Теодолит келесі негізгі бөліктерден тұрады: горизонталь және вертикаль дөңгелектерден, дүрбі, өлшем құрылғысынан және тіреуіштен тұрады. 29. Оптикалық теодолитті түсіріс жұмыстарына дайындау.
Суретке түсіру теодолит жүрісінің нүктелері мен сызықтарынан басталады. Суретке түсірудегі мақсат – теодолит жүрісіндегі нүктелер мен сызықтарға орай салыстырыла отырып, контурдағ характерлік нүктелердің алған орнын анықтау. Оларды абрис деп аталатын қолдан жасалған арнайы журналға түсіріп отыру керек. Теодолиттік суретке түсірерде қоданылатын тәсілдер: · перпендикуляр тәсіл; · бұрышты белгілеу тәсілі; · сызықты белгілеу тәсілі; · полярлық әдіс. Теодолиттік түсіріс дайындық: · далалық · ғылыми өңдеу жұмыстарынан тұрады. Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын кескіндеудің қажетті дәлдігіне сүйеніп, түсірістің масштабын таңдайды да, қолдағы бар картографиялық материалдарды мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пунктері болса, онда олардың орналасқан жерінің координаталарын жазып алады. Далалық жұмыстардың құрамына мынадай жұмыстар кіреді: 1. жергілікті жерді рекогносцировкалау және пунктерді бекіту; 2. түсірістің пландық негіздеуін жасаған кезде бұрыштарды және сызықтардың ұзындығын өлшеу; 3. жергілікті жердің контурын түсіру; 4. түсіріс негіздеуінің пунктерін мемлекеттік немесе жергілікті жүйе пунктеріне байланыстыру. Рекогносцировка кезінде геодезиялық тірек жүйесінің пунктері ізделініп табылады және жүргізілетін теодолиттік жүрістердің неғұрлым қолайлы орындары белгіленеді. Теодолиттік жүрістер тұйықталған, тұйықталмаған және бір жағы байланыстырылған болуы мүмкін. Тұйықталған теодолиттік жүріс, әдетте, геодезиялық негіздеудің пунктіне байланысқан тұйық көпбұрыш түрінде болады. Тұйықталмаған жүрістер басы мен аяғында геодезиялық негіздеудің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс. Бір шеті геодезиялық негіздеудің пунктіне байланыстырылып, ал екінші шеті еркін қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс деп аталады. 30. Жергілікті жерде теодолиттік жүрістерді жасау.