның бағытын күшейту ші қыз-
метін атқарғандай, əшекейлеп, əрлейді.
Музыкалық құрылым мен өң-ажар өзара тығыз байланыс ты.
Қандай да бір құрылымға мөлшер ретінде оған жақын бір өң нің
сипаты сəйкес келеді:
1) монофонийлік (бірдауыстылық, унисон);
2) полифонияландырылған (көпдауыстылық, полифония эле-
менттерімен толықтырылған);
3) гомофониялық (негізгі дауыс жəне оны сүйемелдеуші);
4) гомофондық-гармониялық;
5) гомофондық-полифониялық;
6) аккордтық (көп ырғақтық, көпдауыстылық, жекеше түрі
– хорал).
171
ХІ т а р а у
МЕЛИЗМДЕР
Музыкалық тəжірибеде мелизмдер (əдемілеу, əшекейлеу) деп
аталатын арнайы белгілермен көрсетілген қысқа əуендік айна-
лымдар көптен орныққан (мелизм – грекше melos – əуез, əн, əуен
деген мағынада).
Мелизмдер ХІІ-ХV ғасырлар музыкаларында да кездесе
ді,
бірақ олар ХV ғасырдан ХVІІІ ғасырға дейінгі кезеңде, əсіре се,
клавесиндік музыкада кең өрістеді. Мелизмнің негізгі міндеті нің
бірі – əуендегі дыбысты əуездік əшекеймен безендіру. Екінші сі
– көп ұзақтыққа созылмайтын клавесин дыбысын ұзату. Соны-
мен қатар, кейбір мелизмдер аккордтың құрамына енбейтін ды-
быстар үшін ерекше белгі ретінде қызмет атқарды. Сол себеп ті
де композиторларға аккордтың құрамына енбейтін дыбыстар дың
кейбір түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Мелизмдер дің
ғасырлар бойына өз мағынасын сақтаған басты түрлері: форшлаг,
мордент, группетто, трель.
Форшлаг: «Форшлаг» сөзі (нем. vor – алдыңғы schlag – соққы)
негізгі, болып өткен, алдыңғы соққы (предудар) сөзінің мəнін
бе реді. Форшлаг екі түрден тұрады: ұзын (ортасынан сызыл ған)
жəне қысқа. Форшлаг негізгі дыбысқа жазылғандағыдан гөрі
қыс қа ұзындықта, əдетте ұсақ нотамен белгіленеді. Мысалы:
Ұзын форшлаг (ортасынан созылмаған) негізгі дыбыстың
шешілім тауып бəсеңдейтін немесе өрлейтін сəтін ұзарта, соза
ұстап қалуды аңғартады. Ол əрқашан негізгі дыбыстың ұзақтық
есебінен, яғни екінің жартысы немесе үш үлесті дыбыстың үштен
екі бөлігіндей ұзақтығымен орындалады.
Мысалы:
172
Қысқа (ортасынан сызылған) форшлаг алдыңғы дыбыстың
ұзақтығы есебінен, яғни оның ұзақтығының ең қысқа бөлігін
алып тастаумен орындалады. Мысалы:
Алдыңғы дыбыстан алынатын ұзақтық дəл белгіленбеген жағ-
дайда, қысқа форшлаг тап осы алдыңғы мысалда былай орында-
луы мүмкін:
Кейде қысқа форшлаг өз бойына бір емес, екі, үш, көп
жағдайда ұсақ жазылған, сызылмаған ноталармен белгіленген
дыбыстар санының көптігін көрсетеді. Мысалы:
Мордент. Мелодиялық мордент фигурасы (итал. Mordente дəл
мағынасында – үшкір) негізгі, көмекші жəне негізгі – үш дыбыс
айналымынан тұрады. Мордент əрқашан тек негізгі дыбыстың
ұзақтығы есебінен орындалады жəне де басты ұзақтықтың кіші
бөлігі бірінші жəне екінші дыбысқа келсе, үлкен бөлігі (ұзақ-
тықтың жартысына жуығы) – үшінші дыбысқа келеді. Мысалы:
Мысалда ортасынан сызылмаған мордент көрсетілген. Орта-
сынан сызылған мордент өз бойында жоғарғыдай емес, керісінше
тек төменгі көмекші дыбыстың қатысуымен ерекшеленеді.
Мысалы:
Группетто. Бұл мелодиялық өрнек негізгі жəне көмекші (жо-
ғар ғы жəне төменгі) дыбыстардан тұратын төрт немесе бес дыбы-
стар тобын құрайды. Төрт дыбысты группетто жоғарғы көмекші
дыбыстан басталып, содан соң негізгі дыбыс: оның артынан - тө-
мен гі, көмекші дыбыс; төртінші болып негізгі дыбыс алынады:
173
Бес дыбысты группетто да артынан негізгі дыбыстан баста-
лып, одан кейін жоғарғы көмекші жəне де одан əрі төрт дыбысты
группетто сияқты аяқталады:
Группетто ~ белгісімен белгіленеді жəне де бұл не нота үстіне,
не екі нота аралығына қойылады. Нота үстіне қойылған белгі
негізгі дыбыс ұзақтығының есебінен орындалған бесдыбыстық
сияқты, төртдыбыстық группеттоны да білдіруі мүмкін. Мұндай
группетто негізгі дыбыстың не бүкіл ұзақтығына, не осы ұзақ-
тықтың алғашқы бөлігіне орналасады. Мысалы:
Екі нота аралығында тұрған белгі не бастапқы (негізгі)
дыбыстың бүкіл ұзақтығына орналасқан бес дыбыстық группет-
тоны, не бастапқы дыбыстың соңғы ұзақтығынанорын тепкен
төрт дыбыстық группеттоны көрсетеді. Мысалы:
Егер белгі бірдей биіктіктегі екі нотаның аралығында тұрса,
груп петтоның соңғы дыбысы екінші дыбыстың ұзақтығына сəй-
кес келеді.
Группетто белгісінің үстінде немесе астында тұратын альте-
рация белгілері, əлбетте жоғарғы немесе төменгі көмекші ды быс-
тарға жатады.
Мысалы:
Трель. Трель негізгі жəне жоғарғы көмекші дыбыстардың
шапшаң алмасуын көрсетеді. Трель – trіllo деген сөздің бастапқы
дыбыстарымен белгіленеді (итал. сөзі trіllare – сылдырлау, тең-
селу, тербетілу) жəне tr. – белгісі əрқашан нота үстіне қойылады.
174
Негізгі дыбыстың ұзындығы трельдің ұзақтығын анықтайды.
Мысалы:
Трельдің орындалу жылдамдығы (мысалы – отыз екі не-
месе он алтылықтар) жалпы контекске, шығарма стиліне, оның
екпініне байланысты. Егер де трельдің көмекші дыбыстан бас-
талуы қажет болса, онда негізгі дыбыс алдына қысқа форшлаг
белгісі қойылады. Бұл жағдайда осы белгі негізгі дыбыстың
ұзақтығына кіретін қосымша дыбысты көрсетеді.
Мысалы:
Көне музыкада (XVІІІ ғасырды қоса есептегенде) трель
аяғында əдетте группеттомен ұқсас, қорытынды (соңғы) айналым
құрайтын төменгі көмекші дыбыс енгізіледі. Осы қорытынды
(соңғы) айналым – нахшлаг (нем. Nachsclag – соңғы соққы) – нота
жазуында арнайы белгіленбейді, бірақ орындалуы ұйғарылады.
Мысалы:
Жоғарыда мелизмдердің негізгі принциптері баяндалды.
Онда түсіндірілген мелизмдердің стилистикалық жағдайларда
қол данылатын жəне де орындалатын дəстүрмен тығыз байланыс-
ты басқа да тəсілдер əдетте нота текстінде редакторлық ескертпе
ретінде белгіленеді.
Жоғарыда келтірілгендерден басқа, тек белгілі стильдерде
көбірек немесе азырақ таралған, ерекше белгілермен белгіленген
мелизматикалық фигуралар да кездеседі. Мысалға, жоғарыда си-
пат талғандардың ішінен мелизмдердің əртүрлі тамаша түрлерін
И. С. Бахтың шығармаларынан кездестіруге болады.
Бах өзінің пайдаланған мелизмдер мағынасының əржақ
ты-
лы ғын ескере отырып, Вильгельм Фридеман Бахтың клавир кі-
тапшасында «осы мелизмдердің» түсіндірмелік үлгілерін жасай
білді.
175
Музыкалық шығармаларда өте ұзақ əуендік фигуралар құрай-
тын мелизмдердің əртүрлі үйлесімділігін кездестіругеболады.
Мелизмдер тарихи даму сатыларының дəйекті түрде өзге руі
барысында халық музыкасында, əсіресе, Шығыс халықтары ның
музыкасында – Византия, Жерорта теңізі халықтарының му-
зыка мəдениетінде пайда болып, дамыған. Кəсіпқой музыка ны
қарайтын болсақ, ең əуелі діни музыкада, сонау VІІІ-ІХ ғ.ғ. пайда
болған Григориан хоралынан бастап əуен дыбыстарын əшекей-
леп өрнектеу тəсілдерін кеңінен қолданған. Аспаптық музыка ның
да муы мен мелизмдер музыкалық шығармашылықта кеңінен қол-
данылып, тарай бастады. Əсіресе, қайта өрлеу дəуіріндегі ас пап-
тық виртуоздық музыкада тұрақты орын алып, қалыптасты.
ХVІІ ғасырдың жартысынан бастап композиторлар: Куперен,
Рамо (Франция), А. Скарлатти, Корелли, Вивальди, Тартини (Ита-
лия), Перселл (Англия), И. С. Бах жəне Ф. Э. Бах (Германия), Вена
классиктері (жас Бетховенді қосқанда), сондай-ақ орыс компози-
торлары (ХVІІІ-ХХ ғ.ғ.) мелизмді кеңінен қолданды. Мелизм дер
негізінен орындаушылық-шығармашылық өнерге қатысты ша-
руа. Олардың ерекше əдемілігі дыбыстың ырғақтық жəне əуен дік
өрнектерін орындаушылардың өзіндік сезімталдығымен дамыта
білуінде.
Орындаушылық дəстүрде əртүрлі тарихи даму кезеңдерінде-
гі музыкалық өнердің түрлі стилін, əр замандағы композитор лық
жəне орындаушылық мектептерді жақсы білу керек. Сондық тан,
музыкада кездесетін көптеген мелизмдердің мағынасын бір ден
ашып, меңгеріп орындау оңайға түспейді.
176
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(үлгі ретінде)
Пəннің мақсаты – оқушылар мен студенттерге музыканы
оқып, жазу жəне орындау үшін қажет музыка теориясының негізгі
бі лім заңдылықтарынан толық мəлімет беру; мектеп оқушыла рын
дайындауда қамтылатын теориялық білім негіздерін игеру.
Пəннің міндеті – кəсіптік музыкалық білімі бар музы канттар
дайындау. Музыкадағы көркемдік пен əсемдікті сүйіп, түсіне ала-
тын маман əзірлеу.
Музыка мамандарын дайындауға арналған оқу барысын-
да ұстаздық шеберлікті күшейте түсу керек. Музыка теория-
сы ның қиындығы, оның негізгі тақырыптарының нешетүрлі
бөл шектерден тұратындығында, жалпы бұл тақырып тарды мең -
герудегі жұмыс бағыттарының көлемі əртүрлі бо
луында. Сон-
дықтан да жұмыс түрлері əрқилы. Ол əр тақы рыптарға қатыс-
ты мəліметтерді түсіндіру жəне мазмұнын айтып беру; əр
та қырыптарға байланысты белгілі бір музы калық шығармалар ды
немесе жеке бір əуендерді белгілі бір биіктерге ауыстырып жазып,
аспаптарда ойнатып немесе да уыспен айтқызып үйрету; сон дай-
ақ гаммаларды, интервал дарды, аккордтарды транспозиция лар-
ды жаздырып, ойна тып, дауыспен айтқызып үйрету, т.б. Жоғары-
да аталған та қырыптарға байланысты класта жəне үйге ауызша
не
месе жазбаша тапсырма беріп орындату керек. Ноталардың
ұзақ тық түрлерін белгілі бір өлшемдерде тактіге бөліп топтас-
тыру, мелизмдерді айырып оқып, орындай білу, музы
калық
шығармаларды жоғарыда аталған тақырыптар негізінде талдау
жасай білу, əуендерді ойдан шығарып жаза білу. Мінеки, осы лар-
дың барлығы музыка теориясы негізінде орындалып, көпте ген
мағлұматтар меңгеріледі.
МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Əр сабақтың өтуі барысында ұйымдастыру тəртібі əртүрлі
болуы мүмкін. Мысалы, бүгінгі сабақта жоғарыда ата
лған та-
қы рыптардағы жұмыстардың қай түрлеріне көп көңіл бөлгі
сі
ке леді? Бұл ұстазға байланысты. Өйткені кейбір тақырыптарды
мең герудегі жұмыс түрлерінің бəрін бір сабақ та қамту мүмкін
емес. Сон дықтан да бүгінгі тақырыпты меңгерудегі жұмыс түр-
177
лерін класта өтіп (мысалы, бастапқы ұғым, мағлұмат); кейбір
жұ мыс түрлерін үйге тапсырма ретінде беріп, орындату; мүмкін
кей
бір жұмыс түрлерін келесі сабаққа қалдырып, жалғастыра
өту; кей сабақтарда шығар
машылық тапсырмалар көп орын
алуы мүм кін, ал кейбір сабақтарда теориялық ауызша сұраққа
көп кө ңіл бөлінуі мүмкін; енді бір сабақтарда аспаптарда ойна-
тып, жат тықтыру жұмысы немесе теорияның кейбір негіздерін
но
та дəп
теріне, я болмаса тактіге жаздырып үйрету жұмысы;
ба
қы
лау жұ
мы
стары, музыканы талдау, т.т.с.с. Алайда музыка
ті лі нің кей бір негіздерін жазып, құруды дағдыландыру үшін əр
же ті сайын қадағалап, іс жүзінде өте қажетті пəн негіздерін бар лық
оқу кезеңдерінде оқтын-оқтын қайталап отыруды ұмытпау ке рек.
Оқу ба
рысында өткен та
қырыптармен байланыстыра оты
рып,
клас та түсін дірілген теориялық білімдерді толықтырып терең де-
те тү су үшін оқушылар мен студенттерге үйге тапсырма беріле ді.
Тапсырманың негізінен төрт түрі болады:
1. Теориялық білім, класта түсіндірілген мағлұматтарды оқу-
лықтан немесе жазған конспектісінен оқып меңгеру.
2. Жазбаша жаттығулар, неше түрлі жазу таңбаларын əрі əде-
мі, əрі дұрыс жазып үйрену, сондай-ақ тез жазып үйрену.
3. Сан алуан жазу таңбаларын аспапта орындап, оны тексеріп,
оқытып, ойнатып үйрету.
4. Теориялық білімдерді, іс жүзінде музыкалық шығар маларды
танып, талдай білу керек. Музыкалық шығарма
ларды талдау
үс тін де теориядан өткен тақырыптар күрделене келе оқушылар
мен сту
денттерді өз ойларынан шығарма жа
зуға үйрету керек
(əуен, əн немесе аспаптық пьесаларды жаздырып үйретуден
бастаған жөн).
Жалпы музыкалық шығармаларды өткен тақырыптармен
бай ланыстырып, шығарманың құрылысын, көлемін теория негі-
зі тұрғысынан қарап, талдай білсе, əсіресе, теорияның негізгі
та
қырыптары: интервалдарды, аккордтарды, тоналдықтарды,
лад тық құрылымдардың түрлерін, неше түрлі ырғақтық (ритми-
ка лық) өрнектерін тауып, анықтай білсе, сонда ғана теория білі-
мін меңгерді деуге болады. Тағы бір айта кететін жай, музыка-
лық тіл негіздерін шығарманың маз
мұнымен (характерімен)
байла ныстыра қарау керек. Жоға рыда аталған музыка теориясы
негіздерінің (интервал, лад, ырғақ, аккорд т.б.) музыканың маз-
мұнына, характеріне тигізіп тұрған əсерін, үндестік сапасын,
178
болмыстық міндетін, міне осының бəрін талдай білуге үйрету ке-
рек. Үйге берілетін тапсырманың мөлшері мен көлемі жағы нан
бір жетінің ішіндегі уақытты біркелкі бөліп, жететіндей ету; үз-
діксіз жəне дəл қадағалап тапсырманы уақытында орындаға нын
тексеріп, əр жеті сайын студенттерді тексеріп, сұрап, əр ай сайын
бақылау жұмысын жүргізіп, бір семестр де екі рет қорытынды
ба қылау сабағын өткізіп отыру керек. Мұның бəрі оқушылар мен
студенттердің музыкалық тіл негізін сапалы түрде меңгеруіне
мүмкіндік туғызады.
ЕМТИХАН ТАЛАПТАРЫ
Оқушылар мен студенттердің білімін тексеріп, бағалау үшін
оқу жоспары бойынша музыка теориясының негізін аяқта
ған
соң емтихан өткізу шарт. Емтихан ауызша жəне жазба ша түрде
өткізіліп, бағаланады. Жазбаша жұмыста шамамен мынадай жұ-
мыс тар қамтылуы тиіс (жазбаша бақылау жұмы стары əр семес-
трде екі реттен өткізіліп, бағаланып, емтиханда ескерілуі тиіс):
1. Диатоникалық жəне хроматикалық жарты тондар мен бү тін
тондарды берілген дыбыстардан жоғары немесе төмен құру.
2. Берілген ритмикалық ұзақтықтарды немесе берілген əуен ді
белгілі бір өлшемде тактіге бөліп топтастыру.
3. Берілген дыбыстардан интервалдарды құрып, олардың лад-
тағы шешілімдерін жазу.
4. Берілген тоналдықта мажорлық жəне минорлық гам малар-
дың үш түрін бір октава көлемінде жоғары-төмен жазу немесе
хро матикалық гаммаларды құру.
5. Берілген дыбыстан халық ладтарының гаммаларын жазу,
бе рілген ладта аккордтар құрып, олардың шешілімдерін жазу.
6. Берілген əуендерді транспозициялау.
7. Мелизмдердің негізгі түрлері, олардың жазылу белгілері
жə не орындау тəсілдерін ашып жазу. Ауызша емтихан билет ар-
қы лы өткізіледі. Емтихандық билеттің құрылымы:
1. Теориялық сұрақ.
2. Практикалық тапсырма.
3. Музыкалық шығармаларды талдау
І. Теориялық сұрақтар белгілі бір тақырып немесе теори я лық
түсініктен тұруы мүмкін. Шамамен алғанда теориялық сұрақ тар-
дың тізімі төмендегідей:
179
1. Дыбыс, музыкалық дыбыстар жəне олардың қасиеттері.
Жоғары жəне төменгі музыкалық дыбыстар. Дыбыс қатары.
2. Музыкалық дыбыстардың атаулары. Октавалар.
3. Нота жазуы. Нота жəне оның жазылу тəсілдері.
4. Кілттер. Кілттік белгілер.
5. Жарты тон жəне бүтін тон. Көмекші басқыштар жəне олар-
дың аттары. Альтерация белгілері.
6. Дыбыстар энгармонизмі. Диатоникалық жəне хромати ка-
лық жарты, бүтін тондар.
7. Ноталардың ұзақтық созылымын ұлғайтатын қосымша
бел гілер. Паузалар.
8. Екі дауысты музыканы жазу. Фортепианоға, хорға жəне
ансамбльдерге жазылған музыкаларды жазу тəсілдері. Нота лық
жазуларды қысқарту белгілері.
9. Өлшем жəне ырғақ (метроритм). Тактінің көлемі (размері).
10. Жай метрлер мен размерлер. Ритм жəне жай размерлер дің
тактілеріндегі дыбыс ұзақтықтарын топтастыру.
11. Күрделі метрлер мен өлшемдер (размерлер). Біршама
күш ті үлестер. Аралас метрлер мен өлшемдер. Күрделі жəне ара-
лас өлшемдерді такті ішінде топтастыру.
12. Ауыспалы өлшемдер. Синкопа. Вокалдық музыкадағы
топ тастыру.
13. Музыкадағы ұзақтықтарды еркін (шартты) бөлудің түрлері.
14. Жылдамдық екпіндер (темптер). Дирижерлік тəсілдер.
15. Интервал. Интервалдардың анықтамасы, сандық жəне са-
па лық қасиеттері. Жай интервалдар. Диатоникалық интер валдар.
16. Ұлғайтылған жəне кішірейтілген интервалдар. Интер вал-
дардың энгармонизмдік теңдіктері.
17. Құрамды (күрделі) интервалдар. Диатоникалық жəне хро-
матикалық интервалдар.
18. Консонанстық, диссонанстық интервалдар. Интер вал дар-
дың энгорманизмдік теңдіктері.
19. Жай интервалдардың айналымдары. Құрамды интер вал-
дар дың айналу тəсілдері.
20. Лад жəне тоналдық. Лад туралы жалпы мағлұмат.
21. Мажорлық лад.
22. Натуралдық лад басқыштарының қасиеттері. Мажор дың
гар моникалық жəне мелодиялық түрлері.
23. Минорлық лад.
|