107
VІ т а р а у
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ДИАТОНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚ ЛАДТАРЫ
Соңғы екі-үш ғасыр аралығында музыка саласындағы пай-
даланылған негізгі ладтар – табиғи жай мажор мен табиғи жай
минор, олардың гармониялық жəне мелодиялық түрлері жай-
лы жоғарыда əңгімеленді. Ладтың бұл түрлері ладтың даму
эволюциясының нəтижесі ретінде дүниеге келіп, жобалап айтсақ,
ХVІІ ғасыр қарсаңындағы музыкадан басталды жəне ең басты
орынға ие болып, бұл кездегі музыка негізінен осы екі ладта
өрбіп, дамыды.
Соңғы ғасырлар музыкасынан көбірек орын алған бұл лад -
тармен қатар, басқа да лад формаларын көруге болады. Олар-
дың бірі халықтық музыка мəдениетінің ерекшеліктерімен бай-
ланысты болса, енді біреулері белгілі бір дəрежеде, сазгерлер
түрлі көркемдік мақсатта пайдаланатын жасанды ладтық
құрылыстар болып табылады. Еуропалық музыка мəдениетінде
көбірек қолданылатын ладтарды орнықтырып, дамытуда көне
ортағасырдағы диатоникалық халықтық ладтар маңызды рөл
атқарды. Өйткені олар профессионалдық музыкаға да, халықтық
əуен өнеріне де тəн қасиеттерге бай болатын. Диатоникалық
– сөзі грек тілінен пайда болған, сөзбе-сөз аудармасы – “тон
жүйесі бойымен келе жатқан” деген мағынаны береді. Диатоника
музыкалық термин ретінде барлық дыбыстары таза квинта (не
кварта) бойымен орналаса алатын жеті дыбысты жүйеге жатады.
Мысалы, табиғи жай до-мажорға сай келетін фортепианоның ақ
тіліндегі дыбыс қатары – диатоникалық ладтың дыбыс қатары
болып табылады:
Сонымен, диатоника жүйесі негізінде диатоникалық ладтар
құрылады. Ескі диатоникалық ладтар жайлы көне грек музы-
ка теориясының өзінде-ақ жан-жақты зерттеліп, жазылған. Сол
заманның музыкасында олар басқа, диатоникалық емес ладтар-
мен қатар қолданылған. Олар – ортағасырлық музыканың негізі
108
болып табылады. Табиғи жай мажор мен минор əсерінен біртіндеп
екінші орынға ығыстырылған ескі диатоникалық ладтар ХІХ жəне
ХХ ғасырларда, мажор мен минор жүйесін кеңітіп, толықтырушы
ретінде қайтадан екінші рет өмірге келді. Бұлардың қайта тууы на,
негізінен, халық музыкасының интонациялық құрылысы, дүние-
жүзіндегі көптеген ұлттық кəсіпқой музыка мəдениетінің едəуір
жетістіктері мен жаңадан дамып келе жатқан музыка тілінің үл-
кен əсері себеп болды.
Əртүрлі диатоникалық ладтар
Негізгі, тұрақты дыбыс – тониканың орналасуына бай
ла-
нысты əртүрлі диатоникалық ладтар құрыла алады. Музыка-
да қандай дыбыс тоникалық міндетті өзіне алады десек, бұл
жай белгілі бір берілген əуендік-саздық құрылым ға байланыс-
ты. Тоника əртүрлі айқындалуы мүмкін. Мұнда, қандай да бір
дыбыстың жиі қайталануы мен оның өлшемдік жəне ырғақтық
толықсуы маңызды рөл атқарады. Енді нақты халық əуендерін
қарап, тониканың қандай жағдайларда пайда болып, толысаты-
нын байқап көрейік:
Жалпы, халық музыкасында кездесетін диатоникалық лад тар-
дың саны жетеу. Ол ладтардың атаулары ертедегі грек музыка-
109
сында көп тараған диатоникалық ладтардан алынған. Сондықтан
да бұл атаулардың шығу тегі кейбір ертедегі Грециядағы аймақ-
тардың аттарымен байланысты болса керек:
1) ионийлік лад
2) дорийлік лад
3) фригийлік лад
4) лидийлік лад
5) миксолийдийлік лад
6) эолийлік лад
7) гипофригийлік лад
Бұл диатоникалық ладтарды бірімен-бірін салыстыруға ың-
ғайлы болу үшін олардың дыбыс қатарларын тоникадан бастап
октавалық қайталануына дейін жазып көрейік:
Бұл ладтардың дыбыс қатарлары қандай дыбыстардан бол-
сын құрала алады жəне бұдан олардың диатоникалық қасиеттері
бұзылмайды. Диатоникалық ладтардың негізгі ұқсастықтары
мен өзгешеліктері тоникадан құрылған терцияның сапасында
жатыр. Осыған байланысты ортағасырлық диатоникалық ладтар
110
мажорлық жəне минорлық диатоникалық ладтар болып бөлінеді:
тоникадан құрылған үлкен терция – мажорлық ладтарды, ал то-
никадан құрылған кіші терция – минорлық ладтарды көрсетеді.
Мажорлық диатоникалық ладқа жататындар:
ионийлік
лад
лидийлік
лад
миксолийдийлік
лад
Минорлық диатоникалық ладқа жататындар:
эолийлік
лад
дорийлік
лад
фригийлік
лад
Егер, бұл диатоникалық мажорлық ладтарды – табиғи жай ма-
жормен жəне диатоникалық минорлық ладтарды – табиғи жай ми-
нормен салыстырып байқасақ, онда қандай да бір диатоникалық
ладқа тəн өзгешілік белгісін байқайсыз. Сонымен, ионийлік лад
бүтіндей табиғи жай мажормен дəлме-дəл келеді:
Лидийлік лад табиғи жай мажорлық ладтан жоғарылатылған
ІV басқышы арқылы (лидийлік квартасымен) ерекшеленеді:
Миксолийдийлік ладтың жай мажорлық ладтан жоғары
ла-
тыл ған айырмашылығы – VІІ төмендетілген басқышпен (мик со-
лидийлік септимасымен) өзгешеленеді:
Эолийлік лад табиғи жай минорлық ладпен дəлме-дəл үй-
леседі:
111
Дорийлік лад табиғи жай минорлық ладтан жоғарылатылған
VІ басқышы арқылы (дорийлі секстасымен) ерекшеленеді:
Фригийлік ладтың табиғи жай минордан айырмашылығы –
тө мендетілген ІІ басқышымен (фригийлік секундасымен) өзге-
ше ленеді:
Жетінші диатоникалық лад – гипофригийлік лад өзінің ішкі
құрылысының өзгешелігімен мажорға да, минорға да жатпай-
ды. Бірінші басқыштан азайтылған квинта (аз. 5); азайтылған
үшдыбыс (аз.3) құрылады. Бұл ладтың өзіндік қасиеті жоқ, өз
алдына жеке лад бола алмайды; сондықтан да музыкада кездес-
пейді десе де болғандай (гипофригийлік азайтылған квинтасы-
мен ерек шеленеді); кейде локрий лады деп атайды:
Жеті басқышты диатоникалық ладтар халық музыкасында кең
таралған (қазақ музыкасында да елеулі орын алады), ал сазгерлік
шығармашылықта халықтық бояуды қайта жаңғырту үшін жəне
де осы ладтарды жалпы пайдаланылатын басқа ладтардан айы-
рып тұратын белгілі бір сипатының мəнерлігіне (айқындығына)
байланысты қолданылады. Мысалы, лидийлік ладтың мəнер-
лілік мүмкіндігі табиғи жай мажормен салыстырғанда жарқы-
нырақ, көңіл аударарлық боп келген мажормен байланысқан, ал
мик солидийлік лад – біраз күңгірттеу мажормен байланысқан.
Егер фригийлік жəне дорийлік ладтардың мəнерлілік мүмкін-
дік
те
рін табиғи жай минормен салыстырсақ, онда фригийлік
ладта күшеюі, минорлықтың тереңдетілгендігі, ал дорийлік
ладта ми нордың айшықтануы байқалады. Бұл ладтарға беріліп
оты
рған мінездемелер – музыкадан байқап қарастырылған
жағ дайлар.
112
Пентатоника
Диатоникалық ладтардың ішінде, дүниежүзінің музыка өне-
рінде көп тараған, өте ерте заманда пайда болған (біздің эрамызға
дейінгі 7 ғ. Қытайда дүниеге келген) ладтың бірі – пентатоника
(грек тілінде – бес тон, бес дыбыс деген мағынада). Пентатони-
ка, Батыс Еуропалық Британия арал дарында тұратын шотландия
халықтарының музыкасында кездессе, бір шеті Қиыр Шығыс
Азия халықтары – Қытай, Вьетнам, Жапония, тағы көптеген
елдердің музыкасында кеңінен қолданылады. Пентатоника лады
сондай-ақ Еділ бойын қоныстаған татар, башқұрт, чуваш, марий
халықтарының қазіргі заманғы музыкасына тəн лад.
Сөйтіп, пентатоника деп – дыбыс қатары (бір октаваның
ішінде) 5 басқыштан тұратын, басқыштарының аралығын үлкен
секунда жəне кіші терция құратын ладты атаймыз. Фортепианоның
қара тілдерінің дыбыстары бір октаваның ішіндегі жүйелі, рет-
телген пентатоникалық дыбыс қатарын құрайды. Сондықтан,
пентатониканың құрамына небары бір кіші терция жəне үш үлкен
секунда кіреді:
Пентатониканың дыбыстарының орналасу түрлері:
Бұл ладтың ерекшелігі – оның дыбыс құрамында кіші
секунданың жоқ болуы. Сол себептен де пентатониканың құра-
мындағы тұрақсыз дыбыстарының тұрақты дыбыстарға айқын
тартылыс қасиеті жеті басқыштық ладтардікіне қарағанда жоқ
деуге болады. Сондықтан да пентатоника лады ангемитондылар
деп аталатын топқа, яғни жарты тоны жоқ ладтарға жатады. Пен-
татоника басқыштарының аралықтарында тритондық интервалда
(ұл.4, аз.5) жоқ. Пентатониканың ең негізгі екі түрі бар.
Бұлар: мажорлық пентатоника мен минорлық пентатоника.
Мажорлық пентатониканың тоникасынан мажорлық үшдыбыс
құрылады да, минорлық пентатониканың тоникасынан минорлық
үшдыбыс құрылады.
Мажорлық пентатониканы табиғи жай мажормен салыстырсақ,
IV мен VII басқыштар жоқ болып шығады:
113
Минорлық пентониканы табиғи жай минормен салыстырсақ,
мұнда ІІ жəне VІ басқыштар жоқ болып шығады.
Пентоника жоғарыда қарастырылған ортағасырлық жетібас-
қыштық халық ладтары сияқты, диатоникалық ладтардың қата-
рына жатады.
Пентатоника лады жоғарыда аталған халықтардан басқа орыс,
бурят, саха, сондай-ақ, қазақ халқының музыкасында да кездеседі.
Ауыспалы ладтар
Ауыспалы лад деп бір дыбыс қатарының аралығында то-
никасы алмасып үлгеретін немесе бір тониканың аралығында
дыбыс қатары алмасып үлгеретін ладтарды атайды. Ауыспалы
ладтардың бірінші түрін қатарластық (параллельдік) ауыспа-
лы мажор-минор (немесе минор-мажор), ал екінші түрін бір ат-
тас ауыспалы мажор-минор (немесе минор-мажор) деп атайды.
Мұндай ладтардың түрлері халық музыкасында, сондай-ақ қазақ
əндерінде де жиі кездеседі.
114
Екі еселенген гармониялық минор
Екі еселенген гармониялық минорды дыбыс қатарында ұлғай-
тылған екі секундасы бар минор деп атасақ дұрысырақ болар:
115
Екі мəрте гармониялық минордың табиғи жай минордан
айырмашылығы - VІІ жəне ІV басқыштарының жоғарылатуында.
Осыған байланысты жоғарыда көріп отырғандарыңыздай, ІІІ – ІV
жəне VІ – VІІ басқыштар аралықтарында (екі жерде) ұлғайтылған
секундалар (ұл.2) пайда болады. Бірінші ұл.2 (VІ-VІІ) интерва-
лын біз бұрынырақ гармониялық минорды өткенде оқып-білген
едік. Ал екінші ұл.2 (ІІІ-ІV) минорда пайда болғандықтан, екі
мəрте гармониялық минор деген атау алады. Бұл лад венгр, ру-
мын, болғар, сыған, молдаван халықтарымен қатар, шығыстың
музыка мəдениетіне де тəн. Екі еселенгенгармониялық минор
кəсіпқой музыкада ұлттық ерекшеліктерді қайта жаңғырту үшін
қолданылады. Мысалы, М. П. Мусоргскийдің “Көрмедегі сурет-
тер” атты фортепианолық пьесасында (тональдігі – си минор)
қатынасушылардың бірінің бейнесі екі мəрте гармониялық ми-
норды қолдану тəсілімен беріледі:
Екі мəрте гармониялық ладқа тəн жалпы күңгірт бояу венгрдің
ұлы композиторы Ф. Листің си-минор сонатасының кіріспесінде
өзінше бір ерекше бейне туғызғандай:
Бұл шығармадағы екі мəрте минор жасаған бейнеде фригийлік
ладтың ерекшелік реңін тереңдете түседі.
Ұлғайтылған жəне азайтылған ладтар
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы
кəсіпқой музыкадан халық музыкасына тəн емес, диатоникалық
та емес ладтық құрылыстарды кездестіруге болады. Бұлардың
116
ішіндегі ең маңыздылары –
ұлғайтылған жəне азайтылған деп
аталатын ладтар. Ұлғайтылған ладтың дыбыс қатары бүтін тон-
мен жасалған гамманы береді:
Ұлғайтылған (бүтін тонды) ладтың дыбыс тізбегі гаммасы:
Бұл ладтың дыбыс тізбегінің диатоникалық ладтар дыбыс
тізбегінен өзгешелігі – жеті емес, алты дыбыс бар. Мұнда жарты
тондар жоқ. Ұлғайтылған ладта дыбыстардың кварта-квинталық
байланыстары да болмайды. Диатоникаға тəн таза кварта (т.4)
мен таза квинтаның (т.5) орнына, мұнда дыбыс қатарының қай
басқышында болмасын құрыла алатын үш тондар пайда болады.
Мұндай ладта консонанстық тоникалық үшдыбыстық та жоқ.
Шартты түрде тоника деп ұлғайтылған үшдыбыстықты санауға
болады.
Азайтылған ладтың дыбыс қатары бүтін тондармен жар-
ты тондардың кезектескен дыбыс тізбегін береді. Бұл дыбыс
қатарының диатоникалық жеті басқыштық дыбыс қатарынан
айырмашылығы – оның (8) басқышы бар:
Азайтылған ладтың шартты тоникасы болып азайтылған
септаккорд (келтірілген мысалда – до-ми-соль) (фа #)-сu
bb
) (ля)
алынады. Ладтың басқа дыбыстары азайтылған септиманың
бойымен орналасып, тоникалық дыбыстарға кіріспе тондар
болады. “Бүтін тон – жарты тоннан” тұратын дыбыс қатарын
Римский-Корсаковтің гаммасы деп жиі атайды, өйткені ол осы
композитордың музыкасында жиі қолданылады. Алайда мұны
басқа сазгерлердің (мысалы, Чайковскийдің, Листтің жəне т.б.)
шығармаларынан да табуға болады. Орыстың классикалық
музыкасында ұлғайтылған жəне азайтылған ладтар, көбіне
шынайы, нанымды емес, керісінше фантастикалық, көбіне
шынайы, нанымды емес, керісінше фантастикалық, аңыз-
117
ертегілердегі бейнелерді беруде қолданылған. Мысалы,
М. Глинканың “Руслан мен Людмила” операсында ұлғайтылған
лад элементтері Черноморды бейнелеумен, ал Чайковскийдің
“Қарға мəтке”операсында Графиньяның елесін берумен
байланысты (аталған музыка шығармаларын тыңдауларыңызға
болады) алынған.
Музыкадағы көп тоналдық жəне көп ладтық деген түсініктер,
əсіресе, қазіргі заманымыздағы музыка мəде ниетінде (Б. Барток,
И. Стравинский, С. Прокофьев, Р. Щедрин, т.б.) жиі кездеседі.
Өз алдына күрделірек құбылыс болғанымен, негізінен олардың
жоғарыда айтылған ладтық
-тоналдық құрылыстар жүйесінен
айырмашылығы жоқ.
Көп тоналдық деп əртүрлі екі тоналдықтың бір уақытта қатар
дыбысталып үндесуін айтады. Олар музыкалық құрылымдық
бей нелеудің түрлі қабаттарында көрінеді. Мысалы, фортепиано-
лық музыкадағы оң жəне сол қол партияларында болады:
Жоғарыда көрсетілген мысалда оң қолдың партиясы диездік
тоналдықта жазылып, ал сол қолдың партиясы бемольдік
тоналдықта жазылған.
Көп ладтық музыкалық құрылыстар бір ғана тоналдық
орталықтағы əртүрлі ладтардың бір уақытта дыбысталуын бол-
жайды.
118
Бүгінгі замандағы музыкалық жүйелер туралы
бірер сөз
Қазіргі композиторлардың шығармашылық тəжірибесінде
тоналдық, ладтан тыс ойда негізделген музыкалық материал
құ ры лысының жаңа принциптері жиі қолданылады. Шығарма
жазу жолдары, композиция техникасы жаңа жүйеге негізделеді,
соның ішінде композиторлық тəжірибеде барынша үлкен мəнге
ие болғаны – додекафония (грек тілінде – он екі дыбыстардың
өзара қатынастарын белігілеу). Осы жүйелер, сондай-ақ олар-
мен байланысты нотация тəсілдері жайлы Ц. Когоутектің “ХХ
ғасырдың музыкасындағы композиция техникасы”, (М. 1976)
атты кітабында егжей-тегжейлі жазылған.
Термин “додекафония” – екі түбірден шыққан, көне грекше-
ден аударғанда “dodera” – “12” (“онекі”) жəне “phone” – “дыбыс”
деген мағынаны береді.
Додекафонды системада ладтық құбылыстарды “сериялық”
деп аталатын жүйеге ауыстыруға талпыныс жасалды. “Серия,
яғни “дыбыстар тобы” шығарманың құрылысының негізі бо-
лады. Бұл хроматикалық системадағы барлық 12 дыбыс (тон)
дыбысталып болмайынша, “дыбыстар тобының” бірде-біреуі
қайталанбайды, өйткені додекафонияда біркелкі орындаушылық
кезеңдерде барлық 12 дыбыс тең болып келеді. Додекафонияның
негізін қалаушылардың пікірінше “серия” мен “сериялық тəсіл”
музыка тілін айтарлықтай дəрежеде жаңартып, оны барынша
əртүрлі ғып жасауы керек, өйткені əрбір шығарманың өз серия-
сы болып келіп, ал 12 қайталанбайтын дыбыстардан болатын
ком позиторлардың саны өте көп болуы мүмкін. Алайда бұрын
дыбысталғандардың ешқайсысы қайталанбауы керек деген ой,
дыбыстар мен бір тоналдық орталық арасындағы классика-
лық ладофункционалдық байланыстардан қашқақтау (жоламау)
принципіне əкеледі.
Додекафонияның негізін қалаушылар «жаңа Вена мектебінің»
өкілдері А. Шенберг жəне оның ізбасарлары (А. Берг, А. Ве-
берн, Э. Кшенек жəне басқалар) болды. Бұл жүйе бойынша жазу
тəсілдері қатаң ережеде белгіленген:
1) “Серия” құрайтын хроматикалық системаның барлық 12
басқыншы пайдаланып болмайынша, бұрынырақ алынған дыбы-
старды қайталауға болмайды;
119
2) терциялық құрылым үндестігін құрайтын интервалдарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
3) шамалағанда, əдеттегі аккордтарды алмастырушы
вертикалдық үндестіктері “серия” дыбыстарынан құрылуы керек
деп саналады.
4) əртүрлі мелодиялық бағыттардың үйлесімімен құрылған
көпдауыстық шығармаларда, додекафония ережесі бойынша кон-
сонанстардан құрылмауы керек.
Жоғарыда аталған қатаң шектелген ережелер көркемдік
жағынан табиғи болып табылмайды, сондықтан да ол
композиторлардың творчестволық фантазиясын (қиялдауын) той-
тарып, тірі сезімді – құрғақ дыбыстық құрылымдармен алмасты-
рады, музыканы нашарлатып, оны жарқындық пен əдеміліктен
айырады, музыкалық құрылымның жалықтыратын біркелкілігін
үдете түсіп, оның қабылдануын қиындата түседі. Алайда
додекафониялық жəне “сериялық” тəсілдің кейбір тоналдық ойда
негізделген элементтерін қазіргі заманғы композиторлық тəсілдер
ретінде пайдалануға болады. Жалпы бұл тəсіл адамға – ой салды-
ратын тəсіл.
“Нақтылы музыка”. “Нақтылы музыка” біздің ғасырымыздың
40-жылдарының аяғында Францияда пайда болып, Европа мен
АҚШ-тан өзінің жолын қуушыларын тапты. Бұл буржуазиялық
музыка мəдениетінде пайда болған жай шынайы бағыт.
“Нақтылы музыканың” негізі оның нақтылығы, яғни табиғатта
кездесетін натуралдық у-шу мен неше түрлі дыбыстарды пай-
далануынан тұрады. Бұл дыбыстар магнитофон таспасына жа-
зылып алынып, содан кейін олардың əртүрлі үйлесімділіктері
мен қиыстыруларынан “музыка” құрастырылады. Осы тектес
құрастырулар ешқандай алдын
ала жасалынған творчестволық
түпкі ойсыз не жоспарсыз, таза тəжірибелік жолмен жүзеге асы-
рылады.
Электрондық музыка. “Электрондық музыка ешбір музыкалық
аспаптың көмегінсіз дыбыстарды алдын ала тікелей магнитофон
таспасына жазылатын электр күші арқылы жасалған дыбыстар
композициясына негізделген. Композитор тек күні бұрын қажетті
дыбыстық материалдарды – биіктігін, ұзақтығын, əр дыбыстың
қарқындылығын айқындап отырады. Электрондық музыканың
обертондары жоқ жəне қандай да болмасын тембрлік бояудан
айрылған.
120
Шығармаларды графикамен жазып алу акустикалық кесте
сызықтары түріндегі арнайы дайындалған жүйе бойынша жүзеге
асырылады.
Алеаторика (латынша alea – ойын сүйегі; кездейсоқ) – қазіргі
заманның батыс музыкасындағы ағым.
Алеаторика музыка жасайтын əдіс, оны қолдану арқылы
композитор белгілі бір кішкене ғана бір-екі немесе бірнеше
тактіден тұратын музыкалық ұялар жазып, оларды шығарманың
əр жеріне орналастырады да, олардың арасында пайда болған
“ақтаңдақтар” орындаушылардың өздеріне “ойлап табуына”
беріледі. Алеаторияны ойлап шығарғандар мұны суырыпсалма
əдіс деп атайды (хабарлайды). Алайда нағыз суырыпсалмалық
қашанда творчестволық бағыттылықты, көркемдік ниеттілікті
жете түсінуді қажететеді.
Алеаторика – кейде тіпті мүлде күтпеген əдістер мен олардың
түрлі қиыстыруларының арқасында алынған кездейсоқ дыбыс
үндестіктеріне негізделген. Оны пайдалануда қандай да болма-
сын ауыстырулар, тіпті, өзгертулер мен белгілі бір композициялық
негіздерді, сондай-ақ бүтін бөлімдерді қалдырып кету де
рұқсат етіледі. Музыкалық материалдарды əбден былықтырып
сапырылыстырудың нəтижесі мен құрылымдық безендірілудің
болмауынан алеаторика əдетте какофонияға əкеледі (какофо-
ния – грек тілінде – көріксіз, мағынасыз дыбыс деген түсінікте).
Бұл ағымның негізін қалаушылар композиторлар П. Булез бен
К. Штокхаузен.
Авангардизмнің қандай түрін болмасын дəйекті түрде жүзеге
асыру, музыканың мазмұндылығы мен маңызын жоюға, оның
сезімталдық əсерін төмендетуге, кейде тіпті оның мəнерлілігін
(айқындылығын) толық жоюға əкеледі.
Алайда, қазіргі заманғы музыка тəжірибесі атоналдық тəсілді,
алеаторика мен басқалардың да белгілі бір тəсілдік əдістерін
кездейсоқ қыстырма түрде пайдалану – кейбір жағдайларда
қандай да бір күшті əсер (эффект) мен шығарманың түпкі ойымен
алдын ала ескерілген белгілі бір мақсатқа жетуге мүмкіндік беріп
көмектесетіні даусыз.
121
VІІ т а р а у
АККОРДТАР. ҮНДЕСТІК. АККОРД.
АККОРДТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Дыбыстардың көптеген біріккен тіркестері үндестік құрай-
ды. Алайда үндестік музыкада негізінен полифониялық жəне
гомофондық-гармониялық болып екіге бөлінеді. Үндестіктің
полифониялық түріне екі немесе одан да көпəуендік жолдардың
үндескен құрамын жатқызуға болады. Мұндай үйлескен үндесу-
лер көп дауысты (полифониялық)болып қалыптасқан жүйеге
жатады:
Гомофониялық үндестікті “негізгі дауыс жəне оны сүйе-
мелдеуші” деген мағынада түсіну керек. Гомофония Ертедегі
Грецияда пайда болып, содан күні бүгінге дейін қолданылып
келеді. Көптеген елдердің музыкалық мəдениетінде кездеседі.
Мысалы, қазақтың домбыраның сүйемелдеуімен əн салуын
гомофонияға жатқызуға болады. Көп дауыстылықтың бұл түрі
негізінде полифониядан осындай қасиетімен өзгешеленеді. Ал
полифонияда жоғарыдағы мысалдан көріп отырғанымыздай,
негізінен дауыстардың бəрі бірдей тең дəрежеде болып
келеді. Полифонияның негізі – екі дауыстылық болып кел-
се, гомофонияның негізі – үш дыбыстылық (үш дыбыс) болып
келеді. Гомофонияда тұтасқан дауыстар дербес бөлінбейтін тік
(вертикалдық) жинақ құрайды. Осы тік орналасып жинақталған
үндестік музыкада аккорд деген атқа ие болады (латын-
ша “ассоrdae” – үйлестіремін деген мағынада). Осыдан келіп
гомофондық-гармониялық үндестік шығады.
Сонымен, аккорд дегеніміз – үш немесе одан да көп дыбыс-
тардан тұратын, тігінен орналасқан біртұтас жүйелі үндестік.
9–937
122
Олар терциялар бойымен орналасқан (кварталық үйлесімдегі ак-
кордтар жəне басқа да үйлесімдер кездеседі).
Терциялық бойымен орналасқан аккордтардың құрылымдық
тұрақтылығы мен қайталанғыштығы қисынды теориялық құры-
лымын жəне түрін шығаруға мүмкіндік береді. Олардың му-
зыка тəжірибесінде ең жиі қолданылатындары үшдыбыстар
(трезвучие), септаккордтар жəне нонаккордтар. Əр дыбыстар,
яғни терциялық аккорд құрайтын үндестіктері бір-біріне қатыс-
ты орын ауыстыру кезінде еш өзгермейтін өзінің атауын сақтай-
ды. Аккордтың теориялық құрылымынан бастау алатын тон
оның негізгі тоны болып табылады. Негізгі тоннан құрылатын
терция интервалына қатысты құрам біріктіретін тон – терция
не ме се аккордтың терциялық тоны деп аталады. Негізгі тоннан
құрылатын квинта интервалына қатысты құрам біріктіретін тон –
кви нталық тон немесе квинта; септима интервалы – септималық
тон немесе септима; нона интервалы – ноналық тон немесе нона
деп аталады. Бұл тондар əдетте интервал көлеміне үйлесімді ке-
ле тін араб цифрларымен беріледі:
негізгі тон –1 (прима);
терциялық тон –3 (терция);
квинталық тон –5 (квинта);
септималық тон –7 (септима);
ноналық тон –9 (нона) жəне тағы басқалар.
Мысалы:
Шеткі дыбыстар аралығы квинта интервалы болып екі тер-
циядан құралған аккорд үш дыбыстық (трезвучие) деп аталады.
Шеткі дыбыстар аралығы септима интервалы болып, үш терция-
дан құралса – септаккорд деп аталады. Шеткі дыбыстар аралығы
нона интервалы болып, төрт терциядан құралса – нонаккорд деп
аталады:
Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |